Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Түстану негіздері. Түстік шеңбер

17 наурыз 2022, Бейсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Пәні: Арнайы сурет және көркем графика.
Subject: Special drawing and art graphics
Сабақтың түрі: Тәжірибелік сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Түстану негіздері. Түстік шеңбер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге киімдерде кездесетін түстер, олардың бір - бірімен үйлесуі және түстердің қасиеттері туралы түсінік беру. Бояуларды қолдана алу.
Тілдік мақсат: Берілген тақырып бойынша ағылшын тілінде кәсіби терминдерді оқып үйрену.
Сабақтың кезеңдеріМазмұныӘдіс - тәсілдеріҚолданылатын көрнекіліктер және ТОҚУақыты
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың сырт келбетіне, назар аудару, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.2 мин
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Тақырыбы: Түстану негіздері. Түстік шеңбер
Мақсаты: Студенттерге киімдерде кездесетін түстер, олардың бір - бірімен үйлесуі және түстердің қасиеттері туралы түсінік беру. Бояуларды қолдана алу.
3 мин
ІІІ.. Жаңа сабақты түсіндіру. Тақырыпты баяндау. Мамандыққа қажеттілігін көрсету. Слайд корсету.10мин
IV. Сабақта оқушыларға берілетін білімнің өзектілігі, оқу процесіне оқушының қызығушылығын тудыруСабақта оқушыларға тақырыптың түсінікті болуын қамтамасыз ету мақсатында тапсырманың орындалуына бағыт - бағдар беру, сабақ барысында олардың қызығушылығын тудыру мақсатында тапсырманы түрлендіріп беру, ойындар ұйымдастыру.Сызба суреттерді көрсету арқылы түсіндіру, және бейнелеу.Видео таспа.
Интерактивті тақта.
Карточка 
10 мин
V. Тәжірибелік тапсырмаларды орындаудағы оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмыстары 1. Түстік шеңберді қағаз бетіне бейнелеу.
2. Ахроматикалық және хроматикалық түстерді бейнелеу.
3. суық түстерді бейнелеу.
4. Жылы түстерді бейнелеу.
 өз бетінше өзіндік жұмыс орындау.1. Нұсқау карта№8, түстік шеңбер №8.
2. А4 форматы қағаз, түрлі конструктор қарындаштар, өшіргіш, сызғыш, гуашь бояулары т. б
10мин
VI. Сабақты қорытындылауОқушылардың тапсырманы орындауына байланысты бағалау және хабарлау. Сабақ барысында жіберілген кемшіліктер үстінен жұмыс істеу және сабақты қорытындылау.
1. Негізгі түстерге қандай түстер жатады?
2. Ахроматикалық, хроматикалық түстер қандай түстер?
3. Жылы және суық реңктегі түстерге қандай түстер жатады?
4. Қарсы түстерді көрсету.
5. Туыстас түстерді көрсету.
6. Үштік түстердің үйлесімділігін белгілеу.
7мин
VII. Үйге тапсырма беруКиім үлгісінде бояумен түстерді үйлесімді бояу. Ансамбль құрастыру.3 мин
ДамытушылықКөркем ойлау, көркем өнерді қабылдау сезімдерін дамыту, шығармашылыққа баулу. Студент алған білімі өз дамуына әсер ету өмірде алған білімін қолдана алу қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Студенттерді талғампаздыққа, белсенділікке, сауаттылыққа, тәрбиелеу. Еліміздің болашағы ретінде «Мәңгілік Елдің» кешегісі, бүгіні мен ертеңі үшін қажет патриоттық тәрбие мен адамгершілік, Отансүйгіштік қасиеттерін дамыту.
Пәнаралық байланыс: Киім құрастыру, Тігін өндірісінің технологиясы, Сызу, Кәсіби ағылшын тілі.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі: Б. Асанова, Г. Тәкішева. Киімді үлгілеу және көркем безендіру.
Қосымша: C. Е. БеляеваОсновы изобразительного искусства и художественного проектирования
