Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Педагогтарға арналған «Таныс болайық» психологиялық тренингі

29 мам 2018, Сейсенбі
Категориясы: Психология
Педагогтарға арналған «Таныс болайық» психологиялық тренингі
Мақсат:
1. Қатысушылардың бір - бірін жақсы танып - білуі.
2. Қатысушылардың шығармашылық, кәсіби және жеке тұлғалық жағынан ашылуы.
Міндеттері:
1. Қатысушылардың бір - бірін жақынырақ білуге көмектесуі.
2. Мазасыздануды төмендету.
3. Өзара іс - әрекет арқылы топтастыққа, бірлікке баулу.

Сабақ жоспары:
1. Сәлемдесу. «Шеңбер бойымен жалғасқан есім»
2. Сергіту жаттығуы «Орын ауыстырайық»
3. Қабылданған топ ережесі
4. Шығармашылық жұмыс – таныстыру - бейджик дайындау
5. Басыбайлықтан босату ойыны - «Қозғалыстағы есім»
6. Топқа бөліну (пазл жинау арқылы)
7. Шығармашылық жұмыс «Топ ұраны»
8. Драматизация – жаттығуы «Кинофильм»
9. Басыбайлықтан босату ойыны - «Хор»
10. Релаксация «Алақандағы гүл»
11. Шығармашылық жұмыс «Ғажайып бақша» (коллаж жасау)
12. Басыбайлықтан босату ойыны - «Қол тигіз»
13. Рефлексия «Кері байланыс қалтасы»
14. Қоштасу «Біз достарға бақыт, қуаныш, мейірім.... тілейміз».

Өтілу барысы:
Жүргізуші:
Тренинг – өмірде біз күтпеген ғажайып жағдайлар болса, өзімізді көрсетуге қорықпасақ, бір - бірімізбен ынтымақтаса жұмыс жасау жолдарын таба білсек және туындаған проблемаларды шеше білсек, осының бәрі біздің қалауымыздың бастауы.

1. Сәлемдесу. «Шеңбер бойымен жалғасқан есім»
Қатысушылар шеңберде тұрып, бір - бірлеріне допты бере отырып, өздерінің есімін және өздерінің қызығушылық іс - әрекетін айтады.

2. «Орын ауыстырайық» сергіту жаттығуы.
Бұл ойын қозғалысқа, көңіл - күйді көтеруге және де бірін - бірі туралы көбірек ақпарат алуға көмектеседі.
Орын ауыстырады::
* шалбар киюді ұнататындар орын ауыстырамыз;
* алма жақсы көретіндер орын ауыстырамыз;
* сағат тағатындар орын ауыстырамыз;
* гитарада ойнай білетіндер;
* домбырада ойнай білетіндер;
* түрік киносын қарайтындар;
* қалжыңды сүйетіндер.
Ойын түсінікті болғаннан кейін, ойын шарты күрделенеді. Енді қатысушылардың кәсіби іс - әрекеттер ерекшеліктеріне қатысты болады.
Мысалы, орын ауыстырамыз:
* бір мекемеде 5 жыл жұмыс жасағандар;
* дәл қазір жаңа бағдарламамен жұмыс жасап жатқандар;
* өзінің пәнін және жұмысын жақсы көретіндер;
* педагогикалық өтіліміне 10 жыл толғандар;
* бала кезінен мұғалім болуды армандағандар;
* байқау жүлдегерлері;
* зерттеу жұмысымен айналысушылар.
Ойын соңында кім, кімдерді несімен естерінде сақтап қалды ой бөлісейік.

3. Топтың ереже қабылдауы:
Жүргізуші танысып болғаннан кейін, топтың ережесін қабылдауын сұрайды, егер қатысушылар келіскен болса, алақандарын соғады, егер келіспесе – аяқтарын топылдатады.

* ашық қатынаста болу
* белсенділік және қалжың
* бағасыз пікір
* ерікті қатынасу
* осы күні және қазір

4. Шығармашылық жұмыс – таныстыру - бейджик дайындау
Тренингке қатысушыларға фломастер, карандаштарды қолдана отырып, өздерінің тренингтік есімдерін жазыпдеректеме карточкасын жасау ұсынылады.

