Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Натюрморт

02 ақпан 2014, Жексенбі
Категориясы: Сурет және сызу
5 класс
Сабақ тақырыбы: «Натюрморт»
Сабақ мақсаты.
Тәрбиелік: оқушылардың санасына қазақстандық патриотизм сезімдерін қалыптастыру, ұқыптылыққа, дұрыс бейнелей білуге үйрете келе, эстетикалық тәрбие беру.
Білімділік: Есте сақай отырып, әр затты дұрыс тауып салып бояуда, оқушылардың білімдерін жүйелендіру, шеберлігін, деңгейін арттыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың жұмысты орындаудағы есептілігін, кәсіби дағдыларын, логикалық ой өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақ түрі: танымдық сабақ ( білім мен іскерлік дағдыны жетілдіру)
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, практикалық, ізденушілік жұмыс.
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер.
Пәнаралық байланыс: Информатика, Сызу және бейнелеу өнері.

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушылардың көңіл - күйін сабаққа аудару.
Жаңа сабақ барысы.
Өнерді таудың бұлағынан,
Апамның киізінен,.
Қойдың құлағынан,
Ешкінің мүйізінен үйрендім
- деп Әбілхан Қастеев суретші атамыз айтқандай сурет салғанда оны альбом бетіне дұрыс орналастыруды, заттың пішіні мен көлемін дұрыс тауып салуды үйрететін сабақ.
Нотюрморт бейнелеу өнері көптеген жанрларының бірі болып саналады бұнда өзге жанрлардан ерекшелігі жаны жоқ заттар бейнеленеді. Нотюрморт сөзін «қозғалыссыз, бір қалыпта тұрған табиғат» деген мағынаны білдіреді. Нотюрмортта жеміс - жидек, көкөніс, гүлдер мен тұрмыстық заттар бейнеленеді. Нотюрмортта бейнеленген суреттерден біз көз алдымызда тыныш, бірқалыпты тұрған тіршілікті көреміз.

Мына слайдтарға көз салсақ нотюрморттың түрлі тәсілдермен жасалынғанын көреміз. Гүлфайруз Ысмайылованың «Қымыз» нотюрморты деген суретінде, темірмен түрлі тастармен безендірілген ағаш ыдыстарға қымыз құйылғанын көреміз, қасында түрлі заттар қосымша ілініп суреттің сәнін келтіріп тұр.

Тағы да бір нотюрморт суреттерінде А. Мырзакаримовтың “Ұлттық ыдыс - аяқтар”- деген суретінде, ыдыстар, нан, алма, торсық т. б да көптеген заттар қойылып салынған суретті көреміз. Жеміс – жидектер нотюрмортында адамның аузын ашарлықтай шынайы бейнеленген жемістерді көреміз. Онда әрқайсысы өзіне сай түс - түрмен, көлеммен көрсетілген.

Келесі слайд беттерінде коллаж техникасы арқылы жасалған нотюрморттарды көреміз. Мата қиындыларынан құрастырып нотюрморт жасаған, біреуінде торсық пен ыдыс бейнеленген, ал біреуінде күзгі нотюрморт деп көрсетілген, құмыра жапырақтар және жемістер салынған. Осы суреттерге қарай отырып, бір жанр нотюрмортты түрлі тәсілмен жасалу жолдарын қолданып, салуға болатынын көрсетеді. Көңіл күйімізді сергітіп алу үшін бірнеше жұмбақтарды шешіп көрейік.
Қызыл, жасыл, көк лента, Аспан асты көп лента.
Тағы да қандай түрі бар, Жетеуін санап біліп ал.
( Кемпірқосақтың жеті түсі)
Оқытады жазда, оқытады қыста, тіліміз дана ұстаз. (Кітап)
Хабарым жоқ әріптен, жазам бірақ дәріптеп. (Қалам)
Қарамын да, қызылмын,
Қысқамын да ұзынмын.
Толып жатқан өңім бар,
Қызығатын болыңдар. (Түрлі - түсті бояулар)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 717
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Натюрморт түрлері. Натюрморт құрастыру өнері
Натюрморт түрлері. Натюрморт құрастыру өнері
Бейнелеу өнерінің жанрларының бірі - натюрморт жайлы оқушыларды жүйелі таныстыру, және оның түрлерімен жұмыс істеуді ұйымдастыру.
Натюрморт түрлері. Натюрморт құрастыру өнері
Натюрморт түрлері. Натюрморт құрастыру өнері
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің жанрларының бірі - натюрморт жайлы оқушыларды жүйелі таныстыру, және оның түрлерімен жұмыс істеуді ұйымдастыру.
Натюрморт жанры
Натюрморт жанры
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы, №5 орта мектептің бейнелеу өнері және сызу мұғалімі Оразалина Райхан Габдрахмановна
Менің Қазақстаным
Менің Қазақстаным
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің «Бейнелеу өнері және сызу» пәні мұғалімі: Исмагулова Гүлмира Сериковна
Ұлттық натюрморт
Ұлттық натюрморт
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Нұрбұлақ ауылы Бирманов Н.А
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Тақырыбы: “Ертегілер еліне саяхат” тақырыпқа иллюстрация салу бейнелеу өнері пәні мұғалімі: Бирманов Н.А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×