Сабақтың барысы мен мазмұны:
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Сабақ слайд арқылы баяндалады.
1. Түс – композицияда түстердің үйлесімділігі үлкен роль атқарады. Түс — адамның көзімен қабылданатын физиологиялық сезім. Әр - түрлі түстер адамға эмоциялық әсер береді. Мысалы, күңгірт, қара түстер адамға кері әсер етіп, ашық түстер жақсы әсер беріп, көңіл - күйді көтереді. Түстер екі түрге бөлінеді, олар хроматикалық және ахроматикалық түстер.
Хроматикалық түстер екі түрге бөлінеді. Олар жылы және суық реңктегі түстер. Жылы реңкті түстерге қызыл, сары, қызыл - сары, сарғыш реңкті барлық түстер ал, суық реңктегі түстерге барлық көкшіл реңктегі түстер жатады. Спектр – жеті түстен тұратын толқынның ұзындығына сәйкес орналасқан шкала. Күн сәулесін линза арқылы шағылыстырсақ түстердің спектірлік жолақтарын көреміз. Спектрдің негізгі 7 - түрлі түсі бар: Қызыл, қызылсары, сары, жасыл - сары, жасыл, көк, көгілдір түстер. Негізгі түстердің арасында аралас күлгін түстер бар. Олар 30 - шақты шамасында болады. Спектрдің барлық түстерін хроматикалық түстердеп атайды. Ахроматикалық түстергетүссіз ақ, қара, сұржатады.
Барлық спектрдің түстері және күн спектрінде жетіспейтін қан қызыл (ең шеткі қызыл және күлгін түстердің аралығындағы) түстер түстердің хроматикалық(«түстік») шкаласы деп аталатынды құрайды. Ақ заттар бүкіл спектрді шағылыстырады, ал қара заттар, керісінше, бүкіл спектрді жұтып қояды.
Ахроматикалық түстер бір - бірінен тек бір белгісі бойынша — ашықтығы (ашық - сұрғылт немесе қара - сұрғылт) бойынша ерекшеленеді. Хроматикалық түс, ашықтығы жағынан ерекшеленумен қатар, тағы да екі басты белгілермен — түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады. Түстік өң — бұл «қызыл», «сары» және т. б. сөздермен анықталатын нәрсе және мұның өзі бір түсті екіншісінен ерекшелеп тұрады.
Сонымен, барлық хроматикалық түс үш параметрмен — ашықтылықпен, түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады.
Хроматикалық түстерді жылы және суық түстердеп шартты түрде бөледі. Жылы түске спектрдің сары - қызыл бөлігі, ал суық түске көк - көгілдір бөлігі жатады.
Түстік шеңбер – бір - біріне біркелкі өтетін спектр түстері.
Бейнелеу өнерінде үш түс: сары, қызыл және көк — негізгі түстер деп есептеледі.
Қосымша түс негізгі түстердің қосындысы арқылы алынады. Шеңберде қарама – қарсы орналасқан түстер қарсы түстер деп аталады. Қарама қарсы түстер (контраст) – түс спектрінде аралығында 3 түс орналасқан екі түс.
2. Түстердің киімде қолданылу түрлері көрсетіледі.
IV. Сабақта оқушыларға берілетін білімнің өзектілігі, оқу процесіне оқушының қызығушылығын тудыру
3. Ағылшын тілінде видео таспа көрсетіледі, осы видеодан естілген таныс терминдерді әр топтың студенттері айтады.
Видео таспада кездескен:
(Мысалы)
1. Colors - түстер
2. Red, blue, yellow - қызыл, көк, сары.
3. White - ақ
4. Tone - тон
5. Greу - серый
6. color schemes - түстік шеңбер (схемы).
7. complementary colors - қосымша реңктер
8. primary colors - негізгі түстер
9. Hue saturation - қанықтық реңктер
10. Shade - реңктер
11. Warm - жылы
12. cool colors - суық түстер.
13. colors mixing - түсті араластыру
14. adding grey - сұр түстердің қосылуы
15. fun colors - көңілді түстер
4. Сұрақ қойылады оның жауабы студенттерде дұрыс жауабы бар студент тұрып оқиды, келесі сұрақты жалғастырады.
Жауаптары:Сұрақтары:

