Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өнеге отбасынан

27 ақпан 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дөңгелек үстелдің тақырыбы: «Өнеге отбасынан»
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым – қатынасты қалыптастыру. Ата – аналарға рухани – адамгершілік білім жайлы түсінік беру.
Түрі: топтастыру
Көрнекілігі: слайд, бейнеролик, нақыл сөздер, стикер, кері байланыс, сұрақша қағаздар, шырақтар.

1. Шаттық шеңбері.
Алақанды ашайық.
Жүрекке жылу салайық,
Жиналған жылы шуақты,
Бір - бірімізге сыйлайық деп, Ата – аналар бір – біріне жылы сөздерін немесе ізгі тілектерін айтады.

2. Кіріспе. Ел басымыз Н. Ә. Назарбаевтың 2050 жеті жылдық ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасында отбасы тақырыбы басты мәселе ретінде көрсеткен. «Өнегелі отбасы – ұлт болашағы» туралы бейнеролик көрсету, отбасы жайлы түсінік беріп өту. Қыркүйек айының екінші жексенбісі «отбасы күні» деп аталады. Биыл үшінші рет тойланды. Отбасы шағын мемлекет. Отбасының негізін қалаушылар: әке, ана, бала. «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы» Сэмюэл Смайлс.(шотландық ғалым). Отбасында баланың жан – жақты қалыптасуына, өсіп жетілуіне, адами жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге, тәрбиелі саналы ұрпақ тәрбиелеу ата – ананың міндеті болса, ал жасампаз ғасырда, жаhандану дәуірінде рухани жан – жақты білім алуына ықпал ететін тұлға – ол ұстаз.
3. Ата – аналарға «Балаңызға деген сүйіспеншілік» - деген тақырыпта жүрекше стикер тарқатылады. «Баланың жан дүниесі - бұл толып тұрған ыдыс сияқты» оған ата – аналар өз балаларының бойынан көргісі келетін қабілеттерін және сіздің өзіңізден қандай жақсы қасиеттерді алғанын қалайсыз? Жүрекше стикерге өз ойларын жазып, осы ыдысқа салып қойыңыздар және жазған сөздеріңізді айтып шығыңыздар. Қорыта айтқанда: ата – ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, осы сезімдер арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.

4. Белгілі педагог Симон Соловейчик келтірген статистика бойынша ата – аналар баласының тәрбиесіне күніне 17 минут арнайды. Осы уақыттың ішінде қалайша жақсы адам тәрбиелеуге болады? «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» Әл - Фараби. Халық қаhарманы Бауыржан Момышұлы айтқан сөзі: соғыс кезінде талай сұмдықты бастан кешіріп қорықпаған едім, енді «Кітап оқы деп айтпаған әкеден, ертегі айтпаған әжеден, бесік жырын айтпаған шешеден, қолына пышақ берсе сойып тастайтын баладан, үйрен деп жатқан ата - ана жоқ, үйренейін деп жатқан бала жоқ» осындай өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтан қорқам деген екен. Балаңызды қаншалықты жақсы танисыз деген мақсатта «Бала мен әлеуметтік желі» тақырыбында бейнеролик көрсетіп, ой қозғаймыз.
1. Отбасындағы әкенің рөлі
2. Отбасындағы ананың рөлі
3. Отбасындағы баланың рөлі

«Қайнар» мектеп – гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Пән мұғалімі: Тұрғанбаева Ақтолқын Аманбайқызы

Өнеге отбасынан. жүктеу
Өнеге отбасынан. слайдты жүктеу
3 416
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің отбасым
Менің отбасым
Отбасы туралы түсініктерін бекіту, отбасында үйлесімді қарым - қатынас дағдыларын қалыптастыру, туған - туыстар арасындағы байланыстарды ұғынуға көмектесу.
Ата көрген оқ жонар
Ата көрген оқ жонар
Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ата - анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата - ана бірлігін нығайту.
Өнеге отбасынан
Өнеге отбасынан
Бала тәрбиесіндегі отбасының ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Мектеп, ұстаз, ата - ана бірлігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы,
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты
Жақсы бала, ата - ана қуанышы (ата аналар жиналысына)
Жақсы бала, ата - ана қуанышы (ата аналар жиналысына)
Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру;
Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы
Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×