Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақтың тұңғыш профессор математигі Әлімхан Ермеков

09 қаңтар 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Рефераттар
Ермеков Әлімхан (1891 жылы — 1970) — Алаш қозғалысының жас та, алғыр, іскер қайраткері. Алашорда үкіметінің мүшесі, табиғатынан зерек тұлға, математика ғылымдарынан тұңғыш қазақ профессоры.

Әлімхан Ермеков 1891 жылы осы күнгі Қарағанды обылысы, Ақтоғай ауданы, Бөріктас деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Әбеу халыққа қадірлі, озық ойлы, орысша сауаты бар, өз дәуіріндегі зиялылардың бірі болған. 1899 жылы Қарқаралыдағы қалалық училищеге оқуға түседі. Мектеп қабырғасында зейінді, алғыр болған Әлімхан мектепті үздік бітіріп, 1905 жылы Семейдегі ерлер гимназиясына түседі. Осы оқу орнын 1912 жылы алтын медальмен бітіріп, Томск технология институтының тау - кен факультетіне қабылданады.

Томскте оқып жүріп орыстың озық ойлы ойшылдарымен, ғалымдарымен танысады. Шоқан Уалихановтың досы Григорий Потанин Әлімханның бойындағы білімге деген талпынысты көріп, тәнті болады. Қарт Потанин Әлімханға ағалық ақыл беріп, оған: «Әлімхан сенің білімің — ол қазақтың білімі. Сол себепті жақсы оқы және өзгелерді оқыт» — деп, үлкен үміт артқан. Осы сөздерді Әлімхан аға өмірлік ұстанымына айналдырып, ақтық демі қалғанша ұлтымызға еңбек етті. Григорий Потанин Ермековке бекер назар аудармағанын уақыт дәлелдеді. Әлімхан ағамыз өз қолымен толтырған анкетарларда ағылшын, неміс, француз, итальян тілдерін білетінін көрсеткен. Қызметтес болған, шәкірт болған, әйтеуір Әлімхан Ермековпен өмір жолы тоғысқан тұлғалардың барлығы дерлік Әлиаға жайынды жылы лепес білдірген. Терең білімді, көркем - мінезді Әлімхан ағамызға замандасы Сұлтанмахмұт келесі өлең жолдарын арнаған:
Әлімхан Ермекұлы жас жігіттен,
Келеді екінші болып бұл ретпенен.
Қазақта мұндай жігіт көрмедім, — деп,
Ардақты қарт Потанин лепес еткен.
Томдағы инженерлік сабағында,
Жетеді біл жылдан соң тамамына.
Өткізбекші өмірін ілім үстінде,
Бір түрлі биіктік бар талабында.
Сөйлеп кетсе, қозғалар бойда жаның,
Тас болса да ерітер жүрек қанын.
Шындығы, тереңдігі, әділдігі,
Тусаң ту осылай, — дегізер жанның бәрін.
Адалдық, ақжүректік, ақтығына,
Бір ауыз қарсы айта алмай құрыды әлің.
Меніңше Ермеков — деген бала,
Ұқсайды ұшқыр қыран қаршығаға.
Сөз, білімін сынайтын жер ілгері,
Әзір адал кісі ғой, жеке дара,
Патша өкіметі құлатылғаннан кейін елдегі қалыптасқан жағдай­ды айқындап, алда не істеу керек­тігін шешіп алу үшін жер - жерде қазақ съездері ашылып жатты. Ә. Ермеков, алғаш рет саяси іске алаш қозғалысына, 1917 жылы 27 сәуір, 7 мамыр аралығында өткен Семей облыстық қазақ съезіне қатысады. Онда ол басқа да адамдармен бірге съезд президиумының хатшылығына, онан кейін съезд шешімімен Семей облыстық қазақ комитетінің мүшелігіне сайланады.

