Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біз болашақ мұғалімбіз!

21 ақпан 2015, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Біз болашақ мұғалімбіз!»
Мақсаты:
- студенттердің болашаққа деген сенімін нығайту, үмітін арттыру.
- кәсіби қызмет туралы мәліметтер беріп, білімдерін одан әрі дамыту.
- белсенді жұмыс жасап, педагогикалық шеберлік пен әдепті игеруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дөңгелек үстел

Сабақтың жүрісі:
Жүргізушілер:
Мүдебаева Гаухар: - Алтын менен күмісті Зергер үшін жаратқан,
Арқар менен құлжаны Мерген үшін жаратқан
Ал мамандықты болашақ маман иесі болсын деп жаратқаны мәлім.
Сатан Мөлдір: Сәлеметсіз бе құрметті ұстаздар мен студент жастар! Ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!
Мүдебаева Гаухар: Даналықты үйреткен, ұстаз деген адал жан.
Білім нәрін үйреткен, ұстаз деген адал жан.
Бар жақсыны меңгерткен, ұстаз деген адал жан.
Тәрбиеге көмілткен, ұстаз деген адал жан – дей келе алғашқы сөз тізгінің ШБ – 41 тобының топ жетекшісі Дина Ерғазықызына береміз.

Сатан Мөлдір: Мамандықтың сапалығы оған қоса болашақтағы тиімділігі аса зор үрей туғызады. Бүгінгі мамандық, әрине, мұғалімдік қызмет туралы болмақ.
Мүдебаева Гаухар: Иә, жастардың білімі қандай сапада, қандай көрсеткіште, қай мұғалімге қарап үйренгені, қай әдіспен сусындағаны туралы білу қызығырақ.
Сатан Мөлдір: Ал ендеше, бүгінгі болашақ мұғалімдердің білімін саралап көрейік...
Мүдебаева Гаухар: Педагогикалық шеберлік дегеніміз не?
Сатан Мөлдір: Педагогикалық әдеп дегеніміз не?
Мүдебаева Гаухар: Педагогика мен психологияның айырмашылығын ата.(Өз ойы)
Сатан Мөлдір: Әдіс дегеніміз не?
Мүдебаева Гаухар: Ағылшын мұғалімі қай кезеңдермен жұмыс жасау керек?
Сатан Мөлдір: Ағылшын мұғалімі бастауыш сыныптарында нені көп қолдану керек? Оның әсері қандай?
Мүдебаева Гаухар: Нәрестелік кезең деп қай жас шамасын айтамыз?
Сатан Мөлдір: Оқытушы тақтаның қай жағында тұруы қажет?
Мүдебаева Гаухар: Мұғалімнің сабақ жоспары неге сүйеніп жасалады?
Сатан Мөлдір: Ағылшын жазушыларын атаңыз.
Мүдебаева Гаухар: Педагогиканың негізгі ұғымдары атаңыз.
Сатан Мөлдір: Актерлік шеберлік дегеніміз не?
Мүдебаева Гаухар: Оқытушының техникалық шеберліктерін атаңыз.
Сатан Мөлдір: Өте жақсы. Болашақ мұғалімдеріміздің темір қазықтай мықты екенін байқадық.
Мүдебаева Гаухар: Әр сабақтың өзіндік ерекшелігі болады. Мұғалімнің сегіз қырлы бір сырлы болуы керек екені аян. Сондықтан өнерлі мамандарымызды ортаға шақырайық, сіздерге шығарма жазу тапсырылды. Тақырыбы: Біз болашақ мұғалімбіз!
Сатан Мөлдір:
Бексұлтан Майра:
Мен болашақта өскелең ұрпақтың алдымен тәрбиесіне, олардың өсіп жетілуіне, біліміне өз үлесімді қосқанды алдыма қойған мақсат деп білемін. Себебі қазіргі қоғамда жастардың қатысуымен орын алып жатқан жайттардың алдын – алу, яғни болдырмау мәселелерін қарастыру мақсатында еңбектенуді көздеймін. Саналы ұрпақ – сапалы білім қажет ететін заманда да, көштен қалмайды. Әрбір оқушының білім алуында мұғалімнің атқаратын рөлі зор деп білемін.
Төлембетова Мадина:
Алғыс айтамын жаратқанға сана берген
Саналықты біліміме қоса ерткен.
Ұстаздардың мейірімін, қалай айтам,
Данышпандық қасиетпен тан қалдырған.
Жан дүниені түсініп, саралайтын,
Ұстаз деген болашақ біз боламыз.
Білім нәрін сусындатып, үйреткен,
Ұстаз деген болашақ біз боламыз.
Жастардың амандығын тілеп жүріп,
Мейірімге бөлейтін біз боламыз.
Күліп түріп, амандасқан бүлдіршінге,
Тәрбиені сыйлайтын біз боламыз.
Оң мен солды білмейтін балапанға,
Жол көрсетер ақылшы біз боламыз.
Мұң мен қайғы орнаған көңілінде,
Жұбанышы олардың біз боламыз.
Төрт кіл дүние бас иіп, иелетін,
Мақтанатын ұстаздары біз боламыз.
Жауапты әрқашан оқушыға,
Патшайымы мектептің біз боламыз!
Хақ тағалам аман - есен бұйырып,
Сол күндерге біздерді енді жеткізсін!!!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 452
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандықтың бәрі жақсы
Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемнің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.
Ұстаз – ұлы тұлға
Ұстаз – ұлы тұлға
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылы, №98 орта мектептің мұғалімі Изтлеуова Замзагүл
Ұстаз атына ода немесе өзім туралы сыр...
Ұстаз атына ода немесе өзім туралы сыр...
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Актауова Айзат Кыстаубаевна
Мамандық таңдау сенің болашағың
Мамандық таңдау сенің болашағың
Мақсаты: оқушыларға болашақ мамандықты айқын да сенімді таңдауына бағыт беру. 1. Мамандық типтері, түрлері жайында мәліметтермен бөлісу, болашақ мамандықтар туралы ақпараттар алу;
Ұстаз - мектептің жүрегі
Ұстаз - мектептің жүрегі
Сабақтың мақсаты: Ұстаздар күнінде оқушыларға ұстаздықтың қиын да қажырлы еңбек екенін білдіріп, ардақты да аяулы ұстаздарын құрметтеуге, еңбектерін бағалауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×