Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Перспектива

24 наурыз 2015, Сейсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Сабақтың тақырыбы: Перспектива
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға бейнелеу өнерінің негізгі заңдылықтарының бірі – перспектива заңдылығының ережелерімен таныстыру.
Перспектива заңдылықтарын пайдалана отырып сурет салуға баулу.
Дамытушылығы: Білімдерін кеңейту, дүниетанымды қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эмоциялық сезімдерін, танымдық
күштерін, ой - өрісін, қиялын, оқуға, өнерге қызығушылықтарын дамыту;
Тәрбиелігі: Әсемдікке, сұлулыққа, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Типі: жаңа білімді игеру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, үйрету.
Көрнекілігі: перспективалық көрініс суреттері, слайд т. б.
Пән аралық байланыс: математика.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, оқушының сабаққа қатысуын және дайындығын тексеру.
Оқушы назарын сабаққа аудару.

II Өткен сабаққа шолу жасау, қайталау.
- Композиция дегеніміз не?
- Көкжиек сызығы дегеніміз не?
Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Сабақтың мақсатын қою. – Балалар, бүгін біз бейнелеу өнеріндегі негізгі заңдылықтардың бірі – перспектива заңдылығымен танысамыз.

ІV. Жаңа білім беру. Оқулықпен жұмыс.
Перспектива – бір шаршы кенепте немесе қағаздың бетіне КЕҢІСТІКТІ қалай бейнелеу туралы ілім.
Перспектива латынның «perspicere» - «тасадағыны көре білу» деген сөзінен шыққан. Перспективаның заңдары өте көп, соның ең басты екеуін суретшілер қалайда білуге тиісті.
1. Зат бізден неғұрлым алыс тұрса, ол соғұрлым кішкентай болып көрінеді.
2. Параллель сызықтар бізден алыстаған сайын арасы жақындап, көкжиекте бір нүктеге тоғысып тынады.
Перспектива заңдылығын алғаш ашқандардың бірі – Қайта өрлеу дәуіріндегі атақты итальян сәулетшісі және суретшісі Брунемески.

Біз бүгін перспективаның орындалу тәсілдері туралы ережемен танысамыз. Егер суреттегі заттар бір - бірінен әр түрлі қашықтықта орналасып, қағаз бетінде кеңістік пен тереңдік пайда болса, онда ол перспективалық бейнелеу деп аталады.
Перспективалық бейнелеудің өз ережелері бар. Олармен танысу үшін слайдқа назар аударайық.

Алманың суретін қараймыз, балалар, екі алма бірдей ме?- деп сұраймын. (балалардың жауабы)
Иә, үлкендігі, яғни өлшемі бірдей екі алманы аламыз.
а) сурет
б ) сурет
Оны жаңағы жоғарыда айтқан ереже бойынша орналастыру керекпіз. Қалай саламыз? – деп сұраймын. (жеке – жеке балалар жауап береді). сонымен бұдан біз не байқадық. Яғни бізге жақын орналасқан алма алыстағыдан ірілеу болып көрінеді. Демек, жақындағы затты алыстағы заттан үлкендеу етіп бейнелеу қажет. Бұл сызықтық перспективаның бірінші ережесі деп аталады.

Ал екінші ережені түсіндіру үшін слайдтан поездің рельсі, көше шамдары, қала көріністері суреттерінен байқауға болады. Бұл суретте параллель сызықтар деген ұғым бар. параллель сызықтар – бұл негізінде бір - біріне қарама – қарсы орналасқан ешқашан қиылыспайтын сызықтар.
Бөлме ішінің суретін талқылау. Бөлме ішінің түпкі қабырғасына сүйеніп жоғары қарасақ, қабырға мен төбенің қиылысқан бұрышындағы сызықтар қарма - қарсы қабырғаға қарай алыстаған сайын тарыла бастайды. Оны мына суреттен анық байқауға болады. Слайдтағы бөлме ішінің суреттерін көрсету.
Ал енді мына ағаштың суретіне қарайықшы. Биіктігі өте биік ағаштың қасына барып, жоғары қарасақ, ағаштың ұзындығы қысқарғандай болып, ал екі параллель сызықтардың да екінші ереже бойынша бір нүктеде түйіскенін көруге болады.

V. Машықтық жұмыс. (практикалық бөлім)
- Балалар, ендеше бүгінгі салатын суретіміз бөлменің іші болмақ, - деп слайд арқылы бөлменің ішінің салыну кезеңдерін көрсету.
Перспектива заңдылықтарын пайдалана отырып, сурет салуға машықтандыру. Тақтаға және слайдпен салу тәсілдерін көрсетіп отыру.

VI. Жаңа сабақты бекіту.
«Сезімтал саусақтар» ойыны. Тақтаға бір оқушы шығады. Оның көзін байлап, қолына бір затты ұстатып, сипалап көргіземіз. Сонан соң затты алып қойып, көзінің байлауын шешеміз. Оқушыдан сол заттың суретін тақтаға перспективалық бейнелеу талап етіледі.
VIІ. Қорытынды.
VІІI. Бағалау.
IX. Үйге тапсырма. Бояп үлгермей қалған балалар, суретін аяқтау және қабырға тұсқағаздарына перспектива ережесі бойынша өрнектер салып бояп әшекейлеп келу.
9 316
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат көрінісін бейнелеу
Табиғат көрінісін бейнелеу
Перспектива заңдылықтарын қолдана отырып табиғат көріністерін салу; Қағаз бетіне затты дұрыс үйлестіру, түстерді дұрыс таңдап білу;
Перспектива туралы түсінік
Перспектива туралы түсінік
Үйлестіру заңдылықтары туралы мәліметтер бере отырып, перспектива заңдылықтарын үйрету.
Пейзаж. Қыс көрінісі
Пейзаж. Қыс көрінісі
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, "Аудандық көркемсурет лицейі" МКҚК - нің сурет пәні мұғалімі Оразова Эльвира Мендикызы
Гипс. Құмыра және цилиндр. Ауа перспектива - сын және кеңістікті табу
Гипс. Құмыра және цилиндр. Ауа перспектива - сын және кеңістікті табу
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, "Аудандық көркемсурет лицейі" МКҚК - нің сурет пәні мұғалімі Оразова Эльвира Мендикызы
Перспектива. Сызықтық көрініс
Перспектива. Сызықтық көрініс
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 жалпы білім беретін орта мектебінің технология, бейнелеу өнері, сызу пәндері мұғалімі: Абдрахманова Алмагүл Хамаридденқызы
Мүсін өнері
Мүсін өнері
Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледж оқытушысы Менликулов Нур Машарапович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×