Мүшел жас - мерейлі жас
Тәрбие сағатының тақырыбы: Мүшел жас - мерейлі жас.
Мақсаты:
Мүшел туралы қызықты пікірлермен балаларды таныстыру.
Мүшелде қандай сыр бар, ол қандай сөзден шыққанына түсінік беру.
Балалардың алғашқы мүшел жасына сипаттама беру. Оларды ата-аналарын сыйлауға, мейрімділікке, қайырымдылыққа, әдептілікке, сыйластыққа, достарын сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Аудандық балалар кітапханасының мүшел жасқа арнап жасақтаған көрме.
Аудандық балалар кітапханасымен және мүшел жас иелерімен бірге өткізіледі..
Тәрбие сағатының жүрісі:
Алғы сөз «13 жас-алғашқы мүшел»
«Мүшел жас-мерейлі жас» әдеби-сазды бағдарлама.
Мүшел жасқа шыққан қонақтарға сөз беру.
Көрмеге шолу.
5. Мерекелік ән-шашу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі «13 жас – алғашқы мүшел»
1- жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар,мүшелі жас иелері, қымбатты балалар! Біздің бүгінгі көрсеткелі отырған бастамамыз ата-бабамыздан қалған, бізге жеткен қызықты дерек мүшел жас туралы болмақ. Мүшелдің таралу шеңбері өте үлкен. Мүшел есебіндегі жылдар рет саны бойынша аталмайды. 12 түрлі хайуанның атымен аталады. Әр жылға бір хайуанның аты берілген.
Мүшел жасты анықтағанда бір ерекшелікті есте ұстаған жөн. Бала 13 жасқа толғана бір мүшел деп қайырады да, кейінгілерге 12 жылды қосып отырады. Сонда бір мүшел – 13 жас, екі мүшел – 25, үш мүшел – 37, төрт мүшел – 49, бес мүшел – 61, алты мүшел – 73, жеті мүшел – 85, сегіз мүшел – 97 деп қайырып, адам жасын оңай шығарады.
2- жүргізуші: 13 жас-жақсы мен жамандықты, ар мен намысты, дос пен жолдасты айыра білетін кезең. Қазақ халқы жас жеткіншектердің тәрбиесіне көп көңіл бөлген, олардың бойына мейірімдік, қайырымдылық, әдептілік, сыпайылық сияқты жақсы қасиеттерді сіңіре білген. Міне осындай қасиет сендердің бойларыңнан да табылса деймін.
1 -жүргізуші: Аслан, жыл қайыру туралы аңызды білесің бе?
2 -жүргізуші: Білмеймін, қане мына мүшел жас иелерінен сұрап көрейік!
1 -оқушы:
Ертеде түркі қағандарының бірі өзінен бірнеше жыл бұрын өткен атышулы бір соғыстың тәсілін үйренбекші болады. Бірақ ол соғыс қай жылы өткенін білмей әбден шатасады. Сонда қаған өзінің қауымына былай депті: «Біз тарихымызды анықтауда көп жаңылыстық, ал бұдан кейінгілер бұданда жаман жаңылысады. Біз енді жылдарға ат қояйық. Бұл біздің кейінгілерге қалдырған ескерткішіміз болсын».
Сөйтіп Іле өзенінің екінші басына ау құрғызып, жабайы хайуандарды өзенге қарай қууға бұйрық береді.
Нөкерлер хайуандарды қаумалап үркіте бастайды. Бәрі бірдей өте алмай, он екісі ғана судан аман шыққан екен. Ең алдымен судан өткен тышқан болыпты. Осыдан жыл басы Тышқан аталыпты. Одан кейін судан сиыр, сосын барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз өтіпті. Сөйтіп әр қайсысы бір-бір жылдың атын алыпты. Осылай он екі жыл бір айналып шықса бір мүшел жас екі айналып шықса екі мүшел жас болыпты.
2 -оқушы:
Кейбір деректерде «мүшел» сөзінің «мүше» сөзінен екені айтылады, сонда мүшеге ие болған хайуан деген ұғымды береді, яғни барлық хайуан емес, киелі, қасиетті хайуан ғана уақыт өлшеміне ие болған.
Кейбір деректерде «мүшел» сөзі қатар деген ұғымды білдірген, мүшел жылы сол адамда қатерлі жыл болады деп есептеген. Соған байланысты жаратылыстан тыс тұрған күштерге жалбарынып, құдайы беріп, қан шығарып, мүшелден аман-есен шығу үшін деп сол адамның қимас киімін және матадан жыртып жарлы—жақыбайларға таратылады екен.
Мүшел жас күні мал сойып, құран оқыту да мүшел жастан аман-есен шығып, ұзақ сүру үшін, бақытты болу үшін істелетін ырым екен.
