Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ҰБТ – ге оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау

28 қаңтар 2016, Бейсенбі
Категориясы: Психология
Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Есілбай ауылы.
Өткізген мектеп психологі:
Алигожина Камшат Габдулманаповна

ҰБТ – ге оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау
Сабақтың мақсаты: Әрбір жеке тұлғаның ойлау қабілетін, ҰБТ – ге деген сенімділігін, көтеріңкі көңіл – күй сезімдерін психология тұрғысында дамыту.
Көрнекі – құралдар: табиғат көрінісінің слайдтары, алма талының суреті, алмалар.
Техникалық құрал жабдықтар: интерактивті тақта, музыкалық әуен.

Релаксация: Құрметті оқушылар, әуелі орындарыңыздан тұруыңызды сұраймын. Енді денелеріңізді еркін бос ұстап, тұла бойларыңызды бос тастап, миларыңызды тынықтырып терең демалып, ішкі дүниедегі жағымсыз нәрселерді сыртқа шығарып тастаңыздар!
Мен сіздерге бірнеше сөз айтамын, соны қайталаңыздар!
Әлемдегі барлық адамдарға жақсылық тілеймін!
Әлемде мені бәрі жақсы көреді!
Мен бақытты оқушымын!
Менің денсаулығым мықты!
Мен білімді оқушымын!
Мен жаңа ғасырдың оқушысымын!
Мен алдағы ҰБТ – ны жақсы нәтижемен тапсырамын!
Рахмет, орындарыңызға жайғасып отырыңыздар!

Медитация:
Ал, енді көздеріңізді жұмыңыздар, көз алдарыңызға елестетіңіздер!
Әсем бір шебер бағбанның баптап өсірген алма бағында қыдырып жүрсіздер. Осы сәтте әркім өзінің ең бақытты шақтарын елестетсін. Жүрек түбіндегі арман мақсаттарыңызды қиялдаңыздар. Мен алдағы ҰБТ – ны жақсы нәтижемен тапсырамын, менде бәрі жақсы болады, менің өзіме деген сенімділігім мол, мен үшін бәрі оңай және түсінікті болады.
Оң жақтарыңызға қарасаңыздар қып – қызыл алманы көресіздер. Ал, сол жақтарына қарасаңыздар сары, қызыл алмалар тұр.
Па, шіркін қайран алмалардың иісін – ай, танауларыңызды керіп, демдеріңізді ашып, рахат бір дүние ішінде жүрсіздер, терең демалыңыздар!
Ал енді жайлап көздеріңізді ашыңыздар.
Құрметті оқушылар, ендігі мақсат мынау! Шебер бағбанның бағында өскен алманы сіздерге таратамын. Осы алмаға әркім өзінің жүрек түбіндегі жатқан арман мүдделерін (жазу түрінде ме, схема түрінде ме немесе жұмбақ түрінде ме) тілектерін жазсын. 3 минут уақыт беріледі.
Алмаларды жинаймыз. Мына алдарыңызда тұрған «Ғажайып арман алма талы» сіздердің алмаларыңыз ғажайып талға ілінді. Мінеки, сіздердің жүрек түбінде жатқан арман тілектеріңіз орындалды деп есептеңіздер.

Рефлексия:
- Бүгінгі аутотренинг сіздерге ұнады ма?
- Қандай сезімде болдыңыздар?
- Тренингтен алған әсеріңіз қандай?
Құрметті оқушылар! Әрдайым сіздерге зор денсаулық, ҰБТ – ны өте жақсы нәтижемен тапсырып, алдағы аңсаған армандарыңыз орындалуына тілектеспін.
Аутотренингке қатысқандарыңызға көп – көп рахмет!
3 911
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оқушымын мен енді! Сөйлеу.
Оқушымын мен енді! Сөйлеу.
Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдап (әңгімелер, ертегілер) талқылайды.
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандықтың бәрі жақсы
Әртүрлі мамандықтармен таныстыру; ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту; мамандық иелерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Менің шұғылалы әлемім педагогтарға арналған тренинг
Менің шұғылалы әлемім педагогтарға арналған тренинг
Адамдардың бір - бірімен қатынасын оңтайландыру, өзара іс - әрекет дағдыларын дамыту, басқалардың пікірі, көзқарасымен санаса білу, жеке басты демалдыру арқылы өзіндік талдау жасауын қалыптастыру.
Бәрі сенің қолыңда
Бәрі сенің қолыңда
Алдағы емтиханды жақсы тапсыру, сенімін арттыру, қобалжымау.
Өзіңді сүю – өмірді сүю
Өзіңді сүю – өмірді сүю
Қатысушылардың өзін – өзі тануына, өз қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің көзқарасына тәуелді болмауға, өзін – өзі рухани жетілдіруге, өмір сүруге құлшынысын арттыру
Кері пропорционал шамалар
Кері пропорционал шамалар
Павлодар облысы, Шарбақты ауданы Есілбай жалпы орта білім беру мектебі Математика пәні мұғалімі: Қызылбаева Қ. К.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×