Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Стресс. Стрестен шығу жолдары

13 сәуір 2018, Жұма
Категориясы: Психология
Тақырыбы: Стресс. Стрестен шығу жолдары
Клласы: 9-11
Оқу іс-әрекет түрі: семинар-тренинг
Мақсаты:
— Стресс туралы түсінік беру.
— Стресстің адам денсаулығына кері әсерін түсіндіру.
— Тренинг — жаттығулар арқылы стресстен шығу жолдарын көрсету.
Міндеттері:
— Позитивті ойды дамыту.
— Стресстен арылуға психологиялық кеңес беру.
Қатысушылар: педагогтар
Билингвистикалық компоненттер: стресс-күйзеліс, эмоция-көңіл-күй.
Тренинг
Тренинг – “жаттығу” деген ұғымды білдіреді.
Психологиялық тренинг – тез шешім қабылдау, қысылтаяңда жол таба білу, тіл табысу, өзге адамдармен қарым-қатынас мәдениетін жүзеге асыруға бағытталады.
Тренинг қағидалары
Белсенділік;
Ашық кері байланыс;
“Нақ осы жерде және тап қазір”;
Сенім білдіру;
Белгіленген тәртіпті сақтау.
Тренингті ұйымдастыру кезеңдері
Жалпыға ортақ психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.
Рефлексия тудыратындай пікірталас, ойын не сұхбат жүргізу.
Нақты міндетті шешу, дамыту не түзету мақсатына жету.
Психологиялық жеңілдеу, релаксация және сабақты қорытындылау.
Тренинг тобының ережесі
Келісім шартқа отыру;
Қол көтеру заңы: кезекпен сөйлеу;
Баға бермеу заңы: әр түрлі пікір қабылдануы тиіс;
Сыр шашпау заңы: тренинг барысында болған оқиғалар тек топ мүшелерінің ортасында қалады;
“Тоқта” заңы: тәжірибені талдау кезінде жағымсыз жағдай туындаса, “тоқта” деп тақырыпты жауып тастауға болады;
Белсенділік заңы: тренингте белсенділік көрсеткендердің жай отырғандарға қарағанда алары мол [1].
1- жаттығу:
«Бейдж» танысу жаттығуы:
Мақсаты: Қатысушылардың тренингте өздерін еркін ұстауын және көңіл-күйін шоғырландыру.
Тренинг кезеңдері/ жоспарланған уақыт: Ұйымдастыру кезеңі, 10 минут.
Ресурстар: Бейдж, түрлі-түсті маркерлер, түрлі-түсті қағаздар.
Жүргізілуі: Қатысушылар өздерінің таңдаған лақап аттарын немесе өзіне ұнайтын есімдерді берілген параққа түрлі түсті маркерлермен жазып, бейджге салып, неліктен осы есімді таңдағандықтарын түсіндіреді.
«Стресс және одан арылу жолдары» тақырыбына таныстырылым.
Тренинг кезеңдері/ жоспарланған уақыт: Негізгі кезеңі, 5 минут.
Ресурстар: Слайд.
Стресс – адамның мазасыздығынан туындайтын көбіне өзі бейімделмеген жұмыстардың шамадан тыс болуына байланысты бейімделген психикамен организмнің өзгерістерге ұшырауына әкелетін процесс ретінде саналады.
«Стресс» ағылшын сөзі, аудармасы «қысым, тартылыс, қысым келтіру» деген мағынаны білдіреді. Ең алғашқы рет стресс сөзіне анықтама берген канадалық физиолог Ганс Селье [2].
Стресстің пайда болу себептері.
Уақытты жетіспеушілігіне байланысты жұмыс,
Ақпараттың шамадан тыстығы;
Тұлғаға ұжымдық қысым;
Өзіне және қоршаған ортаның өміріне қауіп төндіретін жұмыстар;
Міндетті түрде шектелу;
Өмірде мақсаттың болмауы;
Болып жатқан жағдаяттарды қалыпқа келтіре алмау және тағы басқа.
