Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сурет салуды меңгеру. Сурет салу кезеңдері.

27 қазан 2012, Сенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің бейнелеу және сызу пәні мұғалімі
Есіркеев Қайрат Еленбайұлы

Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы:
Сурет салуды меңгеру. Сурет салу кезеңдері.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларды сауатты сурет салуға үйрету.
ә) Дамытушылық: Сурет салудың заңдылықтарына баулу.
б) Тәрбиелілік Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Көрнекілік құралдар, альбом, қарындаш, қағаз, оқу құралы, әдістемелер.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Оқушыларды заттардың өзіне қарап бейнелету арқылы саутты сурет салуға үйрету мәселелеріне көңіл бөлінеді. Ең алдымен бейнеленетін заттың жалпы пішінін қағаз бетіне дұрыс белгілеуден бастау қажет. Ол үшін оқушыларға бейнелеу өнеріне байланысты заңдылықтардан теориялық білім беремін.

Компоновка – қағаз бетіне бейнеленетін затты үйлесімді орналастыру деген сөз.
Пропорция бейнеленетін заттардың үлкенді-кішілі бөлігінің арақатынасын салыстырып белгілеу деген ұғымды білдіреді.

Жарық деп бейнеленетін заттардың күн сәулесі түскен бөлігін атаймыз.
Көлеңке дегеніміз заттардың бетіне жарық түспеген бөлігі. Яғни ол меншікті көлеңке деп те аталады. Бейнеленетін заттың көлемі және формасы жарық пен көлеңке арқылы беріледі.
Сондықтан затты қарапайым қарындаш арқылы бейнелеуде сурет салу ережелеріне сүйенген дұрыс. Сурет салуға үйрету бейнелеу өнерінің ең негізгі міндеті болып табылады. Сондықтан сызық арқылы нобай, долбар жасауға үнемі жаттығамыз. Көзбен көрген нәрсесін есте сақтап, жылдам бейнелеуге үйренеміз.

Долбар жасауда нақты заттың пішіні жіңішке әрі жуан тұтас сызық арқылы бейнеленеді. Суретте түзу сызықтан гөрі қисық сызық әлдеқандай жанды болып келеді. Әсіресе қимылды жануарлар мен адам образын бейнелеуде долбардың рөлі зор. Сондықтан жанды нәрселерді бейнелеуден бұрын, ең алдымен қарапайым заттардың суретін салып үйренгеніміз дұрыс. Тек қана әрбір заттың пішіндік ұқсастығын тауып қана қоймай, оның реңдік қатынасына да баса назар аударған жөн. Реңдік қатынастар жарық пен көлеңке бөліктерін беру арқылы шешіледі.

Сурет салуды бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады.
1-кезең. Ең алдымен бейнелейтін геометриялық денелердің
жалпы нұсқасын тұтастай қабылдап, оны қағаз бетіне орналастыруға баса назар аудару. Сонан кейін әрбір геометриялық денелердің
биіктігі мен енін шама жағынан салыстыра отырып бейнелеу.
2-кезең. Суреті салынатын геометриялық денелердің конструкциялық құрылымына назар аудару керек. Бейнелейтін заттардың өлшем бірліктері қатынасының дұрыс болуына айрықша
көңіл бөлу қажет. Сурет салу барысында әрбір затты салыстыра қарау үшін көмекші жіңішке сызықтар пайдаланған жөн. Заттардың негізгі конструкциялық құрылымы табылған соң жарық пен көлеңкенің шекараларын көмекші сызықпен белгілеп қою керек. Суретті штрихтау ісі көлеңкеден басталады.

3-кезең. Заттардың жарық көлеңкесін штрихтау арқылы олардың пішінін, көлемін шығарамыз. Заттың өңі жарық пен көлеңке арқылы айқындалады. Әрбір заттың өңінің көмескі не қараңғы
болуы жасанды және табиғи жарықтың түсуіне байланысты.

Суреттің өңін айқындағанда заттың ең жарық, ең қараңғы жерін анықтап алу керек. Яғни реңдік қатынасты дұрыс айқындауға үйрену керек. Затты штрихтауды меншікті көлеңкеден бастаған жөн. Меншікті көлеңке дегеніміз - заттың сәуле түспеген бетінде пайда болған көлеңке.

Жарық деп табиғи сәуле мен жасанды жарық түскен бетті айтамыз. Жылт дегеніміз - жарықтың аса мол мөлшерде түскен жері. Мұны шыны немесе жылтыр темір ыдыстарда айқын байқауға болады. Түспе көлеңке дегеніміз - нақты бейнеленген заттан жазықтықтың бетіне түскен көлеңке. Жартылай көлеңке дегеніміз - меншікті көлеңке мен жарықтың арасында пайда болған көлеңке. Рефлекс дегеніміз - заттың меншікті көлеңкесінің шет жағында, артқы жазықтық арасында пайда болған көмескі жарық тәріздес құбылыс. Сонымен затты штрихтау арқылы өңін, пішінін, көлемін анықтауда жоғарыда аталған сурет салу заңдылықтарына сүйену керек.

4-кезең. Бұл бейнелеген заттарды толықтай анықтау кезеңі деп аталады. Мұнда сурет салу ережелеріне сүйене отырып, кейбір елеулі артық кеткен жарық пен қараңғы дақтарды бәсеңдетеміз. Біртұтас реңдік қатынасқа бағындырамыз. Орындалған суреттің жарасымды болып шығуына баса назар аударамыз.

Үйге тапсырма беру: Нәрсеге қарап сурет сал. Натюрморт орында.
45 436
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адам тұлғасын бейнелеу
Адам тұлғасын бейнелеу
Адам анатомиясы туралы түсінік беру, адам тұлғасының құрылымын көрсетіп, оқушыларды сауатты сурет салуға үйрету.
Адам бетінің пропорциясы
Адам бетінің пропорциясы
Адам қаңқасындағы күрделі бөліктерін салуда жұмыс істеу әдіс - тәсілдерін арттыру, мүмкіндігінше шығармашылық жұмыс жасауға баулу. Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.
Үйлестіру заңдылықтары
Үйлестіру заңдылықтары
Қағаз бетіне затты үйлестіріп бейнелеуге үйрету. Бірнеше заттарды қағазға ретпен орналастыруға жаттықтыру. Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.
Сурет салудың әдіс – тәсілдері
Сурет салудың әдіс – тәсілдері
Компоновка – қағаз бетіне бейнеленетін затты үйлесімді орналастыру деген сөз. Пропорция бейнеленетін заттардың үлкенді - кішілі бөлігінің арақатынасын салыстырып белгілеу деген ұғымды білдіреді.
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз
Ақтөбе облысы, Алға ауданы Үшқұдық мектеп – бақшасының бастауыш класс мұғалімі Нажимова Асель Ниязгалиевна
Затқа қарап сурет салу
Затқа қарап сурет салу
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосындағы №9 орта мектебінің бейнелеу пәні мұғалімі: Жумагалиева Бактыгул Зейновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×