Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бейнелеу өнері сабағында танымдық және шығармашылық белсенділіктерін дамыту.

31 шілде 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Бейнелеу өнері сабағында танымдық және шығармашылық белсенділіктерін дамыту.
Мақсаты:
- Мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығын бейнелеу түрлері арқылы дамытып, сөйлеу қабілеттерін жан - жақты жетілдіру. Ана тіліне деген құрмет сезімдеріне адамгершілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
• Балалардың тілін, сөйлеу мәдениеті мен дүниетанымын дамыту.
• Балаларды адамгершілікке баулу.
• Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту, ұжымда тату, бірлесе сурет салуға дағдыландыру. Сурет арқылы ойын, қабілетін, шығармашылығын дамыту.
• Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара шығармашылық қабілеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Қазіргі күннің талабы – білімді, өнерлі, өнегелі жас ұрпақ тәрбиелеу. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін түсініп алуды қажет етеді. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық – тарихи іс – әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.«Шығармашылық» деген сөздің төркіні, этимологиялық «шығару», «ойлап табу» дегенді білдіреді. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке жету деп түсіну керек. Философиялық сөздік: «... шығармашылық – қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс – әрекет, - деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л. С. Выготский «шығармашылық» деп жаңадан ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я. А. Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді де есептейді. Бұл пікір бүгінгі күні педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды. Шығармашылықпен жұмыс жасау тәрбиелеу барысында өзін қоршаған ортамен байланыстыра бейнелеуді тапсыру керек. Мысалы: (сен не салдың?) деп баланы ойға салу керек. Осы іс – әрекет барысында қоршаған айналамен танысу ұғыну үшін, салынған бейнені бала шығармашыл қиялмен жетілдіре салу барысында қойылған сұрақ алғашында бұл сұраққа бала үндемей жауап қайтармауы мүмкін. Бұл ұғынысты нәрсе. Бала мақсат қоя алмаған. Бұл уақытта асықпаған дұрыс. Мектеп қабырғасының бастауыш буынына қарағанда балабақша жасындағы балалардың зейіні тұрақсыз. Осыны ескеріп балаға (бұл қандай үй? Үйге ұқсамайды) деп айтуға асықпау тиіс. Бала тез айнып қалуы мүмкін. Осы тұрғыда жұмысты үзбей шығармашылық жұмыс жасау барысында, бала нені және қалай ұнататынын түсіне бастайды. Балабақшадағы балалардың қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіде, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейін жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез келген бала шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттіңайырмашылығы – ол баланың өзін – өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс – тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Бүгінгі күні балабақша балалары кез келген шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық керек.

Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін – өзі тануға ұмтылуға, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, жаратушы да. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарына өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылардың назарына болғандығын байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан, шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты – бүгінгі күнгі талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың мінез - құлқын көптеген ғалымдар зерттеген. Олар: С. Т. Шатский, П. П. Блонский, Л. С. Выготский, В. А. Сухомлинский. Балалардың суреті, сурет салу үрдісі, бұл баланың рухани өмірінің бір бөлігі. Балалар қағаз бетіне қоршаған әлемді түсіріп қана қоймай, өздері де сол әлемде өмір сүреді. Сол өмірінің әдемілігіне тамсанады.

Дайындаған: Корпешова Шынар
Бейнелеу өнері сабағында танымдық және шығармашылық белсенділіктерін дамыту. жүктеу
2 623
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бейнелеу өнері сабағында танымдық және шығармашылық белсенділіктерін дамыту.
Бейнелеу өнері сабағында танымдық және шығармашылық белсенділіктерін дамыту.
Мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығын бейнелеу түрлері арқылы дамытып, сөйлеу қабілеттерін жан - жақты жетілдіру;
Сиқырлы әлем
Сиқырлы әлем
Бағдарлама 4 - 5, 5 - 6 жастағы баланың қол саусақтарының ұсақ маторикасын дамытады. Қолдың ұсақ қол маторикаларын дамыту балалардың сөйлеуінің дамуына апаратын жол.
We dance and play and sing and say
We dance and play and sing and say
Мектепке дейінгі жас – ағылшын тілін оқытуға өте қолайлы кезең, себебі бұл жастағы балалар тілдік құбылысты қабылдау қабілеттілігімен ерекшеленеді: оларда өзінің сөйлеу тәжірибесін, тіл құпияларын байқау қызығушылығы пайда болады.
We dance and play and sing and say
We dance and play and sing and say
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат – саналы ұрпақ тәрбиелеу. Қазіргі қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік, көпмәдениеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру
Алдар мен Алтын балық ертегісі
Алдар мен Алтын балық ертегісі
Көркем әдебиет арқылы балаларға саусақ театры арқылы балалардың тілін, қызығушылығын арттыру және эстетикалық тәрбие берудің әдістерін анықтау және оларды үрдісті ұйымдастыру әрекетіне енгізу.
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту
Ибраева К. М. қазақ тілі мұғалімі «Алтын сақа» балабақшасы КМҚК, Қарағанды қаласы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×