Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен және менің есімім

31 қаңтар 2015, Сенбі
Категориясы: Психология
«Мен және менің есімім»

5 - 6 - сыныпқа арналған психологиялық тренинг - сабақ

Мақсаты:
●“Мен” бейнесінің жағымдылығын қалыптастыруға жағдай жасау;
● Қарым – қатынас түрлерін дамыту;
● Өзін - өзі тануды қалыптастыру;

Бүгін біз сіздермен өткізгелі отырған психология сабағында басқа сабақтағыдай жаңа білім аламыз. Ол білім өздерің туралы, бәріміз туралы.
Мен кіммін? Осы сұрақты адамдар жиі қойып келеді. Ал адамдарға оны білу не үшін қажет?
Сонымен, “Мен кіммін?” ең алғашқы жауап өзінен өзі туындайды (Мен адаммын). Ал, әрбір адамда онсыз өмір сүре алмайтын не бар? (Есім) Ендеше мен сендердің есімдеріңмен жақынырақ танысқым келеді.

«Өзін - өзі таныстыру» жаттығуы
Оқушылар шеңбер бойымен, бірін - бірі қолдарынан ұстап тұрып өзінің атын айтады да, оны кім қойды, оның шығу тарихын, өзінің атының қандай мағына беретінін айту. Атының бас әрпіне байланысты қандай жақсы қасиеттерді жатқызуға болады, соны айтады.

М е н:
 Мен – тек қол, аяқ немесе дене емеспін.
 Мен – бұл сендердің ойларың, сезімдерің, сөздерің, сендердің қылықтарың, сендердің бір - біріңе, басқаларға деген көзқарастарың

Менің есімім болашақта:

 Есімдеріңді болашақта қандай дәрежеде елестете аласыңдыр?
 Есімдеріңнің атауын неге бергілерің келеді?

«Менің жақсы қасиеттерім» жадынама бланкісі
Менің жақсы қасиеттерім -------
Менің қабілетім мен талантым --------
Менің жетістіктерім ---------

«Көз алдыңа елестет» жаттығуы
Өз есімдеріңді елестетіңдер. Ыңғайланып отырыңдар (аяқтарың еденде, қолдарың алдарыңда бос жатсын), бірнеше рет терең дем алып, сыртқа шығарамыз. Көзімізді жұмамыз. Мүмкін сендер оны жазу күйінде немесе сурет түрінде көретін шығарсыңдар. Ол қандай? Үлкен бе, әлде кіші ме? Оның түсі қандай? Нәзік пе, әлде айқын ба? Сенің есіміңді ұстап көрсе жұмсақ па, әлде қатты ма, жылы ма, әлде суық па? Мүмкін есімдеріңнің дыбысын естірсіңдер. Өз есімдеріңмен осы сәтте бірге болыңдар. Ал енді қайтамыз... Көзімізді ашамыз, денемізді жазамыз, тік отырамыз.

«Өрмекші торы» жаттығуы
Біз басқа да адамдар арасында өмір сүргендіктен, біз өзге адамның пікірімен де санасуымыз керек. Ол үшін өзіміз туралы басқалардың не ойлайтындығын білуіміз қажет. Бұл жаттығу бізге өзге адамның көзімен қарауға көмектеседі. Ал бүгін мен сендерден әдепті болуды және жолдастарың туралы тек жақсы ой айтуларыңды сұраймын. Ендеше жаттығуымызды бастайық. Жіпті бір бірімізге лақтыра отырып, сол адамның жақсы қасиеттерін айтып шығамыз.

«Жинақтаушы қол шапалақтау» жаттығуы
Балалар, сендердің бүгінгі жұмыстарың үшін рахмет. Маған сендермен өте қызық болды. Бір - бірімізге жинақтаушы қол шапалақтау жаттығуы арқылы алғысымызды білдірейік. Мен бір оқушының қасына барып атын атап, қолымды шапалақтаймын, осылай барлығымыз бір - бірімізге бірге барып қол шапалақтау арқылы алғыс білдіреміз.
16 391
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Стреске қарсы жаттығулар
Стреске қарсы жаттығулар
Тренинг басында қатысушыларға түрлі - түсті қағаздар жапсырылған парақ беріледі. Қатысушылар өздеріне ұнаған түске қол қояды.
Педагогтарға арналған психологиялық тренинг
Педагогтарға арналған психологиялық тренинг
- психоэмоционалды күйін реттеу дағдысын қалыптастыру; - педагогтардың эмоционалды күйінің алдын алу;
Педагогикалық процестегі тренингтердің рөлі
Педагогикалық процестегі тренингтердің рөлі
Қатысушылар шеңбер жасап отырады. Ойынның шарты: әр қатысушы өз есімін айтып, сол есімінің бастапқы әрпіне сын есім немесе жағымды қасиет ойлап табады.
Мен және менің есімім
Мен және менің есімім
Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, М. Әуезов атындағы орта мектептің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Смаилова Гульнар Койбагаровна
«Адам болам десеңіз...» тренинг-сабақ
«Адам болам десеңіз...» тренинг-сабақ
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 орта мектеп психологі Әбіл Гүлназ Базаралықызы
Өз-өзіңді танысаң - істің басы (тренинг сабақ)
Өз-өзіңді танысаң - істің басы (тренинг сабақ)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы педагог-психологы Әбіл Гүлназ Базаралықызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×