Қызыл түстің қарсы түсі қандай?
Question Loop activities:
Жауаптары:Сұрақтары:
Red, blue, yellow. (қызыл, көк, сары)Сары түспен қызыл түстің қосындысынан шыққан түстің бірі.
Жауаптары:Сұрақтары:
Orange (қызғылт сары)Суық түстерге қандай түстер жатады?
Жауаптары:Сұрақтары:
Purple(күлгін)Жылы түстерге қандай түстер кіреді
Жауаптары:Сұрақтары:
Green (жасыл)Көк түстің туыстас түсі.
Жауаптары:Сұрақтары:
Brush (қыл қалам)Ата тегі ағаштан болады
Ақылын тауып, әсем жанды
Теңіз беті шимайланды
Бірақ ойым сыймай қалды
Жауаптары:Сұрақтары:
Blue, green, hay green, dark blue (көк, жасыл, қаңық жасыл, қанық көк)жеті түстен тұратын толқынның ұзындығына сәйкес орналасқан шкала.
Жауаптары:Сұрақтары:
spectrum (спектр)Ахроматикалық түстерге қандай түстер жатады?
Жауаптары:Сұрақтары:
Palette (палитра )Өз бұрымын қауіпсіз
Әр бояққа малады
Боялған ол бұрыммен
Ақ қағазға салады
Жауаптары:Сұрақтары:
White, black, grey. (ақ, қара, сұр)Бояуды араластыратын ыдыс.
Жауаптары:Сұрақтары:
Red, yellow, orange, brown.
(қызыл, сары, қызғылт сары, қоңыр, )
Негізгі түстер.
Жауаптары:Сұрақтары:
Paper (қағаз)
V. Тәжірибелік тапсырмаларды орындаудағы оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмыстары.
Нұсқаулық карта №8
Пәні: Арнайы сурет және көркем графика
Күні: _______________
Сабақтың тақырыбы: Түстану негіздері. Түстік шеңбер.
Мақсаты: Жаңа сабақты түсіндіре отырып, хроматикалық және ахроматикалық түстер терминдерімен таныстыру. Суық және жылы түстерді айыра білулерін үйрету және білімдерін жетілдіру. Студент алған білімі өз дамуына әсер ету өмірде алған білімін қолдана алу қабілетін арттыру.
Тәжірибиелік сабаққа керекті құрал жабдықтар, материалдар:
1. Нұсқау карта№7, түстік шеңбер.
2. А4 форматы қағаз, түрлі конструктор қарындаштар, өшіргіш, сызғыш, циркуль, гуашь бояулары және қылқалам, су құятын ыдыс, палитра т. б
Жалпы мағлұматтар:
1. Түс – композицияда түстердің үйлесімділігі үлкен роль атқарады. Түс — адамның көзімен қабылданатын физиологиялық сезім. Әр - түрлі түстер адамға эмоциялық әсер береді. Мысалы, күңгірт, қара түстер адамға кері әсер етіп, ашық түстер жақсы әсер беріп, көңіл - күйді көтереді. Түстер екі түрге бөлінеді, олархроматикалық және ахроматикалық түстер.
Хроматикалық түстер екі түрге бөлінеді. Олар жылы және суық реңктегі түстер. Жылы реңкті түстерге қызыл, сары, қызыл - сары, сарғыш реңктібарлық түстер ал, суық реңктегі түстерге барлық көкшіл реңктегі түстержатады. Спектр – жеті түстен тұратын толқынның ұзындығына сәйкес орналасқан шкала. Күн сәулесін линза арқылы шағылыстырсақ түстердің спектірлік жолақтарын көреміз. Спектрдің негізгі 7 - түрлі түсі бар: Қызыл, қызылсары, сары, жасыл - сары, жасыл, көк, көгілдір түстер. Негізгі түстердің арасында аралас күлгін түстер бар. Олар 30 - шақты шамасында болады. Спектрдің барлық түстерін хроматикалық түстердеп атайды. Ахроматикалық түстергетүссіз ақ, қара, сұржатады.
Барлық спектрдің түстері және күн спектрінде жетіспейтін қан қызыл (ең шеткі қызыл және күлгін түстердің аралығындағы) түстер түстердің хроматикалық(«түстік») шкаласы деп аталатынды құрайды. Ақ заттар бүкіл спектрді шағылыстырады, ал қара заттар, керісінше, бүкіл спектрді жұтып қояды.
Ахроматикалық түстер бір - бірінен тек бір белгісі бойынша — ашықтығы (ашық - сұрғылт немесе қара - сұрғылт) бойынша ерекшеленеді. Хроматикалық түс, ашықтығы жағынан ерекшеленумен қатар, тағы да екі басты белгілермен — түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады. Түстік өң — бұл «қызыл», «сары» және т. б. сөздермен анықталатын нәрсе және мұның өзі бір түсті екіншісінен ерекшелеп тұрады.
