Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біз өмірді сүйеміз

28 қараша 2015, Сенбі
Категориясы: Психология
Біз өмірді сүйеміз
Мақсаты: Рухани - адамгершілік тәрбие мазмұнын құрайтын сүйіспеншілік, денсаулық, достық, бақыт сияқты жалпы адамзаттық құндылықтарға баулу, осы рухани – адамгершілік білім бағдарламасы арқылы дағды қалыптастыруда білім беру жұмысын негізге ала отырып, өмірмен байланыстыра білсек, көкірегі ояу, мінез – құлқы дұрыс саналы адам тәрбиелеу

І. Танысу жаттығу
«Шаттық шеңбері» бұл әдістің педагогикалық мәні - әр бір бала өзінің үлкен достық шеңберіне қабылданғанын сезініп, өздеріне де, өзгелерге де сеніммен қарайды. Енді біздер ортаға шаттық шеңберіне жиналып, бір – бірімізге жылы тілегімізді арнайық. - Балалар, бүгін тағыда көпшілік қауымға танысуға, мейірімділік, ізгілікті бөлісуге мүмкіндік туып тұр. Әрқайысы өз есімдерді айтып, есімдеріңнің бас әріпіне сай келетін өз бойларыңдағы жағымды қасиеттерді атайсыңдар.

ІІ. Миға шабуыл әдісі «Бақытты өмір»
Балаларға ватман қағаз беріледі, сол қағазға балалар «бақытты өмірді» қалай елестетеді, соны суреттейді. Екі топтағы балалар бірігіп жұмыс жасайды.

ІІІ. Жаттығу «Ең, ең, ең...»
Нұсқау: Біздің жаттығуды президент сайлауларымен салыстыруға болады. Алдарыңызда 5 сайлау қорабы тұр: Ең көңілді, тапқыр Ең әдемі, сүйкімді Ең мейірімді, ықыласты Ең ақылды Ең, ең Сіздер құпия түрде дауыс беру, жаттығу қорытындысы бойынша «Ең ақылды» т. б. медальдарымен марапаттау.

ІV. Пікір алмасу «Қуаныш дегеніміз не?»
«Қуаныш – бұл бәрінің қуануы, бәріне көңілді»
«Қуаныш үлкен және кішкентай болады. Кішкентай қуаныш бір адам қуанғанда болады, ал үлкен қуаныш – бәрі қуанғанда»
«Бәріне мереке болғанда - қуаныш»
«Ешкім жыламаса, тіпті бір адам жыламаса да - қуаныш»
«Егер соғыс болмаса - қуаныш»
«Қуаныш – бұл менмін, өйткені анам маған «Сен менің қуанышымсың» - деп айтады.»

V. Жаттығу «Өмір сүру үшін адамдарға не керек?»
«Адамдар» О, адамдар, біргемін мен сендермен, Ықыласыңа еш нәрсені теңгермен. Сендер – менің бақытымның бұлағы, Сендер – менің дарыныма дем берген. Өздеріңмен өмір шыңын бірге астым, Жарты құртты бөліп жедім, сырластым. Дүниеге келгенім жоқ шет жүріп, Рақатын ойлау үшін бір бастың.

Өмір дегеніміз – дос - жаранға қамқор болу, санада таралған тұманды ойларды шуақты қуанышқа ауыстыра білу, қызғаныштың отын бүркіп, сенім үдесінен шыға білу. Уәделі сөздеріңе берік болуың, кісінің сыртқы емес, ішкі болмысына үңіліп қадірлеу. Ең бастысы өзгеге жақсылық тілеуші бола білу деп «Күн шапағын» өмірмен байланыстырайық

«Талап адамның өз бойындағы қандай да бір қабілетін, алға қойған мақсатын, табиғи дарынын жетілдіру үшін аса қажет. Егер талап болмаса, олар уақыт өте көмескіленіп, ұсақтанып кетеді. Талап пен жігер - серіктес қасиеттер. Талап пен жігерді адамның өзі дамытып, қайрай алады. Адам өмір бойы ізденуге, өмірдің беймәлім сырларын ашуға талаптанады. Сол жолда ол адамгершілік қасиеттердің тірек етіп алғанда да жақсылық жыршысы болмақ. Адамзаттың өмірлік мұраты да осы»
«Талап деген бір жүйрік тұлпар сынды. Бабын таппай мінгенді қылар жынды. Тауға ұра ма басыңды, тасқа ұра ма, Ал енді оған кісі қайтіп мінді. Талап шапса, ақылға мініп алып, Жақсы, жаман бәріне бірдей салып, Анық ақыл адымын аштырмайды, Еш нәрсе одан құтылмас жетпей қалып. Талап деген ындымен ентелемек, Ойға алып қызыққанын қылса демек.
Адамның тізгінді басшысы - ақыл Жетекшісі - қатаң талап, Шолушысы – машық ой, Жолдасы – жасампаз кәсіп, Қорғаны – сабыр, Қорғаушысы – салмақты мінез, Сынаушысы – халық

