Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жылу құбылыстары тарауы бойынша қайталау – қорытынды сабағы

03 ақпан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Физика
8 сынып

Сабақтың тақырыбы:
Жылу құбылыстары тарауы бойынша қайталау – қорытынды сабағы.
Мақсаты:
Оқушылардың тараудан алған білімін жүйелеу, қайталау, бекіту. Оқушының әр қарастырылатын құбылыс пен физикалық заңдар, формулалар байланысын ашып, таба білу дағдысын жетілдіру. Қоршаған ортамен байланысты түрлі құбылыстардың мәнін ашуда оқушылардың ой - қиялын дамыту және пәнге қызығушылығын дамыту.
Күтілетін нәтиже:
- Оқушылардың сабаққа ынтасын ояту.
- Жылу құбылыстар тарауын қорытындылап, негізгі формулаларды пайдаланып есептер шығара алуы.
- Анықтамаларды анықтай алады, дәлелдерін келтіру, берілген тапсырмаларды орындап және қорғауын қалыптастыру.
Қолданылатын құрал - жабдықтар:
Интерактивті тақта, компьютер, табиғат туралы бейнеролик, кеспе қағаздар, су, стақан, мұз кесегі, жіп, тұз, түрлі түсті маркерлер.
Қолданылған модульдер:
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Білім беруде АКТ – ны пайдалану.
Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
Сабақ барысы:
Мұғалім әрекеті:
Ұйымдастыру кезеңі
1. Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру:
оқушылармен амандасу, түгендеу.
Мінекей бізде тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны бізде қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз
Ғылымдардың ғылымы
Физика жайында
Сабағымызды бастаймыз.
Жүректен - жүрекке арқылы оқушылар бір – біріне жылы лебіздер білдіреді.
2. Оқушыларды өлең жолдар (өлең жолдарында физикалық құбылыстарды тауып, түсіндіру) арқылы 3 топқа бөлу және топ басшыны тағайындау, топ ережесін еске түсіру.
3. Сабаққа кіріспес бұрын табиғаттағы құбылыстар туралы бейнероликті көрсету. Содан кейін мынадай проблемалық сұрақ қоямын.
1. Бейнероликтен не көрдіңіз?
2. Табиғат құбылыстарындағы өзгерістерді атаңыз.
3. Табиғат құбылыстарындағы өзгерістің пайда болуы қандай физикалық шаманың әсері бар деп ойлайсыңдар?
Оқушылардың жауаптары арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтап алу, назарларына бүгінгі сабақтың тақырыбымен, жоспарымен таныстыру, бағалау туралы түсінік беру.

Оқушы әрекеті:
Мұғаліммен амандасады, кезекші жоқ оқушыларды айтады, оқушылар бір – біріне бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. Өлең жолдары арқылы 3 топқа бөлінеді, топтың ішінен топ басшы сайлайды, топ ережелерін еске түсіреді, оқу құралдарын дайындайды.

Білу
Мұғалім әрекеті:
Физика мақал – мәтелдерде.
1. Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады.
(Отты үрлеген кезде, отқа жаңадан таза ауа келеді де оттың жақсы жануына себепші болады).
2. Түндіксіз үйден түтін түзу шықпайды.
(Қыста үйге от жаққанда пеш, самауыр жақсы жануы үшін түндікті ашып, салқын ауаның кіріп, ластанған жылы ауаны сыртқа айдатқан. Конвекция құбылысы салқын ауа ауыр болғандықтан төмен түседі де, қызған жеңіл ауаны жоғары айдайды, яғни түтін түзу шықпайды).
3. Нан піскенше күлше күйеді.
(Неғұрлым қыздырылған дененің массасы аз болса, соғұрлым оған аз жылу беру керек).
4. Тонның жылуы терісінен емес – жүнінен.
(Жүннің арасында ауа бар. Ауаның жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан тон адамның қызуын сыртқа, ал сыртқы суықты адам денесіне тигізбейді).

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 182
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Атом ядросының физикасы тарауын қайталау
Атом ядросының физикасы тарауын қайталау
Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту теориялық білімін практикамен ұштастыру
Кинематика негіздерін қайталау. Есептер шығару
Кинематика негіздерін қайталау. Есептер шығару
Кинематика негіздері тарауын қайталау арқылы, 9 сынып оқушыларының алған білімдерін, икемділіктерін тексеру, пәнге қызығушылығын, ынтасын арттыру.
Жылу құбылыстары тарауын қайталау
Жылу құбылыстары тарауын қайталау
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Қожекеева Нағима Мауфақызы
«Жылу құбылыстары» тарауын қайталау
«Жылу құбылыстары» тарауын қайталау
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, №2 Преснов орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Осипова Ақбаян Айдархановна
Температура және оны өлшеу тәсілдері
Температура және оны өлшеу тәсілдері
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Кинорежиссер аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебінің физика пәні мұғалімі Мустафина Балжан Әбдімәлікқызы
Жылу берілу мен заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі бойынша қайталау
Жылу берілу мен заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі бойынша қайталау
Жылу құбылыстары, Заттың агрегаттық күйлері тараулары бойынша алған білімдерін анықтау. Теориялық білімді практикада және есеп шығаруда қолдана алу дағдыларын арттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×