Сонымен, барлық хроматикалық түс үш параметрмен — ашықтылықпен, түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады.
Хроматикалық түстерді жылы және суық түстердеп шартты түрде бөледі. Жылы түске спектрдің сары - қызыл бөлігі, ал суық түске көк - көгілдір бөлігі жатады.
Түстік шеңбер – бір - біріне біркелкі өтетін спектр түстері.
Бейнелеу өнерінде үш түс: сары, қызыл және көк — негізгі түстер деп есептеледі.
Қосымша түс негізгі түстердің қосындысы арқылы алынады. Шеңберде қарама – қарсы орналасқан түстер қарсы түстер деп аталады. Қарама қарсы түстер (контраст) – түс спектрінде аралығында 3 түс орналасқан екі түс.
Туыс түс – түс спектрінде қатар орналасқан 3 түстің реңктері: қызыл мен сары, сары мен жасыл, көкпен жасыл, қызыл мен жасыл.
Көңілді түстер: қызыл, сары, күрең қызыл, жасыл, көк
Көңілсіз түстер: суық түстердің қосындысы
Арманшыл түстер: жылы түстер мен суық тістердің солғын реңктері.
Ахроматикалық түстер – түс тоны жоқ түстер (сұр, қара, ақ).
Үйлесімді түстер – негізгі түсті таңдауға ықпал етуші түс.
Туыстық - үйлесімді түстер – 90 градус шамасында түс, шеңберіне кіретін түстер.
Туыстық түстер – 30 градус шамасында түс шеңберіне кіретін түстер.
Қанықтылық – түс тазалығын меңзейді.
Жарық – электромагниттік толқын.
Спектр – жеті түстен тұратын толқынның ұзындығына сәйкес орналасқан шкала.
Жылы түстер – от денелі түстер (қызыл, сары).
Суық түстер – судың салқындығын еске түсіретін түстер (көк, көгілдір, күлгін).
Хроматикалық түстер – түстік тоны бар спектрдің барлық түстері.
Түстік шеңбер – бір - біріне біркелкі өтетін спектр түстері.
Түстік параметрлер – түстік тон, жарық, қанықтылық.
Түстік тон – түс атауы.
Жарықтық – түстік жарық немесе қоюлықты көрсетеді.
3.
1. Түстердің негізгі түрлерін атаңыздар.
2. Хроматикалық түстер қандай түрлерге бөлінеді?
3. Туыстас түстері қалай анықтайды?
Тапсырмалар:
1. Түстік шеңберді қазаз бетіне бейнелеу.
2. Ахроматикалық және хроматикалық түстерді атау.
3. Суық түстерді бейнелеу.
4. Жылы түстерді бейнелеу.
5. Туыстас, қарсы және туыстас - қарсы түстерді анықтай алу
Туыстас түстер.
Қарсы түстер.
Туыстас қарсы түстер.
Тапсырманың орындалу тәртібі:
1. Қазаз бетіне қарандаш және сызғышты, циркульді, транспормерді қолдана отырып, түстік шеңберде орналасқан архоматикалық және хроматикалық түстердің салу тәртібі бойынша эскизін орындау.
2. Орындалған эскиз бойынша сыызықтық перспективасы заңдылығын сақтай отырып, /А4/ форматта түстік шеңберді дұрыстап орналастыру. Түстік шеңбердің пропорцияларын өзара сақтай отырып, біртұтас жинақылықты көрсету.
3. Орындалған түстік шеңбердің бетіне қылқаламмен гуашь бояуларын қолданып, спектр түстерін жұқа жағу арқылы түс реңін келтіру. Түс байлықтарының колоритін табу.
4. Ахроматикалық түстердің ақ түстен қара түске біртіндеп көшу. Бөлек қағаз бетіне палитрада түстер мен түстерді араластырғанда шыққан кестесін толтырып отыру. Мысалы мынандай:
5. Түстік шеңберде орналасқан түс бояуларының ерекшеліктерін ескере отырып жекелеген спектр түстерін байланыстыру.
VI. Сабақты қорытындылау
1. Негізгі түстерге қандай түстер жатады?
2. Ахроматикалық, хроматикалық түстер қандай түстер?
3. Жылы және суық реңктегі түстерге қандай түстер жатады?
4. Қарсы түстерді көрсету.
5. Туыстас түстерді көрсету.
6. Үштік түстердің үйлесімділігін белгілеу.
Бағалау критерилер:


