Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ертегілер еліне саяхат

10 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Сабақтың тақырыбы: “Ертегілер еліне саяхат”
Сабақтың мақсаты: Түрлі түсті бояулар арқылы ертегінің қыр - сырын ашу, оқушының ой - өрісін дамыту
1. Білімділік: оқушыны ойландыра білу, дүниені тани білу, қыл қалам арқылы ой - өрісін жеткізе білу
2. Дамытушылық: ертегі кейіпкерлері мен ондағы оқиғаны көз алдына елестете отырып ертегі мазмұнын иллюстрациялау, шығармашылық қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік: оқушылардың ертегіге деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыра отырып, эстетикалық талғамын, сол пәнге деген қызығушылығын арттыру.
4. Сабақтың көрнекілігі:
1. Иллюстрациялық суреттер.
2. Мультимедия.
3. Түрлі - түсті қағаз, акварель
бояулары, табиғи материалдар.

4. Магнитофон.
Ертегінің мазмұнына арнап иллюстрация жасағанда төмендегі талаптар ескеріледі.
• Ертегідегі басты кейіпкердің бет бейнесін айқындау және оны жеке парақтарға жобалап іздеу.
• Ертегі ішіндегі ең қызықты уақиғадан сюжеттік көріністер жасау. Әр түрлі жағдайда түрлі жобалық суреттер салу.
• Әр түрлі мазмұнда ізделген ертегі көріністерін бір жүйеге келтіріп, композициялық құрылымын айқындап барып қағаз бетіне түсіру қажет.
• Ертегіге арналып салынған иллюстрация ертегінің мазмұнын ашуға ықпал жасауы керек. Оның түрлі түсті бояулары ашық - жарқын болуға тиіс.
• Иллюстрация
І топ. Акварель бояуымен «Бауырсақ» ертегісін бейнелеп, аяқтау.
ІІ топ. Түрлі түсті қағаздармен аппликация құрастыру.
ІІІ топ. Табиғи нәрселермен шеберліктерін таныту.
IV. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
1) Топпен жұмыс. Ертегінің мазмұнын ашу.
2) Әр түрлі материалдарға сурет салудың техникасын үйрету
3) Түс тану
4) Сүйікті бейнеңді суретте
5) Ойлан да ойыңды жеткіз
6)«Кім жылдам» ойыны
7) Тест сұрақтары
• Түстану
«Бояулар сыры» ертегісі.
Ерте дүниедегі суретшілер сонда қандай бояуды қолданған? Ең алдымен олар табиғаттың өзінде балшық немесе ұнтақ түрде кездесетін саз бояуларды пайдаланған. Оның сары, қызыл, қоңыр түрлері болады.
Мінекей, Бояубаев, сенің сыртыңда “Охра “ деп жазылған бояуың бар. Демек бұл майға езілген табиғи бояу. Сұрақ: “Охра” деген қандай түс? Оқушылар жауап береді. Сары адамның денесі түстес түс, онымен адамның портретін бейнелейді. Қар бояуды күйеден ыстан алады. Біздің түпкі бабаларымыз қан қызыл жуса, ал қызыл мүк, сары үшкір тамыр бояулар жасай білген. Осылай бояулар алу арқылы иленген терілерді өрнектеп, кейбір бас киімдерін, қару - жарақтарын, тоқыма бұйымдарын бояй бастаған. Сары бояуды сиыр қарақат, қанды ағаш, сүттіген, тұт ағаш тамырынан алған. Қоңыр бояуды грек жаңғағының қабығынан жер мүгін қайнату арқылы алған. Ал ашық қызыл түсті бояу үшін әртүрлі жемістерді қайнату арқылы алған. Осындай әр бояудың өз тарихы бар екен.
Ойлан да ойыңды жеткіз
Композиция дегеніміз не?
Қоян қыста неге ақ түсті?
Шегіртке неге жасыл түсті?
Тіршілігін сақтау үшін аңдар түсін қалай өзгертеді?
Гүлдер неге әдемі түске боялған?
Балықтың жоны неге қара, төсі неге ақ?
Кемпірқосақтағы түсті айыра ата?
Күзде жапырақ неге сары түске боялады?
Ала түсті жануарлар бар ма?
Көбелек неге түрлі - түсті?

• Қорытындылау: Оқушылар салған суреттері бойынша талдап айтып беру. Бағалау.
• Үйге тапсырма: Ертегіні аяқтап, альбом жасақтау.
14 872
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ертегі терапиясы
Ертегі терапиясы
Ертегі терапиясы – психотерапияның құрамдас бөлігі. Баланың ертегі сюжетіне әсерленуі, кейіпкердің қиыншылықтарына алаңдауы оның келешекте өз алдында пайда болатын кедергілерден қиналмай өтуіне іштей дайындығын туындатады.
Ертегідегі жануарлар
Ертегідегі жануарлар
Оқушыларды ертегілер мазмұнымен таныстыру, мазмұны арқылы сурет салуға үйрету. Жеке тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастыру, балалардың бейнелеу қабілетін шыңдау.
Сүйікті ертегі
Сүйікті ертегі
Сабақтың мақсаты. Оқушыларды ертегі әлемімен таныстыру, ертегілердің мазмұнына байланысты иллюстрациялы сурет салуға баулу, өзіндік көзқарас қалыптастыру.
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Ақтөбе облысы, Алға ауданы №4 Алға орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жарикова Гульназ Абдешовна
Ертегі мазмұнына иллюстрация жасау
Ертегі мазмұнына иллюстрация жасау
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Х. Наубетов атындағы орта мектептің бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі Борашева Гүлбаршын Ермекқызы
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Тақырыбы: “Ертегілер еліне саяхат” тақырыпқа иллюстрация салу бейнелеу өнері пәні мұғалімі: Бирманов Н.А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×