Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жону білдегінде бұйымдарды көркемдеп жону тәсілімен дайындау

25 сәуір 2017, Сейсенбі
Категориясы: Технология
Жону білдегінде бұйымдарды көркемдеп жону тәсілімен дайындау (9 – сынып)
Сабақтың мақсаты: Сарамандық жұмыс барысында өлшем дәлдігімен бұйым жасап шығаруға үйрету.
Білімділік: оқушыларға токарь станогында ағаш өңдеуді және бұйым дайындауды үйрету;
Дамытушылық: әртүрлі бұйымдарды әзірлеу кезінде оқушылардың дағдыларын, шеберліктерін арттырып, станокта жұмыс істеуге дағдыландыру, іскерлік қабілеттерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: ұлттық өнерді үйрету, еңбек мәдениетіне, іскерлік және ұқыптылыққа үйрету.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, сарамандық, өз бетімен жұмыс.
Көрнекілігі: технологиялық карта, дайындалған дайындамалар.
Құрал – жабдықтар: СТД – 120 м ағаш өңдеу станогі, ағаш бөлшектері, ара, егеулер, штанген – циркуль.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі:
а) Оқушылардың сабаққа қатысуы, түгендеу.
ә) Жұмыс киімін, сабаққа дайындығын тексеру.

Үй тапсырмасы.
- Ағаштың қандай түрлерін білесіңдер? (Емен, қайың, терек. т. б)
- Ағашты өңдеуге арналған құралдарды кім атайды? (сүргі, ара, қашау, балта, т. б)
- Қашау не үшін қажет? (ағашты көркемдеп өңдеу)
- Ағашты сүргілейтін аспаптардың қандай түрлері бар? (Фуганок, сүргі)

Ой қозғау.
Бейнеролик «Орманда» оқушылар бейнекөріністі көріп болған соң, дәптерлеріне көрген ағаш түрлерінің атауларын жазады.
Сұрақ: Ағаштың қандай пайдасы бар? Ағаш - жиһаз, баспана, сая, даланы, егістікті желден, суықтан қорғайды т. б

Жаңа сабақ: 1. Техникалық қауіпсіздік ережесін қайталау.
а) АЖС – да жұмыс істеу кезінде бұйымды мықтап бекіту.
б) Тоқ жүретін сымның дұрыстығын әр жұмыстың алдында тексеріп алған жөн.
в) Станокта жұмыс істейтін қашаулар өткір қайралған болу керек.
2. Оқушыларға ағашты өңдеу туралы мағлұмат беру.
3. Токарь станогында ағаштан әртүрлі бұйымдар жасау жолдарын түсіндіру.
4. Әртүрлі бұйымдар жасаудың технологиялық картасымен танысу, талдау.
Дәптермен жұмыс: Тақырыпты және жаңа технологиялық картаны жаздыру

Сарамандық жұмыс:
Әртүрлі бұйымдар жасаудың нұсқау картасына орай оқушылар жұмыс жасайды. Жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуын қадағалау.
- Жұмыс жасағанда техника кауіпсіздік ережелерін сақтау.
Ағаш өңдеуге арналған токарь станогында қауіпсіз еңбек ережелерін орындау.
1. Станоктың электр торабына қосылу желілерін тексеру.
2. Өңдеу құралдарының ақаусыз болуын қарап шығу.
3. Токарь станогында құралды пайдалану жолдарын еске түсіру.

Ү. Сергіту сәті. Сөйлейтін сандар
56 81 30 42 32 18 72 63 28 36 27 20 45 16 48
ғ ш а ж у г д н о л е б і і а
6 х 5 =
7 х 6 =
4 х 5 =
7 х 8 =
4 х 7 =
5 х 9 =
8 х 6 =
9 х 7 =
6 х 6 =
9 х 9 =
4 х 8 =
8 х 9 =
9 х 3 =
6 х 3 =
4 х 4 =

Сабақты бекіту: Шаршы ішіне жасырылған сөздерді тауып мағынасын түсіндіру.
Ш Е Ң Ы Й А
Н Б Е Г Р Қ
Е Ь Р І Ү С
М Л У К Р И
Е Н Г Е Н Ц
А Т Ш А Р А

Сабақты қорытындылау.
Оқушылардың топ бойынша жасаған бұйымдарының сапасын тексеріп, жұмыстарының нәтижесін, кемшіліктерін көрсетіп шығамын.
Міне оқушылар ағаштардың қалдықтарының өзінен – ақ әсем бұйым жасауға болады. Ағашты дұрыс өңдеп, небір әсем бұйым жасауға болатынына көздерің жетті.
Теориялық және практикалық бөлімін қорытындылау мақсатында сын тұрғысынан ойлау стратегиясын қолдану арқылы кестені толтыру.
Не білдім?
Нені үйрендім?
Нені үйрендім?

Бағалау.
Оқушылардың жұмысын бағалау.
Үйге тапсырма:
Ағаштан жасалатын бұйымдармен танысу.

Атырау облысы,
Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы
Жаңашаруа қазақ орта мектебінің
бейнелеу өнері және технология пәнінің мұғалімі
Балмуханов Нурболат Қобланович
3 944
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Ас–үй жабдықтары
Ас–үй жабдықтары
Жас ұрпақтардың рухани дүниесін байыту және ұлттық өнерімізді пайдалана білу. Шеберлік деңгейін арттырып, ынта ықыласын молайтуға, әсемдік пен сұлулықты көріп, бағалай білуге үйрету;
Шебер қолдар үйірмесінің жоспары
Шебер қолдар үйірмесінің жоспары
«Шебер қолдар» үйірмесінің жұмысы арқылы, оқушылардың шығармашылық жұмыспен айналысуына ықпал ете отырып, ұмыт болып бара жатқан салт - дәстүрімізді, мәдени - мұраларымызды, сәндік - қолданбалы өнерімізді жаңартуға баулу, көркем сәндік - қолданбалы
Ұлттық нақышта ас үй жабдығының жасалу технологиясы
Ұлттық нақышта ас үй жабдығының жасалу технологиясы
Жас ұрпақтардың рухани дүниесін байыту және ұлттық өнерімізді пайдалана білу. Шеберлік деңгейін арттырып, ынта ықыласын молайтуға, әсемдік пен сұлулықты көріп, бағалай білуге үйрету;
Сәндік қолданбалы өнер. Шығармашылық жұмыс
Сәндік қолданбалы өнер. Шығармашылық жұмыс
Қызылорда обылысы, Шиелі ауданы, №142 орта мектебінің технология пәні мұғалімі Жүсіпбаев Талғат Кеңесұлы
Технологиялық карта бойынша ағаштан бұйым жасап шығару
Технологиялық карта бойынша ағаштан бұйым жасап шығару
Қызылорда обылысы, Шиелі ауданы, №142 орта мектебінің технология пәні мұғалімі Жүсіпбаев Талғат Кеңесұлы
Ағаштарды көркемдеп өңдеу, жиналмалы балалар орындығын жасау
Ағаштарды көркемдеп өңдеу, жиналмалы балалар орындығын жасау
Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, «№13 М. Мақатаев атындағы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі Технология пәні мұғалімі Джумаканов Ермек Қасенханұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×