Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жолаушы жігіт

07 қаңтар 2015, Сәрсенбі
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Жолаушы жігіт

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
Білімділік: Адамзат тарихында жұлдыздай жарқырап із қалдырған, Шығыстың «Екінші Аристотелі» атанған ұлы ғалым Әбу Насыр әл - Фарабидің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру, оқушыларды өз бетінше шығармашылық ізденіс жасауға дағдыландыру.
Дамытушылық: Шәкірттердің шығармашылық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой - өрісін, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Оқушыларды Әбу Насыр әл - Фараби өнегесі арқылы еңбексүйгіштікке, білімқұмарлыққа тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегиялары, сұрақ - жауап, пікір алмасу, әңгімелеу.
Жұмыс түрі: топтық, жұптық.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, география, музыка.
Техникалық құрал: интерактивті тақта.

САБАҚТЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, кезекшімен әңгіме.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
(Әл - Фараби туралы жаңа, қосымша мәліметтер тауып келу, «Отырар кітапханасы» мәтінінің мазмұнын айту).

ІІІ. Жаңа мәтінмен жұмыс.
1. Жаңа сөздер:
ұлық – правитель
құмар болу – быть сильно увлеченным
қара мұртты – черными усами
өткір көзді – с проницательным взглядом
қыр мұрынды – прямым носом
кең маңдайлы – широким лбом
бидай өңді – белолики, светлый
ат жақты – с широким, открытым лицом
кең иықты – широкоплечий
ашаң жігіт – худощавый
а) сөз тіркесін құрау;
ә) сөйлем құрау;
б) мәтінді оқып, танысып, аудару.

2. Сұрақ - жауап:
(Әсіресе соңғы сұраққа мән беру, оқушылардың ойын білу).
3. 2 - тапсырма: Мәтін бойынша сөйлемдердің дұрыс не бұрыс екенін анықтау.
4. 4 - тапсырма: Мәтіннен Әбу Насыр әл - Фарабидің бет - әлпетін суреттеген сөз тіркестерін тауып айтыңдар.

IV. Ой қозғау стратегиясы. (Оқушылардың өз тобындағы бір оқушыны суреттеуі, екі топқа қағаз беріледі).
Есте сақтаңдар!
Адам жасын мөлшерлеп атау:
25 жасқа дейінгі кезеңді «дәурен» дейді.
50 жасқа дейінгі кезеңді «ел ағасы» дейді.
75 жасқа дейінгі кезеңді «аталық жас» дейді.
75 жастан кейінгі кезеңді «қарттық жас» дейді.
100 жыл, бір ғасыр, оны «дәуір» дейді.
(Оқушыларға кеңірек түсіндіріп кету).

Жаттап алыңдар:
Мүшел жастар: 13, 25, 37, 49, 61, 73, 85, 97.
Балалық мүшел – он үш жас.
Жігіттік мүшел – жиырма бес, отыз жеті жас.
Ағалық мүшел – қырық тоғыз, алпыс бір жас.
Аталық мүшел – жетпіс үш жас.
Кәрілік мүшел – сексен бес, тоқсан жеті жас.

Топтық жұмыс.
V. Лексикалық ойын. «Синонимдер мен антонимдер».
Мәтіннен алынған мына сөздердің синонимдері мен антонимдерін табыңдар:
ұлық –
өмір –
қызықты –
босаға –
өңді –
сауық –

VI. Мәтіннен сабақтас және салалас құралас сөйлемдерді тауып, оларды сөйлем мүшелеріне талдау.
Мақалдарды түсініп оқып, мазмұнын өз сөздеріңмен айтыңдар:
1. Бірінші байлық – денсаулық.
2. Адамның жүрген жері – абат.
3. Өнерлі бала – сүйкімді.
4. Оқы да біл,
Ойна да күл.

VII. Антоним сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар:
қызықты – қызықсыз
жіңішке – жуан
құмар болу – жек көру
қара – ақ
үстінде – астында
өткір – ұяң
кең – тар
алыс – жақын
босаға – төр
ашаң – толық

VIII. Ойын «Құпия хат».
Сөздерді дұрыс тауып, сандардың орнына тиісті әріптерді қойып, құпия хатты толық шешкенде Әбу Насыр әл - Фарабидің екі ғылыми еңбегінің аты шығады.

1 - топтың тапсырмасы:
Ұлттық ойын түрі – 1, 3, 7, 8. (асық).
Маңғыстау облысының орталығы – 8, 9, 1, 6. (Ақтау).
Н. Назарбаев кім? – 2, 4, 5, 1, 3, 7. (Елбасы).
«Қас» сөзінің синонимі – 10, 1, 6. (жау).
«Бар» сөзінің антонимі – 10, 11, 8. (жоқ).
«Дело» сөзінің аудармасы – 12, 3. (іс).

2 - топтың тапсырмасы:
Орманды мекендейді – 1, 10. (аң).
Сиырдың төлі – 2, 11, 8, 1, 4. (бұзау).
Ер қанаты –... – 1, 14. (ат).
Тышқанның мекені – 13, 6. (ін).
«Саз» сөзінің аудармасы – 7, 4, 8, 5, 9, 1. (музыка).
«Ұл» сөзінің синонимі – 2, 1, 3, 1. (бала).

IХ. Сабақты бекіту.
Мәтіннің мазмұны бойынша жоспар құрастыру, сол жоспар бойынша әңгімелеу.
Х. Оқушыларды бағалау, үйге тапсырма. (49 - беттегі 9 - тапсырма).
Сабақты өткізген: ХАСАНОВА НҰРГҮЛ ҚАЛАМҒАЛИҚЫЗЫ,
Ақтау қаласындағы № 10 орта мектептің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 1 - санатты ұстаз.
4 181
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1150 жыл: Әбу Насыр әл - Фараби
1150 жыл: Әбу Насыр әл - Фараби
Әбу Насыр әл - Фараби – әлемге әйгілі ұлы ойшыл, ғұлама ғалым, философ, математика, физика, астрономия, астрология, лингвистика және тағы да басқа көптеген ғылым салаларын зерттеуші, «Шығыстың Аристотелі» атанған жалпы адамзат тарихындағы ең бір
Әбу Насыр әл - Фараби туралы аңыздар. Сағыныш сазы
Әбу Насыр әл - Фараби туралы аңыздар. Сағыныш сазы
Мухамедрахимова Гульжанар Жаскайратовна - бастауыш сынып мұғалімі
Әл-Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы
Әл-Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 5 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Нурсолтанова Ақмарал Алыбайқызы
Орта ғасырда ғылым мен білімнің дамуы
Орта ғасырда ғылым мен білімнің дамуы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Бисенбаева Анар
Орта ғасырлық Қазақстан қалалары
Орта ғасырлық Қазақстан қалалары
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп – гимназиясы Алтаева Гүлжазира Бейсенбаевна
Әл - Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы
Әл - Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы
Білімділік: Оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл - Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан - жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×