Әмбе ол, қазақтар жағынан Халел Ғаббасов екеуі Семей облыстық атқару комитетінің төр­ағасының орынбасары болады.
Шілде айындағы жалпықазақтық съезде Семей облысынан Бүкілресейлік құрылтай жиналы­сына депутаттыққа ұсынылады.

1917 жылы 8 - 17 қазанда 1 - Сібір облыс­тық съезіне, делегаттар жиналысы атынан қатысады да, оның президиумына Семей об­лы­сы­нан кіреді. Съезде Сібір автономиясының негізгі заңын жазатын комитет құрылып, оған қазақ делегаттары Ә. Ермековті кіргізеді.

Міне, алаш жолындағы көптеген саяси істерге қатысып, шыңдалған Әлімханды «Қазақ» газеті «Технологический институтқа асқан зеректер ғана түседі. Әлім­хан білімді, шешен, өткір, халыққа қызмет етуді өзіне парыз санаған жігерлі жас азамат», — деп сипат­тайды. Осындай жан - жақты дарын иесі жас сұңқардың желтоқсанда өткен жалпы қазақ съезінде Алашорда үкіметінің мүшелігіне өтуі таңғажайып емес еді. Әмбе ол, «Алаш» партиясының Семей облыстық комитетінің мүшесі де болатын.

Әлихан Ермековтің тарихи зор еңбегінің бірі — Қазақ автономиясы шегарасының біртұтастығын жанқиярлықпен қорғауы. Осы орайда ол 1920 жылы 17 тамызда В. И. Лениннің төрағалығымен өткен қазақ өкілдері қатысқан Халық комиссарлары кеңесінің мәжілісінде Қазақ автономиясы туралы мәселе қаралғанда, Қазақстанның жағдайы туралы Ә. Ермеков баяндама жасайды. Онда ол жер, Қазақстанның шекарасы туралы мәселелерді қамтып, өктемшіл, озбыр, отаршылдық пиғылдағы өкілдермен қызу айтысқа түсіп, өз пікірін тиянақты, жан - жақты, бұлтартпас дәлелдермен қорғап шығады. Окупанттар өз кінәсін мойындап, нәтижесінде, кезінде қазақтардан тартып алынған Кас­пийдің теріскей жағалауындағы ені бір шақы­рымдық және Ертістің сол жағалауындағы он шақы­рым­дық ұлан - ғайыр жер Лениннің тікелей қолдауымен Қазақ еліне қайтарылады.

Қазақ автономиясын құруда Ә. Ерме­ков­тің өлшеусіз еңбегін зерделей отырып, онан кейінгі жасампаздық жолдары Қазақ елінің шаруашылық жайын қалыптастырып, нығайтуға халықты ағарту сияқты нақты істерге бағытталғандығына көз жеткіземіз. Қарқаралыда мектеп ашады, Ташкент пен Алматыдағы жоғары оқу орындарында математикадан дәріс оқиды. «Ұлы математика курсы» 1 - бөлім (1935), «қазақ тілінің математика терминдері» (1936) атты оқулық, кітаптарды жарыққа шы­ғарады. Қазақ арасынан тұңғыш математика ғылымының профессоры атағын алады. Сонымен бірге нағыз білім мен біліктілікті қажет ететін сала — Халық шаруашылығын жоспарлау комитетінде және басқа да жауапты қызметтерде болады. 1929 - 1930 жылдары бір топ қазақ зиялылары абақтыға алынып, тергеуге түскенде, Ә. Ермековті де түрмеге қоса қамайды. Алаш ісінің мүлдем құртылып, ұрпақтық сабақтастық үзіліп қалмау және ұлт зиялылары болашақты ойлап, Алаштың жас түлек дарындары М. Әуезов пен Ә. Ермековті сақтап қалу мақсатында олар, «кінәларын мойындап» сол жолы бостандыққа шығады.

