Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқушының қажеттілігін қалыптастырудағы мектептің әсері

20 қаңтар 2015, Сейсенбі
Категориясы: Психология
«Оқушының қажеттілігін қалыптастырудағы мектептің әсері»

Кіріспе
Оқушылардың өздіктерімен жұмыс жасау проблемасы барлық ұстаздардың тәжірибесінен өткен. География сабақтарында картаға байланысты тақырыптардың қарапайым өтілуі оқушы бойында терең және тұрақты білім қалыптастыра алмайды, себебі әрбір оқушы оны кеңістікте елестете бермейді. Сондықтан кескін картамен, я басқа тақырыптық карталармен болсын оқушылардың білімдерін, дағдыларын жаттықтыратын әдістер қолданылуы тиімді.
Өкінішке орай жоғарғы сыныптарға барғанда «Сызу» сабағының қысқартылғандығы, АКТ – ның белсене қолданылу қажеттілігі туындағаны өз әсерін тигізеді. Себебі ол норма. Сондықтан онымен қызықтырып әкету қиынырақ. Бірақ жағымды жағы да бар – «Физикалық география» курсына 2 сағат берілгені.
Осындай қиындықтар туындаған сәтте әрбір ұстаз өз жағынан балаларды еліктіріп әкететін әдісін іздейді. Өз тарапымнан алатын болсам – ол пластилинмен жұмыс істеу.
Пластилинмен жұмыс жасау – балалардың қызыға жұмыс істеу әрекеті. Олар саусақ икемдік машықтарын қолдана отырып, кез келген бейненің формасын, түстерін келтіру, сәйкестендіру, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамытады. Сонымен қатар бұндай жұмыс олардың бақылау, фантазиялық кеңістіктерін дамытады. Кезінде А. С. Макаренко: «Адамның тіршілік әрекетіне ең жақын, қажетті саз, ағаш, қағаз және т. б. материалдар, себебі олардан біз өзімізге қажетті құндылығымыз бен мәдениетімізді жасаймыз... оларда шексіз шығармашылық фантазиялар жатыр», - деп жазған [1, 7 б].
Пластилинмен жұмыс жасағанда бала тек қана бір объектіні қарастырмайды, сонымен қатар сезінеді. Жұмыс барысында не ғұрлым сезім мүшелері белсенді қызмет атқарса, кез келген ақпаратты бейнелей отырып қабылдауы белсендірек болады. Нәтижесінде әрбір оқушы өзіндік көзқарасын, ойын, ұстанымын көрсете алады.
Пластилинмен жұмыс істеу оңайырақ та, себебі ол қатпайды, нысана нәтижелі шықпай қалса, қайта бұзып, жасауға болады.
Менің осылай оқушылармен жұмыс жасауымның мақсаты – география сабақтарында оқушылардың белсенділік, танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру болды. Міндеттер:
практикалық және өздік жұмыстарын орындау барысында оқушылардың білім сапасын арттыру;
практикалық және өздік жұмыстарын орындау барысында оқушылардың шығармашылықтарын дамыту;
орта буындағы оқушыларда «География» пәніне деген қызығушылықты дамыту.

1. Негізгі бөлім.
1. 1. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жұмыстарының оқыту тәсілдері.
Әдістемелік тәсіл ретінде – мүсіндеуге: Мария Монтессори, Василий Александрович Сухомлинский, Антон Семенович Макаренко, психолог – Натан Семенович Лейтес сияқты атақты педагогтар көп көңіл қойып, қолданған («Умственные способности и возраст», М., 1971).
Біріншіден бұл оқыту тәсілі – кіріктірілген оқыту технологиясының «кірпіші» болып саналады.
Екіншіден – денсаулықты сақтай отырып оқыту технологиясына да жатады.
Үшіншіден – жобалық проектіге де жатқызуға болады. Себебі, оқушы өзінің еңбегінің нәтижесінде белгілі бір продукт шығарады, ол рельефі, климаттық т. с. с. карталар болуы мүмкін.
Онымен жұмыс істеу үшін ең алдымен оның шығу тарихы жөнінде мағлұматты болғанымыз жақсы. Оны ең алғаш ойлап тапқан – Вильям Харбут, Англиялық исскуство мектебінің оқытушысы.
1900 жылы пластилин Москвада шығарыла бастады. Ол тазартылған саздан, восктан, майлардан, бояғыш және кептіруден сақтайтын басқа заттардың құрамынан тұрады. Ол жеңіл, әр түрлі түстерден тұрады және бірнеше рет қолдануға болады.
Қазіргі таңда дүкендерден тек қана түстеріне ғана байланысты емес, сол сияқты қасиеттеріне де қарай таңдауы кең. Мысалы, Германияда шығаратын формопласт. Оның бір қасиеті – жасалған мүсінді қайнап тұрған суға салса гипс тәрізді қатып қалады, бірақ ол екінші рет қолдануға келмейді. «Крайола» деген сорт өте ашық түстерде кездеседі, магнитше тартылатындай қасиеті бар.

