Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бала бақытын ұлықтаған – жан!

02 желтоқсан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Психология
Шығыс Қазақстан облыстық
дарынды балаларға арналған
Мамандандырылған қазақ - түрік лицейі»
КММ педагог - психолог
Жұмағалиева Ақбота Талғатбекқызы

Сабақтың тақырыбы: «Бала бақытын ұлықтаған – жан!»
Мақсаты: Оқушыларға ана махаббаты, оның нәзік жүректі жан, оның өз баласынан басқа өзге жандарға жанашыр тұлға, бала бақытын жырлайтын ана екендігін түсіндіру.
Білімділік: Оқушыларға «бақыт», «ана жүрегі», «адамгершілік тәрбие» ұғымдары жайлы түсінік беру;
Тәрбиелік: Оқушыларда бір - біріне, қоршағандарға деген мейірімділікке тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың бойына сүйіспеншілік, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру;
Сабақтың түрі: тренинг
Пән аралық байланыс: психология, мәдениеттану, әлеуметтану, қарым - қатынас психологиясы, педагогика.
Көрнекі құрал - жабдықтар: слайд, плакаттар (тілек ағашы мен күн сәулесі бейнесі), үнтаспа, видеобейне, дәйексөз, кітап көрмесі, сурет көрмесі.

І. Ұйымдастыру кезеңі 1. Шаттық шеңбері (3 мин)
Оқушылар шеңбер құрып, бір - бірімен амандасады. Бір - біріне жағымды көңілкүй сыйлайды.

2. Оқушыларды түгендеу.

ІІ. Негізгі бөлім:
Мұғалім сөзі: «Нағыз парасатты ағартушылық біздің ақылымызды да, ғұрыптарымызды да өзгертеді».
Бүгінгі ағарту тек білімдер жиынтығы ғана емес, сонымен бірге балалар бойында ар - ождан, азаматтық және адамға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін рухани және адамгершілік қасиеттерді дамытуды көздейді. Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаева білім берудегі жаңа көзқарас – адамгершілік - рухани ағартудың авторы болып табылады. Бұл жоба «Өзін - өзі тану» деген атқа ие болып, республикада 2002 жылдан бері қолданылып келеді. (слайд көрсету, Сара
Алпысқызы фотосуреттері)
Қазіргі кезде баланы жан - жақты дамыған тұлға ретінде тәрбиелеу ісіне күш - жігерді жұмылдырудың маңызы зор.
Осы мақсатпен бүгінгі сабағымызды «Бала бақытын ұлықтаған - жан, Сара
Алпысқызы Назарбаеваға» арнаймыз

Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге келді. 1962 жылы Н. Ә. Назарбаевқа тұрмысқа шықты, үш қызы, немерелері, шөберелері бар.
1992 жылғы ақпан айынан бастап — «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. Қор өсіп келе жатқан ұрпақтың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешу, балаларға адамгершілік - рухани білім мен тәрбие беруде қоғамға нақты көмек көрсетеді. «Бөбек» республикалық қоры республиканың барлық аймақтарында жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларына, көп балалы отбасылардың балаларына қолдау және көмек көрсету бойынша балалар қорларын ұйымдастырды.
Осындай игі мақсатпен біздің лицейде де қайырымдылық қоры ұйымдастырылып, бірнеше балаларға көмек берілді, Лицейіміздің жан ашырларына ата - аналар мен оқушыларға алғысымызды білдіріп қол шапалақтайық.

3. «Менің көңіл - күйім?» жаттығу (5 мин)
Әр оқушы өзіне ұнаған түрлі түсті фигураның біреуін таңдайды.
Интерпритация: ал қызыл – қуанышты көңіл - күй, жасыл – ұнамды көңіл - күй сары – сабырлы көңіл - күй,
Қағаздың артына сол түске байланысты жазылған интерпритацияны оқиды. Мысалы: Алмас қызыл түсті таңдаса, онда Алмастың көңіл - күйі өте қуанышты күйде екенін білуге болады

4. «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы (8 мин)
Мақсаты: Оқушылардың өздеріне деген сенімділікті қалыптастыру, нығайту. Тапсырманы орындау үшін қобдиша керек. Оның ішінде домалақ айна болады. Барлық бала көздерін жұмады. Осы қобдишаны алған оны ашып, ішіне қарайды. Оның ішінде кішкентай сиқырлы өзеннен сендер жан - жақты және қайталанбайтын бейнені көресіңдер. Оған күліп қарауларын керек. Барлығы қарап болған соң, жүргізуші сұрақ қояды: Жан - жақты қайталанбайтын бейне кім болып шықты? Сиқырлы өзеннен өздеріңді көргенде қандай сезімде болдыңдар?

5. «Сыйлық ойыны» (10 мин)
Мақсаты: рефлекция процесін күшейту, ұжымда жағымды психологиялық ахуал орнату, топ мүшелерінің бірін - бірі түсінісуге, ұжымда тұлғааралық қарым - қатынастың маңызды сапаларын ашу.
Ойынға қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Қазір сіздер бір - бірлеріңізге, яғни өзіңіздің сол жақта тұрған көршіңізге сыйлық сыйлайсыз. Көршіңізге қандай сыйлық жасайсыз, сыйлықты үнсіз ым - ишара арқылы көрсетіп бересіздер. Сіздің көршіңіз нендей сыйлық сыйлап жатқанын түсінетіндей жасау керек.. Барлығы сыйлықтарын алып болғанша ештеңе айтылмайды. Барлығы үнсіз жасалады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 756
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұқыпты бала - әдепті бала
Ұқыпты бала - әдепті бала
Оқушыларға әдептілік, сыпайылық адами қасиеттер туралы түсінік беру арқылы сүйіспеншілік құндылығын ашу.
Өнеге отбасынан
Өнеге отбасынан
Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым – қатынасты қалыптастыру. Ата – аналарға рухани – адамгершілік білім жайлы түсінік беру.
Отбасы жарастығы
Отбасы жарастығы
Сыйластық, бауырмалдық, адамгершілік, мейірімділік, жанашырлық. Оқушылардың сыйластық, махаббат құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту
Ана
Ана
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қарашоқат орта мектебінің 9 - сынып оқушысы Тлесова Үміт Әбілтайқызы
Жүрек жылуы
Жүрек жылуы
Мақсаты: Балалардың бойларындағы адамгершілік, қайырымдылық, сүйіспеншілік, ізгілік, инабаттылық, ақылдылық, әдептілік қасиеттерін ояту.
Мейірімділік шуағы
Мейірімділік шуағы
Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, «№14 орта мектебі»КММ бастауыш сынып мұғалімі: Құрманбекова Меруерт Дәулетбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×