Алайда 1937 жылғы қара бұлт Ә. Ер­мековтің басына тағы да үйіріліп, 1939 жылы сотталып, 1947 жылға дейін түрмеде отырып шығады. Түрмеден шыққаннан кейін жаламен қайта ұсталып, 1958 жылы босайды. 1957 жылы 26 қарашада толық ақталып, 1970 жылы қайтыс болады.

Қазақтың тұңғыш профессор математигі Әлімхан Ермеков
Әлімхан Ермеков қазақтың математика саласындағы тұңғыш профессоры, қазақ тіліндегі тұңғыш жарық көрген «Жоғарғы математика курсы» оқулығының иесі, қарапайым құмға аунап өскен қазақтың баласы. Ол 1891 жылы Семей облысының Қарқаралы уезі, Темірші болысында туған.
Әлімханның арғы атасы Ермек Байтасов Құнанбайдың төсекте басы, төскейде малы қосылған туыстас елдің азаматы. Өз әкесі Әбеу Әмірхан, Әлімхан, Әлихан атты үш ұл тәрбиелеген, көзі ашық, көкірегі ояу жан болыпты.
Әке балаға сыншы. Әлімханның алғырлығы мен зеректігін ақылды әке ерте бастан-ақ таныған. Бастауыш сыныпты үздік бітірген баласын әкесі Семей гимназиясына түсірді. Осында оқыған жылдары оны саяси сенімсіз деп стипендиядан қақса да, ара-арасында ауқаттылардың баласын ақылы оқытып, оқуын алтын медальмен бтірді. Бұл кезде ардақты әкесі 1911 жылы 54 жасында дүниеден өткен еді.
Ол кезде ережеге сай гимназияна алтын медальмен бітірген түлек Санкт-Петербург Политехникалық институтына қабылданатын. Қаржы қол байласа да, қисынын тапқан Әлімхан Томск Технологиялық институтының тау-кен факультетіне конкурссыз қабылданады.
11 246
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Тұлпар аунаған жерде түк қалады
Тұлпар аунаған жерде түк қалады
Ақжан Жақсыбекұлы 1906 жылдың 2 қарашасында Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. "Тұлпар аунаған жерде түк қалады” дегендей, Ақаң аты­шулы Машан бидің немересі.
Алашорданың батыс бөлімінің тарихы - өлке тарихының құрамдас бөлігі
Алашорданың батыс бөлімінің тарихы - өлке тарихының құрамдас бөлігі
Алашорданың батыс бөлімінің тарихы - өлке тарихының құрамдас бөлігі
Бір - біріне қарама - қарсы қозғалыс. Жақындау жылдамдығы.
Бір - біріне қарама - қарсы қозғалыс. Жақындау жылдамдығы.
Бір – біріне қарама - қарсы қозғалыстарға есептер шығару әдістерімен таныстыру, жақындау жылдамдығы деген ұғым беру. Оқушыларды қозғалысқа қатысты есептерді шығару дағдыларын, ақыл - ойын, ой - өрісін, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту.
Ахмет Бірімжановтың өмірдерегі
Ахмет Бірімжановтың өмірдерегі
Бірімжанов Ахмет Қорғанбекұлы 1871 - 1927 жылдары өмір сүрген алашорда үкіметінің мүшесі, Шақшақ Жәнібектің ұрпағы. Алашорда қозғалысына белсене қатысқан екі Ахметтің болғаны тарихтан белгілі.
Техника ғылымының саласындағы белгілі тұлғалар
Техника ғылымының саласындағы белгілі тұлғалар
Жалпы мақсаттар: сыни ойлау көзқарасын дамыта отырып, өз бетінше тіл үйренуге, білім алуға қабілетін баулу, жағдаятты шешу арқылы сабаққа қызығушылығын арттыру;
І.Жансүгіровтың Құлагер поэмасы (реферат)
І.Жансүгіровтың Құлагер поэмасы (реферат)
Қысқаша өмірбаяны Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. Болашақ ақынның бұдан соңғы біраз уақыты ауылда өтеді. 1919 жылы. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі. Оны бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×