Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тілдер мерекесіне арналған интеллектуалдық ойын сабағы: «Миллион кімге бұйырады? »

13 қазан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Сценарий
Тілдер мерекесіне арналған интеллектуалдық ойын сабағы: «Миллион кімге бұйырады?»
Өтетін орын: Кадет корпусы
Сабақтың тақырыбы: «Миллион кімге бұйырады?»
Сабақтың мақсаты:
Жаңа заман талабына сай қоғамдық өмірге еніп отырған әртүрлі жаңалықтарды, сабақ бағдарламасындағы күрделі тақырыптардың ауқымын кеңейтіп, тыңдаушылардың ойлау қабілетін, шапшаңдыққа, тез қозғалуға, бірізділікке тәрбиелеу, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Сигналды жетондар, проектор, слайдтар, ойынға қатысты музыка.
Сабақтың түрі: интеллектуалдық ойын - сабағы

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Сәлеметсіздер ме, қадірлі тыңдаушылар және сабағымыздың қонақтары!
Бүгінгі сабағымызға қош келдіңіздер!
Сұрақ - жауаптар: (тыңдаушыларға жалпы сұрақтар қойылады)
1. Бір жылда неше жыл мезгілі бар? (төрт)
2. Қазір қай жыл мезгілі? (күз)
3. Күзде қандай мерекелерді тойлаймыз?
(білім күні, тілдер күні, отбасы күні, мұғалімдер күні, қарттар күні, қасиетті құрбан айт)

1 - слайд (күздің суреті, музыка, Еңсеповтің күйі)
Дұрыс айтасыздар, қыркүйек айында елімізде Қазақстан халықтарының тілдер күні тойланады.
(Тіл туралы қысқаша ақпарат беру)
Тіл дегеніміз – адаммен бірге пайда болып, қатар жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс. Тіл арқылы адамдар бір - бірімен пікір алысып, өзара түсінісіп, оны қатынас құралы ретінде пайдаланып отырады. Әр адам өз ойын басқа біреуге тіл арқылы жеткізсе, біреудің ойын тіл арқылы түсінеді. Тіл - халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы деуге болады. Халықтың тарихта қалуы тіліне, тілінің сақталуына байланысты. Мағжан Жұмабаевтың: «Жан көріністерінің ең қымбаты – ой, ой тілі – сөз. Тіл адам жанының тілмашы. Тілі кем болса, адамның қор болғаны...» деген сөзі дәлел деуге болады.

2 - слайд. (М. Жұмабаевтың тіл туралы сөздері, суреті)
1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы қабылданды. Ол 1997 жылы қайта өңделіп шығарылды. Оның 4 - ші бабында Қазақ тілі – Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі делінген. Қазіргі таңда мемлекеттік тіліміздің мәртебе күннен – күнге өсіп келеді.
Біз де мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру мақсатымен, бүгінгі сабағымызды аталған мерекеге арнаймыз.
Сабағымыз «Миллион кімге бұйырады?» интеллектуалдық ойын түрінде өтеді.
Музыка (ойынның басталуы)

3 - слайд (Миллион кімге бұйырады жазуы)
Біріншіден, бүгінгі сабағымыздың қонақтарымен таныстырып өтейін.
1. Тілдерді оқыту орталығының директоры – Қайрмденова А. Е.
2. Тілдерді оқыту орталығының әдіскері – Махметова Ж. Қ.
3. Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы – Маширова А. Қ.
4. Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы – Мадиева А. К.
5. Кадет корпусының мемлекеттік тілді дамыту қызметінің бастығы – Қайырбекова А. Ж.

Ойынға тәуекелді ту етіп, келген ойыншыларымыз бар. Қайсыларыңыздың туы желбірейді оны қазір ойын көрсетеді. Құрметті қонақтар, бүгінгі ойыншыларымыз ІІІ - 9, жоғары деңгейдің тыңдаушылары.
Барлықтарыңызға сәттілік тілеп, ойынымызды бастайық. Бүгінгі ойынымыздың бас демеушісі - Қазақстан Халық банкі.

4 - слайд (Халық банктің эмблемасы)
Ойынның бірінші айналымы «Қас қағым сәтте» деп аталады.
Мұнда барлықтарыңызға жалпы сұрақ қойылады, кім бірінші дұрыс жауап берсе, сол ойынға бірінші болып қатысады. Бұл тапсырмада біліміңізбен қатар жылдамдық қажет, жауабы дайын ойыншы қолындағы жетонын көтеру керек.

