Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ суретшілері. Гобеленші Бәтима Зәуірбекова

26 мам 2015, Сейсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Бастауыш сынып мұғалімі Айқыз Рустемова

Ашық сабақ (презентaциясымен)
Бейнелеу өнері 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақ суретшілері. Гобеленші Бәтима Зәуірбекова
Мақсаты: Мектеп оқушыларын гобелен өнерімен, және бұл өнердің дамуына үлес қосқан қазақ суретшілерінің танымал туындыларымен таныстыру. Гобеленші Бәтима Зәуірбекованың жасаған туындыларының әсемдігіне назар аударту.
Гобеленнің нобайын жасау, тоқылу технологиясы туралы мәліметтер беру.
Оқушылардың ой - өрісін, қиялын, әсемдік талғамын дамыту.
Сурет өнерін еңбек қызметінде, өмірде қолдана білуге үйрету.
Сабақ түрі: жаңа сабақ, өнер туралы әңгіме
Көрнекілігі: Мультимедиалық проектор, сөзжұмбақ, слайд.

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу:
- Оқу құралдарын түгелдеу:
- Оқушыларды үш топқа бөлу, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақты қайталау
- Сәндік қолданбалы өнер деп қандай өнер түрлерін айтамыз?
- Зергерлік бұйымдарды қайдан кездестіруге болады?
- Жақсы, енді өткен тақырыптар бойынша сәйкестендіру тапсырмасын орындайық.
Тапсырма: кестенің бір бағанында термин сөздер, ал екінші бағанында сол термин сөздердің сипаттамасы берілген, сол бағандарды бір - бірімен сызықтар арқылы байланыстыру керек.
Бүгінгі сабағымыз гобелен өнері жайлы, оны тоқумен айналысатын суретшілерміз
жайлы, олардың ұлт мақтанышына айналған көлемді туындылары жайлы болмақ.

ІІІ. Жаңа сабақ
«Гобеленші Бәтима» мәтінін үш топ оқушыларына бөліп тарату.

Әр топ мәтінді оқып, түсінгенін талқылап келесі топтaрға өз сөзімен айтып жеткізуі тиіс.

І топқа -- жалпы гобелен туралы түсінік, ІІ топқа -- Б. Зәуірбекованың өмірбаяны,
ІІІ топқа -- Б. Зәуірбекованың шығармашылық туындылары.

Гобелен туралы түсінік.
Гобелен — қолдан тоқылған кілем - сурет. Тар мағынада — 1662 ж. құрылған Париж мануфактурасының өнімі; бояушы Гобелендер есімімен аталған.
Гобеленнің отаны – Франция. Сонау орта ғасырларда өмір сүрген ағайынды Гобелендер негізін салғандықтан, солардың есімімен аталатын осы бір өнер түрінің қазақ жерінде жылы қабылданып, тез таралуы – бізде негіздің барлығынан. Ол қандай негіз? Гобеленге қараңыз да, қазақтың тақыр кілемімен салыстырыңыз. Еш айырмасы жоқ. Гобелендер есімімен аталған мануфактура өнімдерінің жалпылама атауы. Кейін дербес суретшілік өнер түріне айналған Гобеленің бөліктері түрлі түске боялған жібек не жүн жіптерден тоқылып, бір - бірімен тігіліп біріктіріледі.

Бәтима Зәуірбекованың өмірбаяны.
Б. Зәуірбекова (29. 8. 1946 жылы туған, Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылы) – гобеленші, сәндік - қолданбалы өнер иесі. Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі. Алматы көркемсурет училищесін, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Бәтиманың жас кезінен - ақ сурет өнерін таңдауына ауыл - аймаққа атағы шыққан ісмер анасы Бибіханның әсері мол болған. Анасы сырмақ тігіп, алаша тоқумен айналысқан, ерінен ерте айырылған жалғыз басты бес баланың анасы болатын. Біресе ұршық иіріп, біресе жүн түтіп, жүрген үй шаруалысындағы анасының жанында жәрдемші болған Бәтиманың өнерге қызығушылығы ерте оянған. Анасы Бәтиманы Алматыға оқуға жібереді. Күндіз түні дайындалған ол Көркем сурет училищесіне қабылданады. Ал, гобелен өнеріне жол сілтеген ұстазы – гобеленші - суретші Қ. Тыныбеков. Бәтима училищені бітірер кезде гобеленші Құрасбек Тыныбековтен гобелен тоқудың қыр - сырын үйренеді. Б. Зәуірбекованың гобелендері қайталанбас өзіндік өрнегімен есте қалады. Оның туындыларынан қазақтың ұлттық мінез - құлқы, дүниетанымы, рухы айқын сезіліп тұрады.
Б. Зәуірбекова классикалық тықыр гобелендер тоқумен айналысады. Ол қазақ халқының тұрмыс - тіршілігін өзі таңдаған сара өнер гобелен арқылы кеңінен танытып келе жатқан жаңашыл суреткер, шеберлік пен шынайы талант иесі.

Толық нұсқасын жүктеу
9 251
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Суретті кілем гобелен
Суретті кілем гобелен
Оқушылардың ой-қиялын дамыту арқылы гобелен тоқу өнерімен таныстырып, сурет салуға баулу
Жас қазақ әйелінің портреті. Етістіктің қалау рай формасын қайталау
Жас қазақ әйелінің портреті. Етістіктің қалау рай формасын қайталау
Г. Ысмайлованың «Қазақ вальсі» портретіндегі қазақ қызын суреттейді. Қазақ халқының суретшілерінің картиналарымен танысады. Қазақ халқының бейнелеу өнері жайлы ойларын дамытады.
Өнерлінің өрісі кең
Өнерлінің өрісі кең
Сәндік қолданбалы өнер. Қазақ халқының кезіндегі қолөнері сан ғасырлық ақыл - ойдың тәжірибесін табиғатты түсіне білудің, сондай - ақ дәулескер шеберлік пен даналық суреткерліктің құдіретті туындылары десек, асыра айтқандығымыз болмас.
Бейнелеу өнерінің түрлері
Бейнелеу өнерінің түрлері
Тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері
Сәулет өнері 4 - сынып
Сәулет өнері 4 - сынып
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Бөрлі ауылы, М. Бегалиева атындағы жалпы білім беретін орта мектебі Байболова Сағадат Саржанқызы
Гобелен тоқу
Гобелен тоқу
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі: Әлжанова Роза Зейнуллақызы Пәні: Технология. Сыныбы: 9 Сабақтың тақырыбы: Гобелен тоқу. Сабақтың мақсаты: Халық қолөнерімен таныстыру, үйрету арқылы оқушылардың өздігінен
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×