Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Агрессия керек пе?

14 ақпан 2023, Сейсенбі
Категориясы: Психология
Тақырыбы: Агрессия керек пе?
Мақсаттары: оқушыларға агрессивті мінез - құлық туралы түсінік беру. Агрессия мен ашудан арылу қолайлы тәсілдерін өндіру, агрессивті мінез - құлыққа теріс көз – қарас қалыптастыру.
Құралдар: мәтін «Жылан туралы аңыз», релаксациялы музыка
Сабақ барысы.
Үй тапсырмасын талқылау.
Психолог қатысушыларға сұрақ қояды: Басқалары сіздерді қалай тыңдайтынын және өздеріңіз басқаларды қалай тыңдайтындарыңызды бақыладыңыздар ма?
Сосын агрессияның не екенін және ол қашан көрінетінін естеріне түсіруге ұсыныс беріледі.

Тақырып бойынша жұмыс.
Психолог. Ойланыңыздар, адамға өмірде агрессия керек пе? Талқылау барысында адамның өмірінде эмоцияның маңыздылығын еске түсірген дұрыс.
Психолог. Ал енді«Жылан туралы аңыз» тыңдайық.
«Ертеде өте улы жылан тұрыпты, уынан қорқып оған ешкім жақындамаған. Сондықтан ол жападан - жалғыз өмір сүріпті. Бір күні жалғыздықтан жалығып жылан өзінің уын терең орға лақтырып жіберген. Оны көрген бүркіт басқа аңдарға айтыпты. Аңдар енді қорықпайтын болғасын жыланды тастармен лақтырып өлтірген.»
Психолог. Осы аңыздан қандай қорытынды жасауға болады? Қандай жағдайларда адамға агрессия керек?

Қорытындылау: агрессия өзін - өзі қорғауға керек
Кейде агрессия адамға өзінің намысын және қастық жасаған жаудың алдында басқалардың намысын қорғауға көмек көрсетеді.
Оқушылар дәптерге жазады:
Конструктивті агрессия өзін - өзі және басқаларды қорғауға, бостандық және тәуелсіздік құруға бағытталған.
Деструктивті агрессия – ол басқыншылық, қатаңдық, қастық, жеккөрушілік. Басқаларды кеміту арқылы өзін - өзі жоғарлату.
Психолог. Ал сіздердің агрессияларыңыз көбінесе қай түрінде көрінеді? Қалай сіздер оны қолға аласыздар?

«Көрме» жаттығуы
Психолог. Жайлы, емін - еркін отырып көздеріңізді жұмып, 3 - 4 рет тереңдетіп дем алыңыздар. Енді үлкен көрмеде жүргендеріңізді елестетіңіздер. Көрмеде сіздерді ренжіткен, ызаландырған, сіздерге әділетсіздік көрсеткен адамдардың фотосуреттерін көресіздер. Соның ішінен сіздерді ренжіткен бір адамның фотосын таңдап сол ренжіген жағдайды естеріңе түсіріңіздер. Сол кездегі сезімдеріңізді еске алып сіздерді ренжіткен адамға барлық ойыңыздағыны айтып салғаныңызды елестетіңіздер.
Жаттығудан кейін пікір алмасу: Қандай жағдайды елестете алдыңыз? Өзіңіздің түйсіктеріңізді елестету қиын болды ма? Жаттығу барысында түйсіктеріңіз өзгерді ме?

Сабақ талдау.
Психологтың сұрақтары: Ашуды басу әдістерінің қайсы сіздерге қолайлы? Агрессияны жою үшін үйрену керек пе? Агрессивті қүйді жою әдістерімен қолдану мүмкіншіліктеріңізді бағалай аласыздар ма?

Үй тапсырмасы.
Психолог. Қатты ызаланған кезде күлкілі сөздермен ұрысып көріңіздер, мысалы: «Тих - тиби дух» сонда ызаның басылғанын сезесіздер.

Павлодар қаласы,
Қ. Бекқожин атындағы № 12 жалпы орта білім беру мектебінің
психологі Мукушева Бақыт Қомаркенқызы
11 561
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қарлығаш пен дәуіт
Қарлығаш пен дәуіт
Қарлығаш жардың қуысына ұя салып, балапан шығарыпты. Анасы азық әкелуге кеткенде, балапандары шыдамсыздана күтумен болады екен.
Сенімді мінез
Сенімді мінез
Павлодар қаласы, Қ. Бекқожин атындағы № 12 жалпы орта білім беру мектебінің психологы Мукушева Бақыт Қомаркенқызы
Агрессияға жоқ, деп айтайық!
Агрессияға жоқ, деп айтайық!
Мақсаты: Оқушылардың агрессивті күйін қауіпсіздендіру; Баланың бойындағы агрессивті мінездің ғылыми тұжырымдамасымен танысу, түрлерін талқылау;
Девинатты мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері
Девинатты мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері
Девиантты мінез - құлықтың психологиялық ерекшеліктері
Жағымсыз эмоция және мінез-құлық
Жағымсыз эмоция және мінез-құлық
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы ГКС - 12 орта мектебінің педагог - психологы Иманғалиева Гүлжан Орынбасарқызы
ҰБТ-дағы мінез - құлық (тренинг)
ҰБТ-дағы мінез - құлық (тренинг)
ОҚО, Түлкібас ауданы, Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектептің педагог-психолог және бастауыш сынып мұғалімі: Еркебаева Гүльнара
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×