5 - слайд. ( жалпы сұрақ)
Жалпы сұрақ: Мектепте қойылатын бағаларды төменнен жоғарыға ретімен қойып шығыңыз.
А) жақсы В) өте жақсы
С) қанағаттанарлықсыз Д) қанағаттанарлық
(дұрыс жауабы: С, Д, А, В.)

Бірінші жауап берген ойыншы қошеметпен ортаға шақырылады.
(музыка)
Залда отырған досы тілек айтады.
Оған ойын шарты түсіндіріледі. Ойын айналымы 15 сұрақтан тұрады. Сонымен қатар екі жеңілдік бар - зал көмегі мен досыңнан көмек. Кез келген сұрақта ойынды тоқтатып, ұтып алған соманы алуға болады.
6 - слайд.(15 сұрақ бағаларымен)

І айналым.
1 - слайд. (1-сұрақ - 10000)
1. Қазақ тілінде неше септік бар?
А) бес
В) алты
С) жеті
Д) сегіз
2 - слайд. (2-сұрақ - 20000)
2. Ертеде жіп иіруге қандай құралды пайдаланған?
А) пышақ
В) ұршық
С) қайшы
Д) қамшы
3 - слайд. ( 3-сұрақ - 30000)
3. Апалы - сіңліден туған балалар бір - біріне кім болады?
А) бөле В) жиен
С) немере Д) бажа
4 - слайд. (4-сұрақ - 40000 )
4. Той жүргізушісін кім деп атайды?
А) күйші
В) жаршы
С) асаба
Д) әнші
5 - слайд. (5-сұрақ - 50000)
5. Ежелгі Рим мифологиясында Нептун ненің құдайы болып саналды?
А) ағаштың
В) таудың
С) теңіздің
Д) оттың
6 - слайд. (6-сұрақ - 60000)
6. Қалыңдықтың бас киімі қалай аталады?
А) сәукеле
В) тымақ
С) тақия
Д) бөрік
7 - слайд. (7-сұрақ - 70000)
7. Қазақ балаларына арнап алғаш мектеп ашқан кім?
А) Ы. Алтынсарин
В) М. Жұмабаев
С) А. Құнанбаев
Д) Ш. Уәлиханов
8 - слайд.(8-сұрақ - 80000)
8. Жапондардың «каратэ» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
А) ақымақ бас
В) бос қол
С) талтақ аяқ
Д) қалқан құлақ
9 - слайд. (9-сұрақ - 100000)
9. Аңыз - ертегілердегі қанатты атты қалай атайды?
А) құрақ
В) шырақ
С) құлақ
д) пырақ
10 – слайд. (10-сұрақ - 150000)
10. Алматы қаласында қандай кинотеатр жоқ?
А) «Алатау»
В) «Алматы»
С) «Арман»
Д) «Сарыарқа»

Ақмола облысы, Бурабай ауданы
Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы
Абленова Нұргүл Мырзаболатқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 150
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің ана тілім
Менің ана тілім
«Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне» арналған
“Миллион кімге бұйырады?” атты интеллектуалдық ойын
“Миллион кімге бұйырады?” атты интеллектуалдық ойын
Балқаш қаласындағы жалпы білім беретін типтік мектеп - интернатының математика пәні мұғалімі Баянбаева Айгул Нургалиевна
Миллион кімге бұйырады? Құқық пәнінен қайталау
Миллион кімге бұйырады? Құқық пәнінен қайталау
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №2 мектеп - гимназиясының мұғалімі, Әл - Фараби атындағы ҚҰУ әлеуметтік ғылымдарының магистрі Симбетова Индира Жұмамұратқызы
Білімділер бәйгесі (интелектуалдық сайыс)
Білімділер бәйгесі (интелектуалдық сайыс)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға интеллектуалдық сайысын түсіндіріп топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа адамның жұмысын бағалауға үйрету; қатысушылардың шеберліктерін, ой — өрісін, қызығушылығын дамыту, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Миллион кімге бұйырады?
Миллион кімге бұйырады?
Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектеп мұғалімі: Такенова Жаннат Есентемировна
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Абилхайрова Толқын Бисенбіқызы. Атырау обл, Исатай ауданы , Жанбай селосы. Х. Наубетов атындағы орта мектеп. Технология пәнінің мұғалімі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×