Стресс белгілері
Үнемі шаршаңқылық сезімі;
Эмоционалды ден саулығының азуы;
Сыртқы ортадағы өзгерістерге байланысты қабылдауы мен белсенділіктегі өзгерістер;
Себепсіз бастың ауруы мен қан қысымының көтерілуі;
асқазан-ішек ауруларының жолдарының қозуы;
Жыныс қызметіндегі бұзылыстар;
Дене салмағының күрт азаю немесе ұлғаюы;
Толығымен немесе сирек ұйқының бұзылуы;
Ұйқылы-ояу жүру;
Физикалық және эмоциялық жағдайлардағы тыныс алудың қиындауы.
Стресске қарсы тұру факторлары
Өз денсаулығын күту;
Өз-өзін жоғары бағалау;
Өзіне және өз қабілеттеріне деген сенімділік;
Стресске қарсы тұра алу;
Ашық қарым-қатынасқа түсе білу;
Өз-өзін басқару;
Оптимизм т.б.
Зерттеу бойынша әйел адамдар ер адамдарға қарағанда ұзақ өмір сүреді екен. Психологтардың зерттеуі бойынша, әйелдер әңгімеге жақын, жылауға дайын тұрады. Сол арқылы іштегі барлық жағымсыз эмоция, энергияларын көз жасы арқылы, сырын бөлісу арқылы сыртқа шығарып отырады. Ал ер адамдар барлығын ішке сақтайды, олар жыламайды не әйелдер сияқты өсек әңгімеде жақын емес. Бұдан шығатын қорытынды: ер адамдарға айтар кеңесіміз, арасында жылап алғандарыныз дұрыс [3].
Егер мәселе уақытында шешілмесе ол – стресске ұшырайды, стресс уақытында шешілмесе, оның арты депрессияға ұшырайды, депрессия – неврозға, невроз – соматикалық ауруларға ұшыратады. Сондықтан стресстің алдын алу үшін, мәселені уақытында шешкен дұрыс.
2-Жаттығу:
«Менің сезімім» жаттығуы:
Тренинг кезеңдері/ жоспарланған уақыт: Негізгі кезең, 20 минут.
Ресурстар: Ақ парақ, акварель.
Мақсаты: Іште жиналған жағымсыз эмоцияларды шығарып, жағымды эмоция қалыптастыру.
Жүргізілуі: Қатысушыларға ақ парақ ұсынылады.
Осы бөлінген бөлекшелерге ақ түске ақ бояумен өзінің ойына бірінші оралған жағымды суретті салып, ең жақын адамына тілектер жазу.
Екінші бөлікке жасыл бояумен сурет салып, өз арман тілектерін жазу.
Үшінші бөлікке қызыл түспен сурет салып, ішіндегі ашуын жазу.
Төртінші бөлікке қара бояумен сурет салып, өміріңізде болған ең жағымсыз оқиғаңызды жазыңыз.
3-Жаттығу:
«Рефрейминг» жаттығуы
Тренинг кезеңдері/ жоспарланған уақыт: Негізгі кезең, 15 минут.
Ресурстар: Ақ парақ және түрлі-түсті маркерлер.
Мақсаты: Жұмыс барысында стрес туындататын жағымсыз мінез-құлықтардан арылту.
Жүргізілуі: Тренинг қатысушылары жұп болып бөлінеді, жұптағыларға бір бірлерінің өздері ұнатпайтын, стрестің туындауына әкелетін ең жағымсыз қасиеттерін анықтауға 3 минут уақыт беріледі.
Жұбыңыздың жұмыс барысында стреске әкеліп соқтыратын ең жағымсыз қасиетін жағымды қасиетке айналдыруға арналған постер жасау.
4-Жаттығу:
«Ақиқат орындығы» жаттығуы
Тренинг кезеңдері/ жоспарланған уақыт: Негізгі кезең, 10 минут.
Ресурстар: Орындық, таратпалар.
Мақсаты: қатысушылардың қорқыныштары мен стрестерінен арылту, ашық болуға шақыру.
Жүргізілуі: Алдарыңызда таратпалар жиыны тұр. Енді сіздер кезекпен ортаға шығып, аяқталамаған сөйлемдерге жауап берулеріңіз керек.
Таратпалардағы сөйлемдер:
Ең үлкен қорқыныш бұл — …
Мен мынадай адамдарға сенбеймін…
Мен ренжимін, егер…
Мен ұмытпаймын егер…
Маған көңілсіз, егер…
Егер маған дауыс көтерсе, мен…
Егер мен сенімсіз болсам…
Сөйлемді аяқтағанда қандай сезімде болғандығы жайлы сұралады. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеді.