Қорытынды балл:
1. Видео таспадан тыңдалған таныс терминдер бойыншаТаныс терминдерді ағылшын тілінде толық айтты.Таныс терминдерді толық аиталмады.Таңыс терминдерді аиталмады.
Қызыл түсті топ:



Сары түсті топ:



Жасыл түсті топ:



2. Сұрақ жауап әдісі бойынша Берілген сұрақтардың жауабын барлығын тапты Берілген сұрақтардың жауабы нақты аитылмады.Сұрақтарға жауап берілмеді.
Қызыл түсті топ:



Сары түсті топ:



Жасыл түсті топ:



3. Түстік шеңбер бояу бойыншаТүстер шеңберде орналасуы дұрыс, туынды түстер нақты табылған.Түстер шеңберде дұрыс орналасқан, туынды түстердің кейбір анық бейнеленбегенТүстер шеңберде дұрыс орналаспаған, туынды түстердің көбі анық бейнеленбеген
Қызыл түсті топ:



Сары түсті топ:



Жасыл түсті топ:



4. Ахроматикалық түстердібейнелеубойыншаАхроматикалық түстерді біледі, анық бейнеленген олардың реңктерін бейнелей алды.Ахроматикалық түстерді біледі, бірақ түс реңктері анық емес.Ахроматикалық түстерді білмейді, түс реңктерін бейнеленбеген.
Қызыл түсті топ:



Сары түсті топ:



Жасыл түсті топ:



5. Туыстас, қарсы және туыстас - қарсы түстерді анықтау.Туыстас, қарсы және туыстас - қарсы түстерді толық анықтай алу.Түстердің кейбірін анықтай алмады.Түстерді толығымен алмастырды..
Қызыл түсті топ:



Сары түсті топ:



Жасыл түсті топ:



VII. Үйге тапсырма беру
Өз талғамына сай костюмді түстермен үйлесімді бояу
4 604
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ауыл шаруашылық дақылдарының аурулары мен олардың өкілдерінің құрылымдық және көбею ерекшеліктері
Ауыл шаруашылық дақылдарының аурулары мен олардың өкілдерінің құрылымдық және көбею ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ауыл шаруашылық дақылдарының аурулары және олардың өкілдерінің құрылымдық және көбею ерекшеліктерін игерту, оқушылардың оқу қабілеттерін, таным ерекшеліктерін арттыру.
Ғажайып түстер – Funny Colors
Ғажайып түстер – Funny Colors
Мақсаты: Түстердің атауын ағылшын тілінде атауға үйрету. Эстетикалық тәрбие беру. Балалардың танымдық қызығушылығын арттыру.
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Көкөністер
Көкөністер
Мына суреттерді қарашы, біз қандай әдемі көкөністерді жинаанбыз! Қызыл қызанақ, жасыл бұрыш, сия көк баклажан... Қандай ашық, қанық түстер! Ашық бояулармен осы суретті қазір - ақ салғың келеді. Ал бұл жұмысты орындауға саған қосымша түстер
Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Негіздері бірдей дәрежелерді көбейту. Негіздері бірдей дәрежелерді бөлу
Бояулар бізде қонақта
Бояулар бізде қонақта
Балалар назарын негізгі түстерге көңіл бөлуге, түстерді ажырата білуге үйрету; Негізгі бояуларды бір-бірімен қосу арқылы әр түрлі түстердің алу жолдарын үйрету. Жылы және суық түстерді меңгеру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×