Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Қысым" (қорытындылау сабағы)

27 қараша 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Физика
Класс: 7
Сабақтың тақырыбы: «Қысым» тарауы бойынша қайталау.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Физикалық ұғымдардың мазмұны мен маңызын еске түсіре отырып, теориялық сұрақтарға жауап беруде, эксперименттік тапсырмаларды орындауда, есеп шығаруда қолдана алуға баулу.
тәрбиелік: Оқушыларды физиканың практикалық маңызын, күнделікті өмірде кездесетін қарапайым физикалық құбылыстарды түсіндіре алуға баулу, физикадан есеп шығару қабілеттерін арттыру.
дамытушылық: Оқушының логикалық ойлау қабілетін, физикалық ұғымдарды есте сақтау қабілетін арттыруына ықпал ету.
Сабақтың типі: Білімді тиянақтау.
Көрнекілігі: Дауыс беру пульті, эксперименттік тапсырма материалдары, тест карточкалары, ЗЗ программасында жасалған слайд, программасында жасалған флипчарт, әр түрлі физикалық әдебиеттерден, журналдардан, интернет желісінен алынған суреттер мен иллюстрациялар, тапсырмалар жауабы жазылатын А4 форматында ақ парақтар.
Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі – 1 мин
2. Топтық жұмыс - 30 мин
3. Үй тапсырмасын ұсыну – 10 мин
4. Үйге тапсырма беру - 1 мин
5. Бағалау - 3 мин

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім әрекеті: Оқушыларға сабақтың тақырыбы, жоспары, мақсаты мен міндеттерін хабарлайды:
* Күні;
* Тақырыбы;
* Жұмыстың түрі – топтық (класс алдын - ала 5 топқа бөлінген, әр топтың тарау бойынша атауы болуы керек);
* Жұмыстың нәтижесі арнайы бағалау кестесінде топ бойынша бағаланады (топ мүшелерінің белсенділігін топтағы оқушылар анықтайды, мұғалім өз пікірін қосады);

Оқушы әрекеті:
1. Дәптерге дата мен сабақтың тақырыбын жазу.
2. Теориялық материалдарды еске түсіру;
1. Есеп шығаруға қажетті шамалар мен формулаларды еске түсіру.
2. Үй тапсырмасын дайындау

ІІ. Топтық жұмыс
Мұғалім әрекеті:
І. «Миға шабуыл».
Тест тапсырмасын орындау - 10 мин
* Тест жауаптары дауыс беру пультімен қабылданады
ІІ. «Зертханада». Эксперименттік тапсырмалар орындау. – 10 мин
* Әр топқа жекелеген эксперименттік тапсырма беріледі. Топ мүшелері тапсырманы орнында орындап, қорытынды шығаруы керек.

Оқушы әрекеті:
* Эксперименттік тапсырмамен танысу.
• Тапсырманы орындау – 1 мин
• Түсіндіру - 1 мин

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 283
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сақталу заңдары
Сақталу заңдары
Сақталу заңдары және онда қолданылатын физикалық шамалар формуласын есеп шығаруда үйренеді.
Практикалық жұмыс. Күш тақырыбына сапалық мәтінді есептер шығару
Практикалық жұмыс. Күш тақырыбына сапалық мәтінді есептер шығару
Күштердің табиғаттағы күнделікті өмірде маңызын және бір бағытқа бағытталған күштерді ерекшелеу
Физикадан есептер шығару
Физикадан есептер шығару
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, «Благодарное орта мектебі» КММ физика пәні мұғалімі Баелова Салтанат Адыкановна
«Толық тізбекке арналған Ом заңы. Аралас тізбектерді шешу» тақырыптарына есептер шешу
«Толық тізбекке арналған Ом заңы. Аралас тізбектерді шешу» тақырыптарына есептер шешу
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы "Қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы" КММ Физика, информатика пәндері жоғары санатты мұғалімі Кунусова Меруерт Орынгалиевна
Физика есептерінің түрлері және шығарылу тәсілдері
Физика есептерінің түрлері және шығарылу тәсілдері
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №5 орта мектебінің физика пәні мұғалімі Бегимбаева Жумагуль Купжасаровна
Жылу берілу мен заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі бойынша қайталау
Жылу берілу мен заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі бойынша қайталау
Жылу құбылыстары, Заттың агрегаттық күйлері тараулары бойынша алған білімдерін анықтау. Теориялық білімді практикада және есеп шығаруда қолдана алу дағдыларын арттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×