Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазіргі оқу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы үйірменің рөлі

29 мам 2012, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Қазіргі оқу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы үйірменің рөлі

Жоспар
І. Кіріспе
Сыныптан тыс жұмыс түрлері.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қазіргі оқу үрдісіндегі жеке тұлғаны қалыптастырудағы
үйірменің рөлі.
2. Білімді ұстаз – оқушы мерейі.
ІІІ. Қорытынды
ІY. Пайдаланылған әдебиеттер.

Сыныптан тыс жұмыс түрлері.
Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігінің бірі -сыныптан тыс жұмыстар. Оның мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілеті мен дербестіктерін жан-жақты дамыту, бос уақыттарын ұтымды ұйымдастыруға, мұғалімдердің шығармашылық қызметін шыңдауға жол ашады. Мектептегі оқу үлгерім сапасы оқушылардың пәнге қалай қызыққанына тікелей байланысты.
Қазіргі оқу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы үйірменің рөлі.

Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың кең тараған түрі – үйірме жұмысы. Мұны ұйымдастыру жүргізу үстінде мұғалімің шығармашылық дербестігі айқын көрінеді.

Үйірме жұмысы алдымен кең тынысты шараларды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс, сонда ғана ол оқушылардың ынта – ықыласын толық қанағаттандыра алады.
Үйірме жұмысын негізінен теориялық және практикалық бағытта жүргізуге болады.

Үйірме жұмысын қамтуда оқушылардың ынта ықыласын ескеру маңызды мәселе. Мұғалім оқушылардың талаптар мен сұраныстарын қанағаттандыра отырып, үйірме мүшелерін ортақ іске жұмылдыруы тиіс. Үйірменің жетекшісі алынған тақырыбының үйретушілік және тәрбиелік маңызына ерекше мән бергені жөн. Жұмысты жүргізу әдістері көп жағдайда әр түрлі болады. Дегенмен үйірме сабақтарында проблемалық, эвристикалық әдістерді жиі пайдаланған дұрыс. Бұл оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, ізденгіштік дағдыларын тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Ойлау – баланың таным әрекеттерінің ең жоғарғы түрі. Ойлау арқылы оқушылар көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстардың арасындағы күрделі себептік байланыстарды, заңдылықтарды ұғады. Ойлау сөйлеу әрекеті арқылы жүзеге асады. Ойлау – белгілі міндетті, теориялық немесе практикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Баланың ойлау әрекеті өзінен – өзі қалыптаспайды. Олардың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізіп отыру қажет.
М. Жұмабаев: ойлау – жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап іс істеу керек – деген.

Ойлау үрдісі өзіне тән логикалық операциялардан тұрады.
Сонымен бірге оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін дамытуда үйірменің әсері мол.
Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шыңындағы өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері де әр түрлі болады. Дегенмен де әр баланың бір нәрсеге бейімі болады. Бейімділік оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Осы тұста үйірме жұмысы оған көп көмегін тигізері мол.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда мынадай әді – тәсілдерді қолдануға болады.
реті
Оқушыны шығармашылық қабілетін дамыту
1.Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау
2.Арнаулы бір тақырыпта пікірталас туғызу
3.Логикалық ойлауын дамытатын ойындар
(анаграмма, сөз жұмбақ, ребус) құрастыру
4.Берілген тапсырманы түрлендіру
(әңгіме мәтінін құру, өлең шығару, шығарма жазу)
5.Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, ат қою, бөліктерге бөлу
6.Қиялдау арқылы сурет салдыру, рөлге бөліп оқыту, диафильм құрастыру
7.Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру
8.Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамыту, мәтіндерді, ертегіні аяқтау

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.
Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаларға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамытады.
Осы орайда өз тәжірибемді ортаға салмақпын. Мен «математика әлемі» үйірмесін өткізіп келемін. Сабақ кезінде оқушыларды ынталандырып, қызықтырып отырған жөн.
Сөзжұмбақ
Ребус-------------------------------------------жұмбақтар

әзіл-есеп--------------------------------------өлең-есеп
логикалық есеп-----------------------------жаңылтпаш

Мысалы: «таңқаларлық цифрлар» тақырыбын өткен кезде бір сабаққа бірнеше түрлі тапсырмаларды келтірдім.

