Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен және менің мамандығым

31 қазан 2017, Сейсенбі
Категориясы: Психология
Эссе
«Мен және менің мамандығым»
«Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану, адамның күрделі де қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер - ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады»
В. Сухомлинский

Ұстаздық мамандықты мәңгілік деп айтады. Осы мәңгілікке апарар жол - ол әркез шәкірт жүрегіне, оның өз әлеміне жол таба білу. Әр шәкірттің әлемі - ертегідей әдемі, мұхиттай терең, сан қырлы да қатпарлы, мөлдір де нәзік, назды да сазды, құпиясы мол тылсым. Осы әлемнің қаймағын бұзбай, сызат қалдырмай, мөлдір дүниесіне, әдемі әлеміне нұрлы сәуледей болып ену - қай ұстаздың болсын өмірлік арманы, мақсаты. Шәкірт жүрегінде ұстаз - алыстан қол бұлғаған арманына қанатын талдырмай, адастырмай, биік шыңдарына шалдықтырмай апаратын жан.

«Армансыз адам - қанатсыз құспен тең»- дегендей, оқушылар мектеп бітірген соң, өзі армандаған бір мамандықтың иесі болады. Жас жеткіншектер мамандық таңдауда қателеспеуі керек. Мамандықты дұрыс таңдай білген адам - өзінің мамандығын мақтан тұтып, сол мамандығының қыры мен сырын меңгеріп, шыңына жетуге тырысады. Мамандық жай күнелту, ақша табу емес. Әр адам өз мамандығынан рухани күш алып, еңбектің рахатын көреді. Адам атақ - абыройға кенеледі. Кез - келген адамнан шеберлікті, қажымас қайратты, еңбектенуді керек етеді.

Міне, осынау ХХІ ғасыр дәуіріне, адамы мен заманы көптеген өзгерістерге тап болған кезеңде психолог мамандығы өте қажет. Мектеп психологы, ең алдымен адамның ішкі жан дүниесін зерттейтін маман. Сол ортаға жақсы ахуал туғызып, күйзеліске ұшыраған адамдарға дұрыс бағыт - бағдар беріп, жол көрсету. Психолог адамның сырласы, адам жанының емшісі.

Мектеп ұжымының зор табыстарға жетіп, береке бірліктерінің мықты болуына, оқушыларының сапалы білім алып, саналы тәрбиеде болуына мектеп психологтарының үлесі бар деп есептейміз. Еліміз егемендік алғаннан бері оқу тәрбие саласында көптеген өзгерістер енгізілді. Солардың бірі - өсіп келе жатқан жас ұрпақтарға дұрыс негіздерін беру және олардың психологиялық тұрғыда қалыптасу мәселесі де көрнекті орында тұр. Әрбір оқушыны жеке тұлға деп танып, ғылыми, рухани мұраларды игерген, шығармашылық ой - өрісі бар, компьютерлік сауаттылығы мен ақпараттың мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу бүгінгі күннің ең негізгі мақсаттарының бірі.

Адам баласының назды да, сазды, құпиясы мол тылсым әлеміне және жүрегіне жол табу үшін мен осы психолог мамандығын таңдадым.
«Өмір бойы адам рухани дамудың жолында, ондағы мақсаты: өзін - өзі тану, қоршаған ортаны тану. Әрбір күнге оймақтай ой...»- деп Ақылия Бекбайқызы айтқандай, мен де әрбір күніме ой түйіп, өз жұмысымды абыроймен және үлкен жауапкершілікпен атқаруға тырысамын.

Мектеп психологының жұмысы кең ауқымды және жауапкершілігі мол жұмыс. Тәрбиеге қиын көнетін және мүмкіндігі шектеулі оқушылармен түзете - дамыту әдістемелерін жүргізіп, олардың қатарын азайту және оларды үнемі бақылау, дарынды оқушыларды анықтап, олармен диагностикалық әдістемелер және тренингтер жүргізу, үйден оқитын балалар мен қамқорлыққа алынған балалардың көңіл - күйін, психологиялық қал - ахуалын бақылау, оларға көмек беру, үлгермеуші оқушылармен диагностикалық әдістемелер жүргізіп, сынып жетекшімен тығыз байланыста болу, оралман балалардың мектепке және ортаға бейімделуін бақылау, оларға көмек беру, «оқушы - мұғалім - ата - ана» қарым - қатынас жүйесін шешуші звено ретінде пайдаланудың ғылыми педагогикалық негіздемесін жасау, мектеп оқушыларының әлеуметтік ортасын зерттеу, суицидтің алдын алу жұмыстарын жүргізу барысында ата - аналар жиналысына қатысу, жас мамандармен кәсіби жағынан жетілдіру мақсатында психологиялық тренингтер, жаттығулар ұйымдастырылып, ақыл - кеңестер беріледі.
1 сыныптардың мектепке бейімделуін, 5 сыныптардың орта буынға бейімделуін, 9 сыныптарға кәсіби бағыт - бағдар беру, 9 - 11 сыныптардың емтихан, тестке дайындалуына психологиялық көмек көрсетіп, олардың көңіл - күйлерін бақылау, сенімділікке баулу, ойын - жаттығулар жүргізу осы аталған жұмыстардың барлығын мектеп психологы атқарады.

«Өмірдің әрбір жаңалық енбеген күнін өзіңді бақытсызбын деп есепте»- деп Ян Амос Коменский айтқандай мен әрбір күніме оймақтай ой түйіп, әр күніме жаңалық енгізіп, психологиялық қызметімнің басты мақсаты - құзіретті оқушы, жеке тұлға қалыптастыру.
«Өмірден не қажет екендігін анық, айқындап білмесеңіз, онда ештеңені күтпеңіз»- деп Ақылия Бекбайқызы айтқандай мен өзімнің мамандығымды өз қалауыммен таңдадым және мен өз мамандығымды сүйемін және мақтан тұтамын.
7 738
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мамандығым мақтанышым
Мамандығым мақтанышым
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Өмірде тек екі нәрседен қателеспеу керек.
Менің болашақ мамандығым
Менің болашақ мамандығым
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы физика - математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Джаламанова Гүлбаршын Яхупқызы
Біз болашақ мұғалімбіз!
Біз болашақ мұғалімбіз!
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы Маңғыстау гуманитарлық колледжінің ағылшын тілінен арнайы пәндер оқытушысы Испекеева Дина Ерғазы қызы
Мұғалім болғанымды мақтан етемін!
Мұғалім болғанымды мақтан етемін!
ОҚО, Түркістан қаласы, «Шорнақ» жалпы орта мектебінің физика пәні мұғалімі Бакиров Мардан
Бастауыш мамандығым болашағым
Бастауыш мамандығым болашағым
Алматы облысы, Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров атындағы Мемлекеттік Университеттің 3 курс студенті Әміржанова Меруерт
Менің педагогикалық мамандығым (эссе)
Менің педагогикалық мамандығым (эссе)
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №19 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Құттымұратова Гүлнар Әмитқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×