Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адамтану қазақи үлгілер

27 қыркүйек 2020, Жексенбі
Категориясы: Суретшілер
Адамтану қазақи үлгілер Қазақ адамтанушылары - қауым ортасында сыншы (сынақшы дейді кей аймақтарда) деген атпен белгілі. Қазақ қауымында адам сыншысы, ат сыншысы, құс сыншысы, түс сыншысы (түс жорығыштар), жұлдыздамашы, жауырыншы, құмалақшы, санақшы, бақсы - балгер, тәуіп - көріпкел, көзбайлаушы, емші - домшы, сәуегей, әулие сияқты ерекше дарынды адамдар аз да болса бар еді. Адамтану қазақ білімін өмірге келтіріп, өсіріп дамытқан осылар еді. Олар қордалана келе қомақты білім қорына айналған. Алайда бұл білім қоры сараланып, жіктеліп, реттеліп, жүйеленіп, қажетті адамдарға ұсынылудың орнына, өгейленіп, шеттетіліп, менсінілмей қамқорсыздың күнін кешуде. Қазақ, адамтанудың жолын, оны игерудің бағыт - бағдарын, амал - тәсілін әжептәуір айқын көрсеткен. Ерлерін бесіктен танитын қазақ атамыз: «болар бала боғынан белгілі» дей отырып, «бұқа болар бұзау, биттейінен белгілі, батыр болар бала, титтейінен белгілі», «бөрі аулайтын жігіт, бөрігінен белгілі, жау алатын жігіт, серігінен белгілі», нақтылы ден қойып, мұқият зерделесең, ерді кебенек ішінен тани аласың деп ұқтырған. «Арғымақ аттың құйрығы, әрі жібек, әрі қыл, ер жігіттің белгісі әрі мырза, әрі құл», «Арғымақ аттың белгісі аз оттар да, көп жусар, асыл ердің белгісі, аз сөйлер де көп тыңдар»,«Ат ерінді келер, ер мұрынды келер» деп адамтанудың ерекшелігін адамның сырт белгісімен ұштастыра көрсетсе,«Атты тісіне қарап таны, жігітті ісіне қарап таны», «Жігітті бір де майданда таны, бір де бейғамда таны», деп адамды әрекет іс - қимыл үстінде толық тануға мүмкіндік бар екенін ескертеді. Атам қазақ, «Жау жеңетін жігітті жарағынан таниды, дау жеңетін жігітті талабынан таниды» деген қағиданы басшылық етіп, адамды бала кезінен танып білуді ұсынған. «Болар бала бесігінде бұлқынады»,«Бесіктегі баланы бек боларын мен білем», «Адам танымаған мұраттан қалар, сөз танымаған ғибраттан қалар», адам тануды тек нобаймен ғана емес дәлдікпен, белгілі әдіспен анықтауды ұсынады. Қызды әдебіне қарап, ұлды әдетіне қарап таны десе, еліктегіш еркекті сөйлеуінен байқарсың, еліктегіш әйелді көйлегінен байқарсың, жүзден жүйрік шықпай ма? Шіркін, айыра білер жан болса, келешегін бажалай алып, талантын тани біліп, жетелесе, бағыт - бағдар берсе, өспейтін жас, дамымайтын өнер, бейімділік болмас. Әйелді табағынан байқа, баланы талабынан байқа, адамның мінезін сөйлегенде тани алмасаң билегенде танисың, адамның арманына қарап, ниетін ұғуға, ниетіне қарап, қасиетін ұғуға болады, мейірім жан жомарттығы, мейірімі бардың, қайырымы бар, өзгеден айырымы бар, зейіні бардың, бәріне бейімі бар екенін анық аңғартқан. Адамтану тек аңғарпаздық, зерделей білер қарапайым сезгіштік пен танымпаздықты талап етеді. Кісі болар баланың кісесінен белгілі, адамға деген жарқын қатынас, дүниеге деген ұқыптылық, жинақылық, бала мінезіндегі биязылық нышандары оның келешекте қандай адам болатынына жоба болары айдан анық. Саусағы ұзын биші болар, құлағы үлкен күйші болар. Атам қазақ адамның бет - әлпеті, сөз ләмінің өзі, егер оқи алсаң - нағыз кітап демеді ме?! Қазақ адамтанушылары, адамды жан - жақты қарап, оның жан - дүниесіне терең үңіліп, тек өзін ғана емес, оның туған - туыстарын да мұқият қадағалап барып қорытынды жасайтын еді. Жігіттің жігіт болмағы нағашыдан, тегіне тартпас ұл болмас, болаттың сынығы да болат, анасына қарап қызын