Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мектепке дейінгі жастағы баланың мектепке дайындық деңгейін диагностикалау

06 мам 2021, Бейсенбі
Категориясы: Психология
Мектепке дейінгі жастағы баланың мектепке дайындық деңгейін диагностикалау
Мақсаты: Оқушылардың мектепке бейімделуін қалыптастыру, психологиялық жетелеу.
І. А. Р. Лурияның қысқа мерзімді есте сақтау қабілетін анықтау.
Бір - біріне ұқсамайтын, бір - біріне байланыспайтын 10 сөз дайындаймыз.
Мысалы: ине, орман, су, кесе, үстел, саңырауқұлақ, саты, пышақ, нан, еден, құмыра.
Нұсқау: «Қазір мен саған сөздер оқимын, ал сен есіңде сақтағаныңды маған қайталап бересің. Мені мұқият тыңда. Мен оқып болғаннан кейін бірден қайтала. Дайынсың ба?
Оқимын. Осыдан кейін 10 сөзді нақты айтыңыз, балаға қайталауды ұсыныңыз. Сөздердің орны ауысса болады. Осы жағдайды 5 рет қайталаңыз. Әр аталған сайын сөздерге х белгісін қойыңыз. Хаттамаға нәтижесін енгізіңіз. Бала нешінші рет қайталағанда көп сөзді есіне сақтап айтқанын анықтаңыз. Осыдан кейін балаға мынадай мінездеме беруге
болады.
А) Егер бала бастапқыда көп сөз айтып, кейін сөз тізбегін азайтса, онда зейіннің шашыраңқылығын, ұмытшақтықты білдіреді.
Б) Бірде жоғары, бірде төмен зигзаг формасын көрсетсе, зейіннің тұрақсыздығын көрсетеді.
В) «қисық» формада болса, эмоциялық әлсіздікті, қызығушылықтың жоқтығын көрсетеді.
ІІ. Оперативті жүйеліліктің даму деңгейін анықтау әдістемесі.
Нұсқау: «Таблицаға мұқият қара». Ол бірнеше торкөзге бөлінген. Ондағы фигуралар әр түрлі және формалары да әр түрлі. Барлық фигуралар белгіленген ретпен орналасуы қажет: әр фигураның өз орны, өз торкөзі бар.
Енді таблицаның ортасына қара. Мұнда көптеген бос торкөздер бар. Сенің
таблицаның астыңғы жағында 5 фигура бар.
Қай фигура қай торкөзде тұру керектігін қара және маған айтып бер. Фигураларды орналастыр. Мына фигура қай торкөзде болу
қажет?
Бағалау 10 баллмен есептеледі. Әрбір кесте 2 баллдан алынып тасталады.
ІІІ. Образдық қиялын анықтауға арналған әдістеме
Балаға кезекпен қиылған суреттер беріледі.
А) Нұсқау: «Егер сен осы бөліктерді дұрыс құрастырсаң, онда әдемі ұл баланың суреті шығады, қане тезірек орында»
Бағалау:
10 балл – 15 секундқа 5 балл – 50 секундқа
9 балл – 20 секундқа 4 балл – 70 секундқа
8 балл – 25 секундқа 3 балл – 90 секундқа
7 балл – 30 секундқа 2 балл – 110 секундқа
6 балл – 40 секундқа 1 балл – 130 секундқа
ІҮ. Әдістеме. «Көрсете отырып түстерді атау»
Әр түрлі түсте 10 үлестірме әзірлеңіз: қызыл, қызғылт - сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін, ақ, қоңыр, қара.
Балаға үлестірмені көрсетіп сұраңыз: «Үлестірме қандай түске боялған». Дұрыс айтылған
10 үлестірмеге – 10 балл. Әрбір қатеге 1 баллдан төмендету қажет.
Ү. Әдістеме. «Қозғалысты қайталау»
Нұсқау: «Мына суретке мұқият қар және дәл осындай сурет сал. Мына жерге (көрсетіңіз)». Бала бланкте салынған суретті жалғастыруы қажет. Кезекпен 6 бланк беріледі. Әрбір дұрыс орындалған тапсырмаға – 1 балл. Шамамен 6 балл болуы керек.
Баланың мектепке дайындық коэффициенті жүргізілген әдістеменің санына қарай баллдық жүйемен анықталады. Мектепке дайындық коэффициенті - 1 баллға дейін қанағаттанарлықсыз, 3 – баллға дейін – нашар, 5 баллға дейін – жақсы, 6 балл – өте жақсы

Турганбаева Нурсауле Туракбаевна
Педагог - психолог, МКҚК «Айгөлек» балабақшасы
Құрық ауылы, Маңғыстау облысы
2 921
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Диагностика балаларға 3 жастан 4 жасқа дейін
Диагностика балаларға 3 жастан 4 жасқа дейін
Мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың танымдық саласын зерделеу
Балаларды дамытуға арналған психологиялық ойындар және интербелсенді жаттығулар
Балаларды дамытуға арналған психологиялық ойындар және интербелсенді жаттығулар
Балаға әртүрлі сөздерді атаңыз: үстел, кереует, кесе, қарындаш, дәптер, кітап, тоғай, шанышқы және т. б. Ол келісім бойынша белгілі бір сөздерге қимылмен жауап беруі керек.
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Қызылорда қаласы, «Назым» балабақшасының тәрбиешісі Құлахметова Гаухар
Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке психологиялық дайындау
Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке психологиялық дайындау
Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, «Балапан» балабақшасының меңгерушісі Ж. Маниева
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
«Алақай» балабақшасы «Алақай» балабақша меңгерушісі Куаншалина Алма Аблайқызы
Ата-аналарға психологиялық кеңес
Ата-аналарға психологиялық кеңес
Екібастұз қаласы, № 23 «Балауса» мектепке дейінгі гимназия Дайындаған: Абдинова Үміт Даутқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×