5. Басыбайлықтан босату ойыны - «Қозғалыстағы есім»
Қатысушылар шеңберге тұрып, әрқайсысы кезекпен өздерінің тренингтік есімдерін айтады да, өзінің мінезіне сәйкес келетін қарапайым бір қимылды көрсетеді. Барлығы кезекпен өздерін таныстырады.

6. Топқа бөліну (пазл жинау арқылы) (3 топ)
Жүргізуші қатысушыларға пазлды таратады, олар топтасып пазлды құрастырып, 3 командаға бөлінеді.

7. Шығармашылық жұмыс «Топ ұраны»
Топ мүшелері өз ұрандарын ойлап табады.

8. Драматизация – жаттығуы «Кинофильм»
Қатысушыларға «Шалқан» ертегісін сахналау беріледі:
1. Америкалық – қалжың мен қорқыныш фильмі
2. Француздық – романтикалық комедия.
3. Италяндық – мафиялық және шытырман оқиғалы.
15 минут дайындық және 5 минуттық қойылым.
Талдау: өзара бірлесу тиімділігі. Барлығы да жүзеге асты ма?
Кім өзінің өте қажеттілігін сезінді? Кім шеттеу қалуға тырысты?

9. Басыбайлықтан босату ойыны - Хор»
«В лесу родилась елочка» әнін тапсырма бойынша орындайды. (топтар екі тапсырмадан алады)
* африкандық аборигендер;
* индиялық йогалар;
* кавказдық горцтар;
* бұғы өсіруші Чукоттар;
* үндістер тайпасы;
* ағылшын джентельмендері
Жаттығу көңілді, қысым болмай, қатысушылар басыбайлы босаңсиды.

10. Релаксация «Алақандағы гүл»
Барлық қатысушыларға жайланып, еркін отырулары сұралады. Көздерін жұмып, өздерінің жасыл шалғында екендігін елестетеді. (музыка ойналады)
Жүргізуші: «Жасыл шалғынды, мейірімді де жылы күнді, құстардың ән салғанын, су сылдырын елестетіңіз. Осы кезде кішкентай, сүйкімді, момын және бақытты бала пайда болады және ол ешқандай қайғының, сенімсіздік, көңілсіздіктің не екенін білмейді. Бұл сіздің бала кезіңіз, өзіңізді таныдыңыз ба? Бала сізге қол созуда, ол сондай сенгіш және мейірімді, оған сізде солай жауап бересіз. Қуанғыңыз, күлгіңіз келеді, өмірдегі барлық қиындықты ұмытқыңыз келеді, өзіңізді сенімді де, бақытты сезінгіңіз келеді. Сіз баланы қолыңызға алып, ол сіздің алақаныңызда гүлге айналады, ол балалық шақтағы әдемі гүл, оны сіз өмір бойы өзіңізбен бірге алып келесіз. Ол біреулердің ой тұңғиғында, біреулер оны үнемі түсінде көреді, біреулерде ол қарапайым белгісіз гүл болса, ал енді біреулерде ашық, қарқынды, есте қаларлықтай. Олардың бәрі әдемі, ол біздің балалық шақ. Егер сізге ауыр болса, қандай да бір сұраққа жауап таба алмасаңыз, сәбилерді еске алыңыз, балалық шағыңызда алақаныңызға гүл сыйлаған, біздің өзімізді кішкентай, момын, бақытты бала ретінде сезіну көмектеседі деп сенемін. Көздеріңізді ашыңыздар. Қайтатын уақыт болды.»

11. Шығармашылық жұмыс «Ғажайып бақша» (коллаж жасау)
Қатысушылар шеңберде отырады. Жүргізуші: алдағы жаттығуда балалық кездегі алақандағы гүлді қалай елестеткендерін еске түсірулерін сұрайды. Ол қандай, жапырақтары қандай? Биік пе, әлде аласа ма? Ашық па, әлде онша емес пе? Ал, қазір, сол елестеткен гүлдеріңізді салып, жапырақтарына ең басты бақытты болу жолдарын жазыңыз. Барлықтарына фломастер, қарындаш, желім таратылады.
Одан кейін қатысушылар гүлдерін қиып, шеңберге отырады. Жүргізуші ортаға қандай да бір ашық түсті матаны (болмаса ватман мен желім қолдануға болады) жаяды. Әрбір қатысушыға түйреуіш таратылады. Мата бақшаның алаңқайы болады, соған гүлдерді отырғызу қажет. Барлық қатысушылар кезекпен гүлдерін орналыстырады.
Талдау: Мына «ғажайып бақшаны» тамашалаулары сұралады. Өздерінің әсерлері туралы бөліседі.
Әрқайсының гүлдері әр түрлі. Бұл гүлдердің бәріне күн мен күтім керек. Бұл алаңқай педагогтардың әрқашанда жаны гүлге толы екендігінің белгісін білдіреді.
Жаттығудың психологиялық мағынасы: ішкі қобалжудан арылу, сезіне білуге үйрену, өзіндік бағалауды нығайту және өзіне деген сенімділік. Жаттығу өзін сезініп, түсінуге өзімен – өзі болуға, өзінің ойын еркін айтуға және өзін әлемнің бір бөлшегі екендігін сезінуге мүмкіндік береді.