5-Жаттығу:
«Хат жазу» жаттығуы.
Тренинг кезеңдері/ жоспарланған уақыт: Негізгі кезең, 10 минут
Ресурстар: Ақ парақ, қаламсап.
Мақсаты: Ішкі мәселелерді зерттеу және түзету.
Жүргізілуі: Қатысушылар шеңбер болып отырады. Тренердің нұсқау береді: сезіміңізді толық білдіре алмаған адамды еске түсіріңіз. Қандай сезіміңіз бар? Енді сол адамға хат жазып, сезіміңізді, айта алмай жүрген сөзіңізді, ойларыңызды жазыңыз. Ол үшін көзіңізді жұмып, сезімді (қуаныш, реніш, уайым, ыза, ашу) еске түсіріңіз.
Енді «Қымбатты» немесе есімін жазып хатты жалғастырыңыз. Ішіңізде сақтаған бар сырыңызды төгіп, салып жазыңыз, іште ештеңе қалмасын, барлығын жазыңыз. Өзіңізге шектеу қоймаңыз, есесіне жеңілдеп, жадырап қаласыз. Қатысушы ұстаздардың эмоциясы талқыланады.
Тренинг кезеңдері/ жоспарланған уақыт: Релаксация 7 минут
Бейнебаян релаксация
6-жаттығу
«Чемодан, ет тартқыш, себет» жаттығуы:
Ресурстар: Бейнебаян
Слайд, үш түсті стикер.
Мақсаты: Жүргізілген тренингтен өзіне керекті мағлұматтарды чемодандарына салып алып, қажетсіз деп танығандарын ет тартқыш арқылы тартып қоқыс себетіне тастау.
Жүргізілуі: Тренинг қатысушыларына үш түсті стикер таратылып, мақсат бойынша түстерге өз ойларын жазып, қажетті деп танығандарын ортаға салуды ұсыну.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Күйзеліске ұшыраудан алыс болуды.
Нені игеру керек: Күйзелістен шығу жолдарын.
Нені біледі: Күйзелістің туындау себептерін.
Әдебиеттер
1. Зайцева Т. Теория психологического тренинга. Речь, «Смысл», 2002.
2. Марищук В.Л., Евдокимов В.И. Поведение и саморегуляция человека в условиях стресса. – СПб:, 2001.
3. Гринберг Д. Управление стрессом. – СПб:, 2002.
4. Лютова Е.К., Монина Г.Б. Тренинг эффективного взаимодействия с детьми. СПб:, 2000.

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы
Сарат ЖОББМ психологі
Сәрсенхалықов Тынышқали Нұрғалиұлы
11 957
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әлеуметтік-психологиялық тренингті ұйымдастыру принциптері
Әлеуметтік-психологиялық тренингті ұйымдастыру принциптері
Топ - бұл ақиқат дүние, топта, өмірдегі сияқты өзіндік тұлға аралық қарым-қатынас, шешім қабылдау, мінез-құлықты таңдау проблемалары бар.
Менің педагогикалық тұлғалық орным
Менің педагогикалық тұлғалық орным
Жас мамандарға кәсіби орнығуға, бейімделуге, педагогикалық шеберлігінің қалыпты дамуына кеңес, көмек беру.
Педагогикалық процестегі тренингтердің рөлі
Педагогикалық процестегі тренингтердің рөлі
Қатысушылар шеңбер жасап отырады. Ойынның шарты: әр қатысушы өз есімін айтып, сол есімінің бастапқы әрпіне сын есім немесе жағымды қасиет ойлап табады.
Кикілжіңнің денсаулыққа әсері
Кикілжіңнің денсаулыққа әсері
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 161 Ынтымақ орта мектебінің Физика және математика пәні мұғалімі Сейтова Алма Пернебекқызы
Стресссіз өмір сүру мүмкін бе?
Стресссіз өмір сүру мүмкін бе?
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Балдырған» балабақшасы» МКҚК Калиева Айсауле Максотовна, психолог
Кикілжіңнің денсаулыққа әсері (5 - 6 - сынып)
Кикілжіңнің денсаулыққа әсері (5 - 6 - сынып)
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің психологі Сейітова Гүлзада Пернебекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×