Реті
«Таңқаларлық цифрлар» тақырыбы
1
А) «Таңқаларлық цифрлар» ойыны
Б) «Кім қырағы» ойыны
2 Логикалық есептер
3 Математикалық жаңылтпаш
4 Викторина

Тақырыбы: Математикалық ертегі.
А) Математикалық ертегі
Ә) Логикалық есептер
Б) Фигураны қол көтермей сыз
В) «Тез есепте!» ойыны

Сонымен бірге «Мәнерлеп оқу»үйірмесін өткізу барысында ана тілінде таза сөйлеуге, оны терең меңгеруге баулуға, ой, сезім, тіл жылдамдықтарын дамытып бірліктерін нығайтуға, сөз өнеріне, шешендік пен тапқырлыққа, ана тілін сүюге, қадірлеуге тірбиелеу мақсатында мынадай сабақ түрлерін өткізіп отырдым.

реті
Тақырыбы: «Ана тілі – көркем тіл» мәнерлеп оқу
1
А) «Білеміз – білмейміз» /қазақ аңызы/
Б) Қобыланды батыр жыры
В) «Ұршық» әңгімесін мәнерлеп оқу
2
А) Әңгімені оқы. Оқиғаны өз бетіңше жалғастыр.
Б) Балалардың таласы немен аяқталды, оқиғаны жалғастыр. «Балалар мен мұғалім» әңгімесі.

Осындай тапсырмаларды бере отырып, оқушы шығармашылығын дамытып отырдым. Жаңашыл педагог И.П. Волков «егер баланың жеке қасиеттерін өте жас кезінен анықтап, дамытуға жағдай жасаса, талант қалыптастыру кез-келген мамандық дайындау сияқты қатардағы шара»-дейді. Шығармашылық процестің әр кезеңінде бала бойында әр түрлі сапалық қасиеттерді қалыптастыруда үйірме жұмысының әсері көп. Осының нәтижесінде оқушыларым жетістіктерге жетті.

Қорыта келе, жеке тұлғаны жан-жақты дамытуда үйірме жұмысын жүргізе отырып, өздігінен бақылау жүргізуге, қарапайым тәжірибе жасауға, эксперимент қою, текспен, сызбамен, суретпен, диаграммамен жұмыс істеу, модельдеу сияқты іскерлікке, дербестікке баулитын, ойына түрткі болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен іздене алатын, айналадағы дүниеге қарым қатынасқа түсетін оқушыны дайындау, әрбір мұғалімнің «жаңалық ашып» оның нәтижесінің қызығына бөлейтін, әдіс-тәсілдер мен мазмұндық ойындар, қызықты тапсырмаларды тұрақты жүргізіп отыруы міндетті.
Үйірме жұмысының оқушыға үйретері мол екендігін естен шығармауымыз керек.
12 199
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дарынды балалармен жұмыс жоспары
Дарынды балалармен жұмыс жоспары
Бұл білімді қоғамдық жағынан көрсетуді жүргізудің бір құралы. Ғылыми зерттеу дегеніміз - ғылым әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір нысан жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген нысандармен танысу.
Бастауыш сыныпта оқу – тәрбие үрдісі арқылы ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыру
Бастауыш сыныпта оқу – тәрбие үрдісі арқылы ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыру
Б. Нысанбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хамзина Нұргүл Жексенбайқызы
География пәнінен ҰБТ - ге дайындау тәжірибемнен
География пәнінен ҰБТ - ге дайындау тәжірибемнен
Атырау облыс, Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы, Жаңашаруа қазақ орта мектебі география пәнінің мұғалімі Қабдол Гулшарида Аманғалиқызы
Оқушы шығармашылығын дамытудың алғы шарттары және сыныптан тыс жұмыстар
Оқушы шығармашылығын дамытудың алғы шарттары және сыныптан тыс жұмыстар
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі: Шалқарбаева Алтынгүл
Бейінді оқыту-жеке тұлғаны дамыту құралы
Бейінді оқыту-жеке тұлғаны дамыту құралы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №170 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Әбдіхалықова Жайнагүл
З. Шүкіров шығармаларының оқытуда жеке тұлғаны қалыптастыру
З. Шүкіров шығармаларының оқытуда жеке тұлғаны қалыптастыру
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қамбарова Сағира Лаубайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×