12. Басыбайлықтан босату ойыны - «Қол тигіз»
Жүргізуші: «Сарыға дейін ғана қол тигіз!» атты жаттығуды бастамас бұрын, шартын тыңдап аламыз.
Қатысушыларға бөлме ішіндегі және киімдегі сары түске қол тигізуі керек. Тапсырма: ол қай жерде орналасса да, қандай болса да қол тигізу қажет. Ойын көңілді және шапшаң өтуі керек.
13. Рефлексия «Кері байланыс қалтасы»
Психолог барлықтарына тілектерін, қобалжуын, көңілі толған, толмағанын, «Позитив (Ақиқат)», «Жағымсыз» қалтасына жазғандарын салулары ұсынылады. «Жағымсыз» қалтасы көптің қошеметімен сол жерде құртылады, ал «Позитив (Ақиқат)» қалтасы эмоционалдық қолдау арқылы көрнекті жерге қойылады. Соңында педагогтар өздерінің қалауларымен жазғандары бойынша ой бөліседі.

14. Қоштасу «Біз достарға бақыт, қуаныш, мейірім.... тілейміз.»
Психолог сабақты қорытындылау үшін, барлық тренинг қатысушыларды шеңберге тұрғызып, өз тілектерін білдіру үшін «Қошемет сөз» ойынына шақырады. Қатысушылар бір - біріне кезекпен ақ тілектерін білдіреді. Соңғы қатысушы айтқаннан кейін барлығы қосылып «Біз достарға тілейміз» сөзімен аяқтайды. Психолог барлықтарына сәттілік пен көтеріңкі көңіл - күй тілейді.
13 714
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Педагогтарға арналған «Шығармашылық қабілеттерін шыңдау» психологиялық тренингі
Педагогтарға арналған «Шығармашылық қабілеттерін шыңдау» психологиялық тренингі
Шығармашылық мүмкіндік – креативтілік (ағылшын тілінен енген creativity~ адамның нәрсені жаңа тұрғыда көру.
Педагогтарға арналған психологиялық жаттығу
Педагогтарға арналған психологиялық жаттығу
Бұл тренинг педагогтардың, тәрбиешілердің педагогикалық ұжымдастықты қалыптастыру. Педагогтардың бір - біріне деген қарым-қатынасты жақсарту, коммуникативтік дағдылану, эмоционалды тұрақтылық, өз-өзіне деген сенімділікті нығайту.
Педагогтарға арналған психологиялық тренинг
Педагогтарға арналған психологиялық тренинг
- психоэмоционалды күйін реттеу дағдысын қалыптастыру; - педагогтардың эмоционалды күйінің алдын алу;
Педагогтарға арналған психологиялық «Өзара түсіністік өнері» тренингі
Педагогтарға арналған психологиялық «Өзара түсіністік өнері» тренингі
Педагогтарға арналған психологиялық «Өзара түсіністік өнері» тренингі Мақсаты: өзара қарым - қатынас қабілеттерін дамыту.
Педагогтарға арналған психологиялық тренинг
Педагогтарға арналған психологиялық тренинг
Ашуды тарқатуға үйрету, өзара түсіністік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған топтық жұмыстар, топпен жұмыс барысында мейірімділік атмосферасын орнату.
Педагогтарға арналған психологиялық тренинг сабақтар жоспарлары
Педагогтарға арналған психологиялық тренинг сабақтар жоспарлары
Ақтөбе қаласы, №1 орта мектеп педагог - психологы Нурмаханова Жанат Тажмухановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×