3- оқушы
Жоғарыдағы мүшел жылдардың әрқайсысының адам өміріне тигізер әсері, ықпалы болады. Алғашқы мүшел он үш жаста баланың ересектік шаққа өту кезеңі айқындалады. Бұл кезеңде ер балалардың дауысы өзгеріп, сүйегі іріленіп, қыз балалардың дене бітімі сүйкімді бола бастайды. Халқымыздың осындай ес тоқтатып, етек жаба бастаған жасты «Он үште отау иесі» деп дәріптеген. Балаларын отбасылық өмірге баулуды. Қолға алған. Осындай жеткіншек шағын Ақтамберді жырау: Жасым жетіп он беске,
Кірер ме екем кең есікке,
Бұғана қатып, бел бекіп!
Ерегіскен дұшпанмен
Шығар күн туса күреске! – деп талпынса,
Алмажан Азаматқызы: Он төртіме келгенде,
Салиқалы қыз болдым
Жібектей шашын талдаған, - деп ,
бойын күтіп, бойжеткендік шаққа жеткенін аңғартады.
4 - оқушы:
Ал жиырма бес нағыз жігіттік жас деп есептеледі. Бұл кезде бойдағы күш-қуат кемеліне келеді. Тасыған күш-қайратты қайда жұмсарын білмей жалындап тұратын кез. Бұл дәуірдегі Жүсіп Баласағұн:
Ең тәтті кез жігіттіктің шағы да,
Игіліктің о да берген, - деп дәріптесе ,
Абай: Жастықтың аты арындап
Тас қияға өрледің, - дейді.
Шал ақын:
Жиырма бес – енді келмес албырт жассың,
Қайратың қиратқандай таудың тасын, - деп тамсана жырына қосқан.
5 - оқушы:
Отыз жеті жас - өмірдің жақсы-жаманын, оң-солын танып, ақыл тоқтатып, қырыққа жақындаған кез. Бұл уақытты Ж. Баласағұн:
Жаста келіп қырықпенен астасар,
Ерттеп қойған құр аттай, - деп бедерлесе, Шал ақын:
Қырық та бір жас екен, қырдан астым,
Көңілді тасып жүрген әрең бастым, - деп сабасына келеді.
6 - оқушы:
Қырық тоғыз жас-бойдағы күш қайта бастағанымен кәрілікті мойындамаған, ақыл-ойы нағыз кемеліне келген нағыз ердің жасы.
Бұқар жырау Елу деген жасыңыз,
Ода бір көшкен ел екен, - деп толғанса, бұл кезеңді:
Елу де бір жас екен есептеулі,
Есептеп елдің жөнін білсек дейді.
Кешегі жиырма бес жас қайтып келіп,
Көңілім бұрынғыдай жүрсек дейді, - деп кейіптейді.
7 - оқушы:
Алпыс бір жас – даналығы артып, өткеніне сын көзбен қарайтын, тәубеге келетін кез.
Бұл мезгілді Бұхар жырау: Алпыс деген жасыңыз
Қайғылы – мұңлы кұн екен, - деп мойындаса,
Шал ақын: Алпыстағы жасыңыз
Қоңыр салқын күн екен...
Алпыс жас – бұл бір өткен өмір сәні,
Алпыста бойда қуат тұрмас бәрі, - деп тоқтамға келеді.
8 - оқушы:
Жетпіс үш жас. Бұл мүшелдегі кәрілікті мойындап, бойы еңкіш тартады, аяғы тұсалып, жүріп-тұруы қиындайды.
Бұл кезеңді Ж. Баласағұн:
Бұл дүние көздің жауын, нұрын алар,
Жасарып ап жас келіндей ырғалар.
Қуантар да, жалған салар сүргінге,
Теріс қарар мәз қып қойып бір күнге, - деп суреттесе,
Шал ақын:
Жетпіс те жер таянбай тура алмайсың,
Мойыныңды жан-жағыңа бұра алмайсың, - деп күрсінеді.
9 - оқушы:
Келесі мүшел жас – 85 жас. Бұл тіпті қызық. Бұл жаста адам жүріп-тұрудан, ұйқыдан қалады. Бала сияқты өкпелегіш болып, күйбең тірлікке түседі. Бұхар жырау бұл уақытты:
Сексен деген жасыңыз
Қараңғы тұман түн екен, - деп тұқыртса, Шал ақын:
Сексенде таяғыңды серіппейсің,
Селт етіп еш нәрсеге елікпейсің, - деп сынап мінейді.
10 - оқушы:
Тоқсан жеті жас. Бұл мүшелге жеткен адамдардың кейбірі алжып, жас баладай жаутаңдап, қауқарсыз болып қалады.
Осы мезгілді Шал ақын:
Тоқсан, сен таман жастың зоры екенсің,
Сүйегің қартайған соң бор екенсің .
Тоқтының баласына әлің келмей,
Балаңның баласына қор екенсің, - деп толғаса ,
Меделі Жүсіп Қожаұлы
Тоқсан бес тоқайласып жүз келеді,
Көктем, жаз, кезегімен күз келеді.
