Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кешіре білу

09 мам 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Психология
Атырау облысы, Атырау қаласы,
№4 Ю. А. Гагарин атындағы орта мектеп психологы
Нұрғалиева Рысгүл Мұхамбетқызы

Тақырыбы: «Кешіре білу»
Мақсаты:
Оқушылардың өздеріне түрлі тапсырмалар орындату арқылы жаңа тақырыпты ашу, өздік талдау, бағалау әрекеттерін ұйымдастыру. Адамшылық құндылықтарын, рухани байлығын қалыптастыру. Жағымды сезімді қалыптастыру.
Психологиялық әдіс - тәсілдер:
Бақылау, сұрақ - жауап, анкета, тест, психотренинг элементтері, суреттік тест.

Көрнекіліктер:
Аудио - баспа - құралдары, таратпа материалдар, кесте, тест сұрақтары, суреттік тест тапсырмалары.

Сабақ барысы.
Тренинг ережесі:
Тыңдай білу
Белсенді қатысу
Сөзді бөлмеу
Күлімсіреу
Сын айтпау
Уақытқа бағыну

1. Ұйымдастыру. Тренинг: «Достық торы»
2. Сабақтың эпиграфы: «Адам болып туған соң, адам болып өткен жөн» мағынасын таныстыру.
3. «Миға шабуыл»
(Тақтада Хосе Мартидың «Адам бола білу - ең қиын мамандық», Русаковты «Біз рухани тазармай тұрып ешқандай игілікке қол жеткізе алмаймыз» және халық сөзі: «Рухани байлық – мейірімділіктің биік шыңы» деген нақыл сөздердің бір - бірімен қандай байланысы бар, қағаз бетінде 4 - 5 сөйлем жаз. (2 - минут).

Тапсырмаларды орындауда балалардың жауап беруіне жеңілдік тудыру мақсатында мынадай сұрақтар қойылады:
1. Адам мамандығы қандай мамандық, қалай түсінесің?
2. Рухани байлық деген не? Қандай қасиеттерді жатқызасың?
3. Рухани байлыққа байланысты қандай мақал - мәтелдер, нақыл сөздер білесің?
(4 - 5 оқушының ойымен бөліседі).

Түйін: Адам мамандығы - адамгершілігі мол, рухани таза адам. Рухани байлыққа - өтірік айтпау, адам еңбегін жемеу, біреуге жақсылық жасау, кешіре білу, мейірімді болу т. б. жатады.
Рухани таза емес адам - өтірік айтатын, көбіне біреулерге ренжіп, жақтырмай жүретін, тек өзін ғана дұрыс деп санайтын, өзін басқаның орнына қоя алмайтын, қу, өтірік айтатын адам. Ондай адамдардың өмірде бірде болмаса, бірде жолы болмайтыны анық.
Мейірімділік - кешіре білу, біреуге жақсылық жасау. Біреуге жақсылық жасай білу - ол жақсы көрумен бірдей. Ондай адамдар бір - біріне жамандық жасамайды, бір - бірін кешіре біледі. «Біреуге ор қазба өзің түсесің», «Өтіріктің соңы бір тұтам», «Сен біреуді алдасаң, ертең сені біреу алдайды», т. б.

4. Жаңа тақырып:
Мейірімділіктің ең биік шыңы, негізі - кешіре білу. Олай болса, бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Кешіре білу».
5. Аудио баспа.
Осы сезімді сезіну үшін, түсіну үшін, осы сезімге ену үшін аудио баспадан ән ырғағымен әуенді тыңдайық. Өзіміз ыңғайланып отырып, тек ән әуенімен, әуендегі сөздерді мұқият тыңдай отырып, сол сезімге түсуге тырысамыз. (2 - 3 минут).

6. Кері байланыс.
Оқушыларға келесі сұрақты қоя отырып, сезімдері бойынша ой бөліседі.
1. Қандай сезімде боласың? Көңіл қалу сезімінде болдың ба?
2. Өзіңді ренжіткен, көңіліңді қалдырған адамдарды есіңе түсіре алдың ба?
3. Оған деген көзқарасың қалай, кешіре алдың ба?

7. Суреттік тест (рефлекция). «Сезіміңді суретте».

Түстік палитра арқылы өз сезімімізді ақ қағаз бетіне түсіреміз. Өздеріңізге таныс адамның сезімін түстер арқылы бейнелеуге болады. Өз сезімімізді әр түрлі түстер арқылы қолдарыңызға таратылған бала бейнесіндегі суретке түсіресіздер. Тақтада адамда кездесетін сезімдерді бейнелейтін түстер кестесі ілулі тұрады. Сол түстер арқылы сіз қандай сезімдесіз, сол сезіміңіздің қандай деңгейде екенін баланың дене мүшелеріндегі бөліктерді бояу арқылы түсіресіз.

8. Таратпа материал.
Ендігі бүгінгі жаңа тақырыбымыздың, яғни «кешіре білу» қасиетінің ғылыми психологиялық анықтамасын таратпа тапсырмаларды орындау арқылы ашамыз.
Жаңа тақырыптың ғылыми анықтамасы:
Кешіре білу - рухани байлықтың құндысы, жағымды қасиет, мейірімділіктің биік шыңы.
Кешіре білу - жақсы көре білу. Л. Н. Толстой «Жақсы көру - бұл біреуге жақсылық жасау» деп айтып кеткен.

9. Психолог кеңесі.
Кестедегі кеңестерді мағынасын аша отырып, жаздыру.

10 «Тұмарша» ойын.
Сабақты ән ырғағымен «тұмарша» ойынымен аяқталады.
Ойынның барысы: «Адамдардың бір - біріне жақсы тілек айтып, жақсы сөз, нышан білдіру, адамға рухани қазына береді. Осы мақсатта халық мақалы «Жақсы сөз – жарым ырыс» тегін айтылмаған. Жақсылық тілеуде, кешіре білу де оңай емес, оған дағдылану керек. Олай болса бір - бірімізге жақсы тілек, жағымды сезім сыйлайық.
Оқушылар, келген қонақтар!
Барлықтарыңызға мен бір - бір тұмарша беремін, осы тұмаршадан бір жіпті алып, басқаларға жақсы тілек айта отырып, сол адамның мойнындағы тұмаршаға байлайсыз. Тек көзіне қарап отырып айтасыз.
5 073
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математикадан ОЖСБ тест тапсырмалары
Математикадан ОЖСБ тест тапсырмалары
Математикадан ОЖСБ тест тапсырмалары
Екі өрнектің қосындысының квадраты
Екі өрнектің қосындысының квадраты
Қысқаша көбейту формуласының жаңа түрімен, атап айтқанда екі өрнектің қосындысының квадраты формуласымен таныстыру, көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу іскерліктерін, біліктіліктерін, әдістерін жетілдіру, ойлау қабілеттерін салыстыра және орынды
Достық торы тренингі
Достық торы тренингі
«Достық» торы тренингі
Квадраттық теңдеулерді шешуге есептер шығару
Квадраттық теңдеулерді шешуге есептер шығару
БҚО, Орал қаласы, А. Байтұрсынов атындағы №10 ЖББОМ математика пәні мұғалімі Диярова Айымгүл Сәтиқызы
Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырмасы
Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырмасы
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон поселкес,і №23 жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі Баймухашева Лиза Қожантайқызы
Бұрыштың тригонометриялық функциялары
Бұрыштың тригонометриялық функциялары
Сапарғалиева Ұлболсын Дүйсенқызы Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×