VІ. Жаттығу «Арам – зам - зам» би

VІІ. Егер күн дәл ортасына салынса – жастық шағы қызықты, ал шығысқа салынса – балалық шағы қызықты, батысқа салынса – кәрілік шағы қызықты болады.
• Тау дөңгелек салынса – мінезі жұмсақ, мейірімді, сенгіш. Егер тау ұшты болса, өкпелегіш, тік мінезді адам. Егер аралас салынса – басында қар болса, өзгермелі адам.
• Үй – суретте ағаш үй салынса, арманың орындалады. Егер бір терезе салынған болса, өзіне жақын бір адам туралы көп ойланады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса, ол тұйық, сақ адам. Үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын, өсек құмар адам.
• Ағаш біреу болса, өзінің сүйіктісіне ұнайды. егер бірнешеу болса балаларды жақсы көреді, оларға уақыт бөледі, көп көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді, қаншалықты әдемі салынса сұлулыққа соншалықты құштар.
• Қапшық, қалта қаншалықты үйге жақын жатса, байлық та жақын. Керісінше болса бәрі керісінше. Егер қапшық аузы байлаулы болса сараңдық. Қапшық жерде жатса жалқау, түрегеліп тұрса еңбекқор адам.
• Жол – үйге жақын жатса – жолы жеңіл, алыс болса керісінше. Егер жол үйдің есігінен шықса, тапқан табысын үйге әкелетін, ал керісінше болса шашпа, айналасына тарататын адам.
• Сақина көзсіз болса қонақ қабылдағанды, қонақ шақырғанды ұнатады. Көзі болса болашақты ойлайды, капитал жинайды. Неке жүзігі – мықты отбасын білдіреді.
• Гүл – үйге жақын болса, қуаныш, той болады, үйдің жиегінде болса – қызықты күндерің алыста.
• Жылан үйден алыс салынса – жаулары алыс, егер жақын салынса көре алмаушылар айналаңда болғаны.
• Суретте қайсысы үлкен салынса сенің өмірің үшін маңызы зор.

VІІІ. «Жүректен – жүрекке»
Құрметті оқушылар тәрбиелік шарамыз өз мәресіне жетті. Сендердің қуанышты, жайдарлы, ақжарқын жүздеріңізден сүйіспеншілік белгісін көріп тұрмын. Сендердің жан дүниелеріңе кішкентайда болса жылылық ұялап ізгілікке бастар жол болсын. Олай болса, бір - бірімізге жақсы, жылы сөздерімізді арнайық.
1. Шын жүрегіңнен жасаған жақсылығың өзіңе қуаныш боп оралсын.
2. Біреуге жасаған жақсылығыңды ешқашанда міндет етпе.
3. Өмірде ешкімге жамандық, жасама адамдарға қамқор бола біл.
4. Алдыңа қойған мақсатың айқын болса, өмірде көп жетістіктерге жетесің.
5. Қолыңды адал таза ұстасаң – әлемге әділдік орнатасың.
6. Бойыңды ластан қорғасаң – әлемнің саулығы артады.
7. Көзіңді жамандықтан, зұлымдықтан және қызғаншақтықтан қорғасаң – әлемнің әсем сұлулығын көресің.
8. Пейілің мен ниетің ақ болса – әлемге сүйіспеншілік нұрын төгесің.
9. Шабыттанған сәттеріңді бағалай білсең талабыңа нұр жауады.
10. Жұмысқа күшіңмен кіріссең жұмысың нәтижелі болуына тілектеспін.
11. Үлкен тұлға бол.
12. Күніміз шуақты, өміріміз жарқын болсын!
8 234
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адамгершілік – рухани тәрбие
Адамгершілік – рухани тәрбие
Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса,
Өзін – өзі тану пәні бойынша әдістемелік бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары 2017 - 2018 оқу жылы
Өзін – өзі тану пәні бойынша әдістемелік бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары 2017 - 2018 оқу жылы
Өзін – өзі тану пәні бойынша әдістемелік бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары 2017 - 2018 оқу жылы Өзін - өзі тану пәнінің әдістеме бірлестігі Мақсаттары: • өзінің өмірлік айқындамасын анықтау; • түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес
Денсаулық зор байлық.
Денсаулық зор байлық.
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы №5 орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Құдабаева Айгүл Болатбайқызы
Оқушыларды рухани - адамгершілік құндылықтарға негіздеп тәрбиелеу
Оқушыларды рухани - адамгершілік құндылықтарға негіздеп тәрбиелеу
Семей қаласы, №2 кешкі мектеп ОВ 156/15 мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қабдуалиева Гүлсим Рахимовна
Баланың рухани-адамгершілік құндылықтарға көзқарасын қалыптастыру жолдары
Баланың рухани-адамгершілік құндылықтарға көзқарасын қалыптастыру жолдары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті Ыбырай Алтынсарин атындағы № 204 мектеп Есназарова Жанат
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ІЗГІЛІКТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН ҚҰРУ: ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ, ӨЗІН-ӨЗІ ІСКЕ АСЫРУ
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ІЗГІЛІКТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН ҚҰРУ: ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ, ӨЗІН-ӨЗІ ІСКЕ АСЫРУ
Жезқазған қаласындағы №10 жалпы білім беретін орта мектептің директоры Жолдыбаева Куляш Рахымқызы ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ІЗГІЛІКТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН ҚҰРУ: ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ, ӨЗІН-ӨЗІ ІСКЕ АСЫРУ Жаңа
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×