Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үш заттан құралған натюрморт, жасанды жарық

01 мам 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Натюрморт - француз сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді.

Сабақтың тақырыбы: «Үш заттан құралған натюрморт, жасанды жарық»
І. Теориялық түсінік беру.
ІІ. Натюрморттың композициялық қойылымын дайындау.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: оқушыларға натюрморттың құрылымын көрсетіп суретке деген қызығушылығын ояту;
б) дамытушылығы: оқушыларға натюрморттың заңын меңгерту, ой қабілетін дамыту;
в) тәрбиелігі: көзбен елестетуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сурет үлгілері, қарындаш, уголь, нобай өшіргіш.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, түгелдеу.
ІІ. Негізгі бөлім: жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жаңа сабақ.
Натюрморт - француз сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді. Оған тұрмыста күнде кездесіп жүретін заттарды, жемістерді, гүлдерді немесе алуан тағамдар бейнелейтін картиналар жатады.

Натюрморт алғаш рет XVII ғасырдың басында Голландияда пайда болды. XVIIІ ғасырдың ортасында бейнелеу өнеріндегі көп тараған жанрға айналды. Осы кезде натюрморт салудың тамаша шебері шықты. Ол Ван де Вальде, Винсент - Ван Гог, фраздың ұлы суретшілері - Поль Сезанн және А. Матисс еді. Қазір көптеген суретшілер осы қылқалам шеберлерінің жолын қуып, істерін алға қарай жалғастыруда.

Натюрморт немесе басқа да заттардан құралған суретті салған кезде оның мағыналы құрылымының өзегі болатын - композицияны білуіміз шарт. Онсыз ешқандай қызықты, әсерлі сурет салу мүмкін емес.
Енді кезеңдер арқылы берілген натюрмортты салудың жолдарын қарастырайық. Натюрморт үш заттан тұрады.

Заттың бейнесінің орналасуын анықтау дегеніміз - бейнелейтін затымыздың жалпы нұсқасын қағаз бетіне дұрыс немесе белгілі бір мөлшерде ықшамдап түсіру болып табылады.
Зат бейнелерінің құрылымын табу. Натюрморттағы заттардың бір - бірінің ара қатынасын пропорциясын тексеріп өлшеп, олардың әрқайсысын сызықтық қаңқасын сызамыз. Мұндағы заттардың ара - қатынасын өлшеу қарындаш арқылы жүргізіледі.

Пішінін сомдау. Штрихтарды пайдалана отырып көлеңке мен жарықтың ара - қатынастарын шешіп табиғи формасын бейнелеуге көшеміз. Заттардың пішінін сомдауда штрихтардың рөлі өте үлкен. Солардың көмегі арқылы жартылай жарық көлеңке денеден құлай түскен көлеңкесінің айырмашылығын реттейміз.

Штрихтауды көлеңкеден жарыққа қарай жүргізген ыңғайлы, бірақ мұны (әдісті) өзгермейтін заңдылық деуге болмайды, сондықтан керісінше - жарықтан көлеңкеге де жүргізуге болады. Ол ыңғайға қарай.

Натюрмортты мұқият тексеріп көзге ұрып тұрған елеулі көлеңке немесе жарық болса, соларды басып, жалпы натюрморттың рең қоюлығына бағындырамыз. Натюрморт пен фон арасындағы кеңістіктің тереңдігін тағы бір қарап, натюрморттың фонға жабысып қалмауын тексереміз. Содан артық сызық штрихтарды өшіріп, суретті аяқтаймыз.
Сөз жұмбақ
--------ж а Р ы қ
----------м Е н ш і к т і
------------Ф о н
------ж ы Л т
----------р Е ң
р е ф л е К с
--------т ү С п е

1. Қандайда бір затқа сәуленің мол түсіп тұрған жерін не деп атаймыз?
2. Затқа жарықтың түспей тұрған көлеңкесі?
3. Натюрморттың арасындағы кеңістік?
4. Заттың үстіне қатты түскен сәуле?
5. Қоюланған штрихтар жиынтығы?
6. Әлсіз жарық қалай аталады?
7. Дененің жазықтықта жатқан ең қою көлеңке?

Жаңа сабақты қорыту.
Натюрморттарға байланысты сұрақтар қою:
1. Компоновка дегеніміз не?
2. Штрих түрлерін ата?
3. Переход дегеніміз не?
4. Көмекші сызықтың қызметі қандай?
5. 1, 2, 3 планды қалай түсінесіңдер?
6. Параллель сызығы дегеніміз не?
7. Салыстыру деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
8. Композиция дегеніміз не?
Бағалау. Оқушылардың жұмысын тексеріп, бағалау.
9 499
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Натюрморт түрлері. Натюрморт құрастыру өнері
Натюрморт түрлері. Натюрморт құрастыру өнері
Бейнелеу өнерінің жанрларының бірі - натюрморт жайлы оқушыларды жүйелі таныстыру, және оның түрлерімен жұмыс істеуді ұйымдастыру.
Натюрморт түрлері. Натюрморт құрастыру өнері
Натюрморт түрлері. Натюрморт құрастыру өнері
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің жанрларының бірі - натюрморт жайлы оқушыларды жүйелі таныстыру, және оның түрлерімен жұмыс істеуді ұйымдастыру.
Натюрморт жанры
Натюрморт жанры
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы, №5 орта мектептің бейнелеу өнері және сызу мұғалімі Оразалина Райхан Габдрахмановна
Тұрмыстық заттардан құралған натюрморт
Тұрмыстық заттардан құралған натюрморт
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, "Аудандық көркемсурет лицейі" МКҚК - нің сурет және дизайн пәндерінің мұғалімі Абдикова Мирамкул Жуматова
Натюрморт
Натюрморт
Қызылорда қаласы №11 орта мектептің сурет және сызу пәні мұғалімі Қонкаев Манарбек
Ұлттық натюрморт
Ұлттық натюрморт
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Нұрбұлақ ауылы Бирманов Н.А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×