Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ағаш өңдеу және зергерлік өнер

27 қаңтар 2015, Сейсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Сабақтың тақырыбы: «Ағаш өңдеу және зергерлік өнер»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ағаш пен зергерлік ою - өрнектерді көркемдеп өңдеуге арналған құрал - саймандармен таныстырып, әр қайсысының қызметімен таныстырып түсіндіру.
Тәрбиелігі: Оқушыларға эстетикалық, экологиялық, ұлттық тәрбие беру.
Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Еңбек мәдениетіне тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың еңбек етуге өзара қатынасын арттыру, еңбекке іскерлігін, икемділігін дамыту.
Көрнекілігі: Плакат, интерактивті тақта.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап әдісі, баяндау әдісі.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
• Оқушылармен сәлемдесу.
• Кезекші тағайындап, сабаққа қатысымын бақылау.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Адам баласы жер бетінде пайда болғаннан бастап ағаш алғаш тұтынған материалдың бірі болған. Қазіргі ғылыммен техниканың шарықтап өскен заманда біздің күнделікті өмірімізде ағаштың алатын орыны үлкен және маңызды материал. Бұрынғы замандардан - ақ адам баласы ағаштың қасиетін жоғары бағалап, ағашқа табынып келген. Енді, осы ағашты өңдеп - безендіріп, әшекейлейтін шеберлер туралы тоқтала кетсек. Қазақ қолөнер шеберлерінің күнделікті еңбегінің тым ауырлығының бір себебі - олардың басым көпшілігінде жабдықталған арнайы шеберханалардың болмауы. Әсіресе зергерлер, етікшілер т. б. ұсақ-түйек бұйымдар жасайтын шеберлер, көбінесе қысы - жазы өзінің тұрғын үйінде немесе жасаушының мекен - жайында жатып істеді. Мұндай шеберлердің бұйым жасайтын шикізаты да, құрал-саймандары да көшіп - қонуға қолайлы шағын сыйымды болған. Сондықтан, олар жазды күні елмен бірге жайлауға көшіп, өзінің шағын киіз үйінде - ақ істей берген.

Ағаш ою құралдары және ою ережелері"
Ал ендеше ағаштан жасалатын бұйымдарды көркемдеп өңдеудің ең ежелгі түрі оған өрнек - ою болып табылады. Адам баласы ғасырлар бойы өзінің тұрғын үйін, ат - әбзелдерін, қол өнер бұйымдарын ою - өрнекпен көркемдеп безендіріп отырған. Мысалы, сақтар кезінде ағашқа бедерлеп мүсіндеу өнері кең етек алған. Ағаштан ойып жасалған шағын мүсіншілермен сақтар ер - тұрман әбзелдерін көркемденген, ағаш бұйымдарын безендірген. Өрнекті оюдың бірнеше тәсілі бар. Соның бірі - геометриялық бейнедегі өрнек. Мұндай өрнек ағаш бетіне геометриялық сурет салу арқылы жасалады. Олар үшбұрышты, төртбұрышты немесе шаршыны бірнеше үшбұрышқа бөлу арқылы өрнектеледі. Өрнекті орындау сапасы пышақпен қашаудың өткірлігіне тікелей байланысты. Екінші тәсілі - өрнекті жұқалау тіліп салу. Мұндай өрнекті салғанда оның ізін пышақпен тіліп, өрнектің жиектерін көлбеулей жұқалап жонып аламыз. Бұл тәсілдің ерекшелігі, өрнекті жұқалай тіліп, салу әдісі алынады. Мұндай оюды бірнеше әдістермен орындайды. Өрнек – кез келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей. Ал ою - бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары. Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеуге мынандай шаралар арқылы жүзеге асырылады.
- бұйымның негізін талаптарға сай тазалау;
- бұйымның барлық бөліктеріне өрнектерді жоспарлау;
- өрнектерді кесу;
- бұйымдарды бояу, оған әр беру;
- боялған бұйымды лактау;
Ағаш ою құралдары және ою ережелері.

Ағаш материалдарын оюға қажетті басты құралдар – қашау мен үшкір пышақ. Ең көп қолданылатын қашау түрлері 29 - суретте: үшкір пышақ (1), тік жүзді (2) және ойық жүзді (3) қашау құралдары және олардың ойған пышақ пен қашау іздері көрсетілген. Ағаш оюдың бірнеше тәсілдері бар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 784
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Еңбек (ұл балаларға арналған) 5 - сынып
Еңбек (ұл балаларға арналған) 5 - сынып
Еңбек (ұл балаларға арналған) 5 - сынып
Жону білдегінде бұйымдарды көркемдеп жону тәсілімен дайындау
Жону білдегінде бұйымдарды көркемдеп жону тәсілімен дайындау
Токарь станогында ағаш өңдеуді және бұйым дайындауды үйрету; Әртүрлі бұйымдарды әзірлеу кезінде оқушылардың дағдыларын, шеберліктерін арттырып, станокта жұмыс істеуге дағдыландыру, іскерлік қабілеттерін қалыптастыру;
Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы. Ағаш бетіне ою-өрнек түсіру
Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы. Ағаш бетіне ою-өрнек түсіру
Ағаш - табиғаттың тамаша туындысы. Ағаш көп өскен жерді халық орман, тоғай деп атаған. Тоғай ертеден адамдардың негізгі тұрақ жайы болған. Ерте заманнан - ақ адамдар ағашты тіршілігіне қажетті материал ретінде пайдаланған.
Технологиядан сабақ топтамасы
Технологиядан сабақ топтамасы
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №4 Алға орта мектебінің технология, сызу пәні мұғалімі Мухатаев Асылан Балықбайұлы
Ағашты кесумен механикалық өңдеудің негізгі әдістері
Ағашты кесумен механикалық өңдеудің негізгі әдістері
Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, "№13 М. Мақатаев атындағы орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі технология пәні мұғалімі Джумаканов Ермек Қасенханұлы
Ағаш өңдеу құралдары
Ағаш өңдеу құралдары
Сабақтың мақсаты: - оқушыларды ағаш өңдейтін негізгі құрал - саймандармен таныстыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×