Күзден соң қаһарлы қыс сияқты,
Денеңе қызу емес, мұз келеді, - деп түйіндейді. Иә, бұл жасқа жеткенде бар, жетпеген де бар. Алладан сол жасқа жеткізсін деп тілейік.
11 - оқушы:
Месебіндегі жылдар рет саны бойынша аталмай, 12 түрлі хайуанаттың атымен аталатынын білдік. Осы сияқты 12 айдың өзіндік жорамал аттары бар екенін білеміз. «Жұлдыз жорамал» тыңдайық.
1 оқушы: 21 наурыз бен 20 сәуір. Тоқты: Қызу қанды, алғыр, ақылды.
2 оқушы: 21 сәуір мен 21 мамыр, Торпақ: Өзімшіл, шындықты сүйетіндер.
3 оқушы: 22 мамыр мен 21 маусым. Егіздер: Кекшіл, жалқау,
4 оқушы: 22 маусым мен 22 шілде. Бүйі: Кекшіл, өзімшіл, өркөкірек.
5 оқушы: 23 шілде мен 22 тамыз. Арыстан: Ержүрек, тік мінезді.
6 оқушы: 23 тамыз бен 23 қыркүйек. Бикеш: алдамшы, алаяқ, бірақ алғыр.
7 оқушы: 24 қыркүйек пен 23 қазан. Таразы: Адамгершілігі мол, бірақ қу.
8 оқушы: 24 қазан мен 22 қараша. Шаян: Кекшіл, ешкімге жақсылығы жоқ.
9 оқушы: 23 қараша мен 23 желтоқсан. Мерген: Батыр, ержүрек, мейірімді.
10 оқушы: 22 желтоқсан мен 20 қаңтар. Тауешкі: Білімді, қайырымды, бірақ алаңғасар.
11 оқушы. 21 қаңтар мен 20 ақпан Суқұйғыш: Ұмытшақ, адал, алаңғасар.
12 оқушы: 21 ақпан мен 20 наурыз. Балық: Өте қу, дарыны аз, бірақ жолы өте жеңіл болады.
Мүшелі жас иелеріне сөз беріледі.
2 - жүргізуші: Денің сауда жетерсің арманыңа
Жоспарлап алға қойған мақсатыңа,
Денің сауда көрерсің бұл дүниенің.
Бар қызық, рахатын, жарығында.
жүргізуші:
Денсаулық-шексіз бақыт,
Досым менің,
Сондықтан көңіл аудар денсаулыққа.
Қолда барда біл оның қасиетін,
Күтіп, баптап, аяла әр уақытта.
2 - жүргізуші:
Өзге халықта сияқты қазақ елінің де бала тәрбиесі жөнінде ата заманнан бері жиып терген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындағы ізгілік, қайырымдылық, кішіпейілдік, әдептілік, елін, жерін, Отан сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді. Бүгінгі кешімізден осы қасиеттерді бойларыңа сіңіре біліңдер.
Аудандық балалар кітапханашысы «Мүшелде жұмбақ сыр бар...» тақырыбындағы көрмемен таныстырып өтеді.
Ән: «Туған күн кешінде»
Орындайтындар: Енесеева Бағдат, Лесқалиева Нұршат
Күй: «Сылқым қыз».
Орындайтын: Энгльсова Айман
Би: «Көркем»
Орындайтындар: Аманбаева Ақмаржан, Бүркітбаева Мадина
Ән: «Армандастар»
Орындайтындар: Сүйірбаев Асылан, Балтабаева Айзада.
1 - жүргізуші: Мүшел жасың құтты болсын,
Орындалсын ойда жүрген бар арман
Таусылмайтын бақыт беріп басыңа
Отбасыңмен аман болшы әрқашан.
2 - жүргізуші: Құрметті қонақтар мен оқушылар «Мүшел жас-мерейлі жас» атты тәрбиелік шарамызды жабық деп жариялаймыз.

Жаңалықтар
Түйе мен тышқан (монғол ертегісі)
Ертегінің мазмұны мен идеясын ашу. Мүшел туралы түсінік беру. Оқушыларды талдау, талқылау, салыстыру және қорытынды жасауға үйрету;
Жыл. Ғасыр.
Уақыт бірліктерімен (тәулік, апта, ай, жыл, мүшел, ғасыр) және олардың арақатынасымен таныстыру; өзара кері есептер құру және шығаруды.
Топтау және бөлшектік сан есімдер
Топтау сан есімдер заттың санын жекелеп емес, топтап көрсетеді де, нешеден? Қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді. Топтау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс есептік жалғауы жалғану арқылы жасалады.
Мүшелде бар жұмбақ сыр
Егер мүшел жас туралы неғұрлым көп білсек, адам өміріне тигізер әсері мен ықпалының сырларын ашар едік. Ұлы ғалым Пифагор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену – сенбеу әркімнің өз еркінде дейтұрғанмен, әр
Жолаушы жігіт
Ақтау қаласындағы № 10 орта мектептің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Хасанова Нұргүл Қаламғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.