Пластилинмен жұмыс істеу түрлері:
1) Ауқымды:
- конструкциялық, әр түрлі деталдарды қосу арқылы;
- пластикалық, мысалы, әріптер, геометриялық фигуралар т. с. с. жасауға.
2) Жазықты:
1. Сурет салу. Салынған суретке пластилиндердің түсін таңдай отырып жағу. Ең бірінші түп негізі дайындалады.
2. Аппликация. Бірінші пластилиннен жалпы фон дайындалады, содан соң басқа түстерден жасалынған бейнелер соған жапсырылады.
3. Барельеф.
4. Рисунок стекой по пластилину.
5. рисунок жгутиками или шариками по пластилину. Накладываются на фон, похожа на мозаику.
Осындай тәсілді қолданудың барысында оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына бірден - бір әсері тиеді. Іс - әрекеттері барысында ол өзін ересек ретінде сезінеді, ынталандырады. Жұппен жасағанда өзара көмекті қажетсінгендіктен бір - бірін түсініп тәрбиеленеді. Жалпы жұмыс барысында оқушыларда эстетикалық, талғамдық қасиеттер тәрбиеленеді. Бұндай қасиеттердің барлығы олар болашақта қандай сферада қызмет, жұмыс атқарса да өте құнды болады.
Психологтардың көзқарасымен баланың қолының қозғалысы, икемі – оның физикалық және жүйкелік - психологиялық көрсеткіші болып саналады. Олардың қолдарының қозғалыстары неғұрлым белсенді болса соғұрлым жүйке жүйелерінің жұмыс деңгейлерінің жоғары екендігін көрсетеді. Қол тікелей мимен байланысты, ең тамашасы олар қарама қайшы: оң қол - сол жақ ми жарты шарымен, сол қол – оң жақ ми жарты шарымен.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 083
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бастауыш сынып оқушыларының ана тілі сабақтарында шығармашылық қабілетін дамыту жолдары.
Бастауыш сынып оқушыларының ана тілі сабақтарында шығармашылық қабілетін дамыту жолдары.
Оқушылар бойындағы шығармашылық қабілеттерін анықтай отырып, бала бойындағы рухани адамгершілік құндылықтар арқылы түрлі іс - әрекетін қалыптастыру. Балалар бойындағы шығармашылық қабілеттің белгілерін анықтау жолдарын іздестіру, қиындықтар мен
Биофизика қолданбалы курс
Биофизика қолданбалы курс
Бұл курстың оқытылуы оқушылар бойында шығармашылық қабілеттерін, ізденімпаздығын дамытуға, қосымша әдебиеттермен дербес жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, қоршаған өмірдегі табиғат құбылыстарын түсіндіру үшін физикалық білімдерін пайдалануға
Африканың физикалық-географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы
Африканың физикалық-географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы
Африканың физикалық - географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы
Қазақ жерінің ерте кездегі географиялық зерттелуі
Қазақ жерінің ерте кездегі географиялық зерттелуі
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, "№3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені " КММ география пәні мұғалімі Кенжебаева Жанна Онгарбековна
География пәнінен ҰБТ - ге дайындау тәжірибемнен
География пәнінен ҰБТ - ге дайындау тәжірибемнен
Атырау облыс, Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы, Жаңашаруа қазақ орта мектебі география пәнінің мұғалімі Қабдол Гулшарида Аманғалиқызы
Қазіргі оқу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы үйірменің рөлі
Қазіргі оқу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы үйірменің рөлі
Қызылорда облысы Қазалы ауданы №24 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сансызбаева Алтынкул Мұхтарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×