Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күрделі тіліктер. Өткенді қайталау (сызудан күнделікті сабақ жоспары)

12 қыркүйек 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Күнделікті сабақ жоспары, сызу 9 сынып
Тақырыптар:
21. Күрделі тіліктер. Өткенді қайталау.


Сабақ: №54
Сабақтың тақырыбы: Күрделі тіліктер. Өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Нәрсенің тіліктерін орындап, сызбаға орналастыруға үйрету, өз беттерімен ізденіп жұмыс жасауға дағдыландыру, өздерінше ой қорыта білуге, таным мүмкіндігін анықтап, сауатты, сызбаларды көркем түсіре білуге үйрету.
ә) Дамытушылық: Шығармашылық жұмысты іздену барысында білімдерін тереңдетіп, ой - қиялдарын, өз бетімен шешім қабылдау, белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Өзіндік және логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, жетекшілік қасиетін дарытуға, эстетикалық әсемдікті тани білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және т. б.

Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
149 - суретте сатылы горизонталь тіліктің, 150 - суретте сатылы профиль тіліктің мысалдары келтірілген. Осы суреттерге зер салып қарап, тіліктердің орындалу ерекшеліктерін түсініп ал. Сатылы фронталь тілік алдыңғы көріністің орнына, сатылы горизонталь тілік үстіңгі көріністің орнына және сатылы профиль тілік сол жақ көріністің орнына салынғанын ескер. Сынық тілікте қиюшы жазықтықтар өзара доғал бұрыш жасап қиылысады. Осындай қиюшы жазықтықтардың біреуін олардың қиылысу сызығынан айналдырып, екіншісімен беттестіреді. Егер беттескен қиюшы жазықтықтар негізгі проекциялар жазықтықтарының біреуіне параллель болса, онда сынық тілік оған сәйкес көріністің орнына салынады. 151 - суретте сынық тіліктің мысалы көрсетілген. Қиюшы жазықтықтардың біреуі горизонталь орналасқан, ал екіншісі фронталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр болғанмен, горизонталь проекциялар жазықтығына көлбей орналасқан. Екі иінді иінтіректі осы екі горизонталь және фронталь проекциялаушы жазықтықтармен қиып, оның жоғарғы бөлігін ойша алып тастаймыз. Иінтіректің оң жақ бөлігін қиюшы жазықтықтардың қиылысу сызығынан айналдыра оның сол жақ бөлігінің деңгейіне дейін бұрамыз. Сонда қима горизонталь проекциялар жазықтығына параллель бір жазықтықта орналасады. Енді иінтіректің қарастырып отырған жартысын горизонталь проекциялар жазықтығына тікбұрыштап проекциялаймыз. Тетікбөлшектің қиюшы жазықтықтарда орналасқан бөліктерін сызықтаймыз. Түсінікті болу үшін 151 - суретте иінтіректің бұрылған бөлігі алдынан қарағандағы көріністе нүктелі үзілме сызықпен көрсетілген және проекциялық байланыс сызығы жүргізілген. Сызбада бұл сызықтарды салудың қажеті жоқ. Нәрсенің жұқа пластинка тәрізді бөліктері және беріктік үшін қалдырылған жұқа қанаттары, қиюшы жазықтық олардың үлкен жағын қуалай орналасса, тілікте сызықталмай көрсетілетіндігін біз бұрыннан білеміз. Сондықтан 151 - суреттегі тілікке қарап, тетікбөлшектің беріктік үн шін қалдырылған қанаты (қыры) бар екенін көреміз.
152 - суретте сынық тілік бас көріністің орнына салынған. Тілік фронталь және горизонталь проекциялаушы жазықтықтардың көмегімен алынған. Горизонталь проекциялаушы жазықтықты қиылысу сызығынан айналдырып, фронталь жазықтықпен беттестіреміз. Айналдыру кезінде қиюшы жазықтықтың арғы жағында орналасқан нәрсе бөлігін қозғамау керек. 152 - суреттегі фиксатор Б деп аталатын тетікбөлшектің цилиндр тәрізді шығыңқы бөлігі бар. Фиксатордың бұл бөлігі қиюшы жазықтықтың арғы жағында жатыр, сондықтан ол айналуға қатынаспайды. Фиксатордың шығыңқы бөлігі проекциялық байланыста, бастапқы қалпында сызылған.

153 - суретті көшіріп алдыңғы көріністің орнына көрсетілген сатылы тілікті салып сыз.

Толық нұсқасын қарау
7 976
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қима және оларды орындау
Қима және оларды орындау
Алдыңғы тарауда көріністер деп аталатын кескіндермен таныстық. Негізгі, қосымша және жергілікті көріністер туралы түсінік алдық. Сызбаны орындағанда көріністер саны ең аз болуы, бірақ нәрсенің пішінін осы сызба бойынша анықтауға жеткілікті болуы
Қарапайым тіліктер. Сызудан қосымша практикалық сабақ жоспарлары
Қарапайым тіліктер. Сызудан қосымша практикалық сабақ жоспарлары
Қиюшы жазықтықтың санына қарай тілік қарапайым және күрделі болып екі топқа бөлінеді. Тек бір қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тілікті қарапайым тілік деп атайды.
Көріністерді сызбаларда салу. Сызудан қосымша практикалық сабақ жоспарлары
Көріністерді сызбаларда салу. Сызудан қосымша практикалық сабақ жоспарлары
Бір көрінісімен анықталатын заттың сызбаларын орындау, өлшемдерін түсіру. 1 - тапсырма: Қалыңдығы 2 мм, ұзындығы 50 мм, ені 25 мм болатын тік бұрыштық сызбасын сызу, қажетті өлшемдерін түсіру.
Тіліктер туралы жалпы түсінік (сызудан күнделікті сабақ жоспары)
Тіліктер туралы жалпы түсінік (сызудан күнделікті сабақ жоспары)
Нәрсенің ішкі көрінбейтін беттерінің нұсқаларын сызбада үзілме сызықпен жүргізіп көрсетуге болады. Бірақ мұндай үзілме сызықтар сызбаны оқуды қиындатып жібереді.
Қосымша және жергілікті көріністер (сызудан күнделікті сабақ жоспары)
Қосымша және жергілікті көріністер (сызудан күнделікті сабақ жоспары)
Қосымша және жергілікті көріністер шығарып алуға, сызбада көріністерді орналастыруға үйрету, дағдыландыру.
Автопортрет
Автопортрет
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №14 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі, Халық ағарту ісінің озық қызметкері Балова Леля Батимовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×