Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Перспектива туралы түсінік

17 мам 2016, Сейсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Тақырыбы: Перспектива туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты: Үйлестіру заңдылықтары туралы мәліметтер бере отырып, перспектива заңдылықтарын үйрету.
Сілтеме: Бейнелеу өнері оқулығы 6 - сынып. Интернет материалдары
Күтілетін нәтиже: Көлемдік - кеңістік композицияларын құрастыру, сəулет - дизайндік нысандарды (графикада жəне көлемде) үлгілейді.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, интербелсенді тақта
Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, сурет
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Бағалау кезеңі
3. Үйге тапсырма беру
Теориясы:
«БІЛУ»
(Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?) Тест
Көркемшығарма бөліктерінің орналасуы және олардың және олардың бірлігін атаңыз
А. Пропорция
В. Перспектива
С. Композиция
2. Пропорция дегеніміз -...
А. Картинадағы айырмашылық
В. Картинадағы тепе - теңдік
С. Түстердің теңдігі
3. Композициялық орталық картинада қай жерде орналасады?
А. Ортасында
В. Кез – келген жерінде
С. жақ төменгі бұрышында
4. Композиция деген нені білдіреді?
А. Толықтыру
В. Көрінбейтін сызық
С. Картина
5. Ғимараттың ішкі көрінісі
А. Экстерьер
В. Интерьер
С. Композиция

Жаңа сабақтың тақырыбын ашайық.

1. Табиғат көрінісі бейнеленген көркем шығарма.
2. Кемпірқосақтың жеті түсін пайдалана отырып, түрлі тәсілдермен салынатын өнер түрі.
3. Теңіз табиғатын бейнелеу
4. Басты әсерлегіш құралдары көлем мен пішін болып табылатын бейнелеу өнерінің түрі.
5. Бояулар араластыратын тақтайша.
6. Адам қабілеті бейнеленген көркем шығарма.
7. Арнайы негізгі түске (фон) жапсыру арқылы бейнелеу туындысын жасаудың жолы.
8. Француз тілінен шыққан «Өлі табиғаттан» құралатын композиция.
9. Орындалу техникасында сызық, штрих, таңба басты әсерлегіш құралдар болып табылатын бейнелеу өнерінің түрі.
10. Суретшінің өзін – өзі бейнелеуі.
11. Суға жақсы еритін мөлдір бояу.

Теориясы:
«ТҮСІНУ»
(Неге?
Неліктен? Себебі? Не үшін?)
Алыста тұрған үй мен жақында тұрған үйдің қайсысы үлкен?
Тоқ сымдары қалай орналасқан?
Рельстің бойында тұрып қарасаң, олар қалай жатыр?
1. Зат бізден неғұрлым алыс тұрса, ол соғұрлым кішкентай болып көрінеді.
2. Параллель сызықтар бізден алыстаған сайын арасы жақындап, көкжиекте бір нүктеге тоғысып тынады

Теориясы:
«ТАЛДАУ»
(Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш сияқты т. б. сөздер тапсырма шартында болу керек ) Перспектива – кеңестікті бейнелеу тәсілінің заңдары. Перспектива латынның сөзінен аударғанда «арғы бергі жақты айқын көру» деген мағынаны білдіреді. Перспектива заңдылығын зерттеу кезінде неміс суретшісі Альберхт Дюрер үлкен үлес қосқан.
Суретшілер дақтың көмегімен әр түрлі материялдардың үстіңгі бетін фактурасын береді. Онымен түрлі көңіл күйді көрсетуге болады. Дақ сан алуан - екпінді әрі кең, алымды, қысқа да нәзік, өткірде қуатты бола алады.
Әрбір суретшіге, тіпті жаңа бастап жүрген талапкерге де түстерді араластыру мен пайдалану заңдылығын білу керек.
Жазудың мұндай мәнін суретшілер пуантилизм (нүктемен сурет салу) деп атаған. Француздың «пуант» сөзі нүкте деген мағынаны білдіреді. Қысқа дақ шынында да нүкте сияқты

Теориясы:
«ЖИНАҚТАУ»
(Қорытынды шығар, анықтама бер. Мазмұнды жүйеле, кесте, сызба, т. б. түрінде) Салу барысында сақталуы тиіс заңдылықтар:
1. Қаламды дұрыс үшкірлеу.
2. Дәптерді дұрыс ұстау.
3. тепе - теңдікті сақтау.
4. Дұрыс компоновкалау.
5. Түстерді дұрыс таңдау.
6. Көлеңке жарығын анықтау.

Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(қарапайым тапсырмалар)

1. Перспектива дегеніміз не?
2. Перспектива сөзі қай тілден шыққан?
3. Перспектива заңдылығын зерттеуде үлкен үлес қосқан кім?
4. Перспективаның неше түрі бар?
Сәйкестендіру

1. Тұтас көру-----------Ә. Бейнелейтін дененің қандай да болсын бір қырынан қарай отырып, көрінбейтін жағын толық көз алдыңа келтіру
2. Перспектива --------Б. “тасадан көру”
3. Перспектива заңдылықтарын көрсет-------------А. Зат бізден алыс тұрса, ол кішкентай болып көрінеді
4. Параллель сызықтар алыстаған сайын алыстаған сайын олар------------Г. Олар кішкентай болып көрінеді
5. Көкжиек сызығы---------------В. Суретшінің көз деңгейін білдіретін өлшем

Практикасы:
«БАҒА БЕРУ»
(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?) 1. Сабақта маған мына білімдерім қажет болды…
2. Маған қиындық туғызған…
3. Мен сабақтан түсінгенім…
Жеміс - жидектен құралған натюрмортты пуантилизм әдісімен орындау.

Толық нұсқасын жүктеу
18 789
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Табиғат көрінісін бейнелеу
Табиғат көрінісін бейнелеу
Перспектива заңдылықтарын қолдана отырып табиғат көріністерін салу; Қағаз бетіне затты дұрыс үйлестіру, түстерді дұрыс таңдап білу;
Перспектива
Перспектива
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Екпін ауылы, Ы. Кабеков атындағы орта мектебінің сызу, сурет, технология пәні мұғалімі Серікқазин Ербосын
Перспектива. Сызықтық көрініс
Перспектива. Сызықтық көрініс
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 жалпы білім беретін орта мектебінің технология, бейнелеу өнері, сызу пәндері мұғалімі: Абдрахманова Алмагүл Хамаридденқызы
Композиция, өрнектерді құрудың композициялық негізі
Композиция, өрнектерді құрудың композициялық негізі
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Х. Наубетов атындағы орта мектептің бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі Борашева Гүлбаршын Ермекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×