Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отынның меншікті жану жылуы. Отын жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшері

02 ақпан 2014, Жексенбі
Категориясы: Физика
Мақсаты: Жаңа материалды оқып білу және қорыту, көлемді ақпараттармен жұмыс істеу дағдысын дамыту, проблеманы анықтауды және оларды шешу жолдарын белгілеуді үйрету. Отын толық жанғанда бөліп шығаратын жылу мөлшерін есептеуді үйрету, танымдық іс - әрекет саласында білігін және сыни ойлау қабілетін қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер: Отын толық жанғанда бөліп шығаратын жылу мөлшерін есептеуді үйренеді, Оқушылардың топтық жұмыста белсенділігі артады, шығармашылық қабілетін және өзіндік жеке жұмысты дамыту, сұрақтар қоюға үйренеді.

Керекті құрал - жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютер, термометр, есептер жинағы, бейнеролик, фольга қағазы, бензин және спирт тамшысы, мақта.

Сабақ барысы:
Кіріспе
Мұғалім әрекеті
Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру: оқушылармен амандасу, түгендеу, топтастыру.
Оқушыларды түстер (қызыл, сары, жасыл) арқылы үш топқа бөлу, топ басшысын сайлау, топ басшысы топтағы оқушыларды бағалауды түсіндіру, сабақ жоспарымен таныстыру.
Оқушы әрекеті:
Мұғаліммен амандасады, кезекші жоқ оқушыларды айтады, топқа бөлінеді, топ басшысын сайлайды, оқу құралдарын дайындайды. Сабақ жоспарымен танысады, топтағы оқушыларды істеген іс әрекеті бойынша әділ бағалайды.

Тұсаукесер
Үй тапсырмасын тексеру:
Мұғалім әрекеті:
Физикалық диктант. Слайд.
1. ……………. дегеніміз – сұйықтың немесе газдың ағысы арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасу процесі.
2. …………….. денелерде және ……………. конвекция болмайды.
3. Табиғи және еркін ……………….. болады.
4. Ішкі энергияның дененің көбірек қыздырылған бөлігінен дененің басқа азырақ қыздырылған бөлігінен дененің басқа азырақ қыздырылған бөлігіне тікелей немесе аралық денелер арқылы берілу құбылысы …………………….. деп аталады.
5. Қай ортада жылу өткізгіштік болмайды?
Барлығы орындап болған соң, дұрыс жауаптарын тақтада көрсетемін.

Оқушы әрекеті:
Сұраққа топ болып жауап береді. Өткен тақырып бойынша естеріне түсіреді, жауаптарын дәптерлеріне жазады.
Топ басшылары жауаптарын берілген дұрыс жауаппен тексеріді.

Негізгі бөлім
Мұғалім әрекеті:
Жаңа сабаққа кіріспес бұрын «Отын түрлері» видеоролигін көрсету. Осы видеороликті көргеннен соң, мынадай проблемалық сұрақтар қоямын:
1. Видеороликтен не көрдіңіздер?
2. Осы видеороликтен көргеніңізді жалпы бір атаумен не деп аталады?

Берілген сұрақ төңірегінде топпен талқылауға тапсырма беремін. Оқушылардың жауаптарын алған соң, түрткі сұрақтары, қайта бағыттау, жоғары - төмен деңгейлі сұрақтарды қоямын. Сосын бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. Бүгін сабақта отынның түрлерімен танысамыз. Қандай отын түрлерін білесіңдер? Енді осы отындардың жану процесімен танысайық. Жану кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі жылу алмасу және жұмыс атқару арқылы емес, отынмен байланысты болатын жылу химиялық құбылыстар есебінен жүреді. Мұнда жану өнімі молекулаларының қозғалыс энергиясы мен температурасы отын молекулаларының қозғалыс энергиясы мен температурасына қарағанда көбірек болады.
Қарапайым отын – көмір, мұнай, бензин және т. б. құрамында көміртек бар. Жану кезінде бір көміртек атомы ауадағы оттектің екі атомымен қосылып, көмірқышқыл газының бір молекуласын құрайды. Нәтижесінде өте мол энергия бөлінеді.
Оқушы әрекеті:
Осы сұрақ бойынша оқушылар өз ойларын айтады, бір - бірінің жауаптарын толықтырады.
Топ ішінде өзара талқылап, топ басшылары өз сөздерімен білгендерінше жауап береді.
Мұғалім әрекеті:
1 тапсырма: Эксперимент жасау. Слайд.
Барысы:
1. 2 – дана қатты қағаздың бетіне фольганы орналастыру.
2. Фольганың бетіне мақтаны орналастыру.
3. Екі мақтаның бетіне тамызғышпен біріне – спирт, ал біріне – бензин тамызу. Бір мезгілде сіріңкемен жағу.
4. спирт пен бензин толық жанып болғаннан кейін, фольганы ұстап көру.
Қорытынды жасау үшін қойылатын сұрақтар (слайд):
1) Фольга қағазы қалай қызды?
2) Қай отын түрі толық жанғанда көп энергияны шығарды?
Оқушы әрекеті:
Тапсырманы топпен орындайды, құбылысты бақылайды, зерттейді, қорытынды шығарады. Бір - бірінің жауаптарын толықтырады.
Мұғалім әрекеті:
2 тапсырма: «Отынның меншікті жану жылуы» жаңа тақырыпты топтастыру, қорғау.
Массасы 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін физикалық шаманы отынның меншікті жану жылуы деп атайды.
q – отынның меншікті жану жылуы. Өлшем бірлігі 1 Дж/кг.
Кез келген массасы m отын толық жанғанда бөлінетін Q жылу мөлшерін есептеу үшін q меншікті жану жылуын жанған отынның массасына көбейту керек.
Оқушы әрекеті:
Жаңа тақырыптар бойынша өздерінің постерлерін әр топ ортаға шығып қорғайды.
Мұғалім әрекеті:
3 тапсырма: Есептер шығару.
1. Массасы 20 кг құрғақ ағаш толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшері: (Құрғақ ағаштың меншікті жану жылуы
1, 0•107 Дж/кг).
2. Жылуы 2, 3*10Дж энергия алу үшін қанша бензин жағу керек?
3. 2 кг бензин мен 3 кг керосинді араластырады. Осы қоспа толық жанғанда қанша жылу мөлшерін шығарады?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
26 661
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы. Механикалық және жылу процестеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы
Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы. Механикалық және жылу процестеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы
Отын жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерінің, отынның меншікті жану жылуының физикалық мағынасын түсінуі, формуласын қолданып есептер шығара алуы.
Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы
Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Исабекова Бибинур
Бақылау жұмысы " Ішкі энергия"
Бақылау жұмысы " Ішкі энергия"
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы Физика пәні мұғалімі Елеусізова Қанифа Айтқазықызы
Физика тест 8-9 сынып
Физика тест 8-9 сынып
Алматы облысы, Балхаш ауданы, Береке орта мектебінің физика пәні мұғалімі Нұрханова Ләззат Сүйеубайқызы
Термодинамиканың І заңын изопроцестерге қолдану
Термодинамиканың І заңын изопроцестерге қолдану
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №5 ЖББО мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Акашаева Ләззат Садыққызы
Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі тарауын қорытындылау.
Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі тарауын қорытындылау.
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Б. Момышұлы ауылы Г. Орджоникидзе атындағы №1 мектеп – гимназияның физика пәні мұғалімі Тулеушова Асел Бақытжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×