ал. Себебі, дүниенің құлпы да адам, кілті де адам екені белгілі. Кісі болар баланың, кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың, кісіменен несі бар. Адам болар баланың етек - жеңі кең болар, адам болатын бала алысқа қарайды. Қатарынан озатын ұл биікте жүреді, ез атанып тозатын ұл иықта жүреді. Міне, мұның бәрі адамтанудың қарапайым ережелері. Қазақ адамтану үрдісінде адамның жас ерекшелігіне сай танып білу өте орынды айтылған: «Болар адам, он бесінде бас болар, болмас адам, отыз бесінде жас болар, адам болар жігіттің ақылы артық болар, ісінде тәртіп болар, алпыстағы шалағай алты жастағы баладай,, адам болатын жігіт әуелі өз нәпсісін билейді, сонан соң ауылын билейді. Отызда орда бұзбаған, қырқында қыр аса алмайды. Қабағынан жай біліп, жанарынан сырын ұқсаң, көзге ұрып тұратын белгілер мен сындарды, сезіліп тұратын сырларды ұға білсең, оқи білсең адамдарды аңдамай танисың.. Қазақ адамтанушылары адамдардың алақан, табан, бет - бедерлерін, құлақ күн қағар, саусақ тұяқтарының тамырлары мен олардың өң - түсі, дене пішімі, ауқаттану амалы, жатыс - тұрыс парқы, қас, кірпік, ерін, шаш, сұрқы, туған ай - күні, амал - жұлдыз сәйкестігі, шыққан тегі, кіндік шешесі, сәттіліктері мен киеліктері, ұстанған наным - сенімдерін толығымен қарастырып барып, қортынды жасайтын еді. Олардан басқа құмалақ тарту, жауырын жағу, омыртқа оқу, жұлдыздама ашу, асық иіру, түс жору, тұз шашу, жан – жануар қылықтарын ырымдау арқылы жорамал жасау әдістерін де пайдаланған. Бала сынау әулет мектебінің ежелгі дәстүрі.«Бала Абайдың ұғымтал, зеректігіне қатты риза боп, шын сүйген Барлас бір оңашада жәй ғана тақпақтап: Шырағым, ержетерсің. Ер жетсең, сірә, не етерсің? Алысқа щырқап кетерсің, Шындасаң, шыңға жетерсің,- деп еді. Барлас ақын бала Абайдың бойындағы мол дарын - қасиетті сол кезде - ақ байқаған болатын».(М. Әуезов) Кемеңгер ақын, адамтанушы Абай, бала Мұқтарды ең алғаш көргенде болашақта үлкен ғұлама адам болатынын кескін келбетіне, түр - сипаты мен болмысына қарап, кісілік - адамдық сипаттама берген. «Ақын қолын созып, өзіне шақырды;- Бері кел, қарағым!- Бара ғой, қысылма, Мұқтаржан. Абай атаң ғой,- деді Әуез қарт. Мұқтар жүрексіне басып, Абайға жақындап, тізесін бүкті. Ақын оның басынан сипап:- Жанарыңда ой нұры тұнып тұр екен. Еліңнің үмітін ақтармысың!.. Бақытың ашылсын, балам,- деді. Қариялар үнсіз тына қалды. Олар Абайдың адам қасиетін жаңылмай танитынын, артық сөз айтпайтынын білетін.» (Мұқабадағы сурет, үзінді оқулықтан алынды) Баланың түрлі қимыл - әрекетіне қарап, оның кісілік - адамдық сипаттамаларын болжап айтатын әдістер де бар. Ер бала көзін ашып ұйықтаса, онда ер жеткенде бақытты, жары сұлу болады. Егер бала үнемі жастық үстіне ұйықтайтын болса, кейін ел басқаратын көсем болады; ал көрпені тұмшалап алып жататын болса, мінезі жайдары, ақкөңіл азамат болады; етбетінен жататын болса, қызғаншақ, кейде ойшыл болады. Аяқ - қолын созып төрт тағандап бей жай ұйықтайтын болса, өскен кезде кемеңгер әрі батыр болады. Қазақ адамтанушылары туралы жазба деректер, жұрт жадында сақталған аңыз - әңгімелер тым мол - ақ. Адамтанудан бастап, адамның ұлттық санасы мен сапасын жетілдіре түсетін қорғап отыруды көздейтін бұл дәстүр ғасырлар бойы халықтың ұлттық ой - өрісін дамытып, адамның ұлттық тегін сақтайтын құндылықтарды қалыптастырып, ұрпақтың қасиетін қорғап отырған. Жеке адамның тектілігі тілді, дінді таза ұстау, атадан балаға, бабадан ұрпаққа берілетін асыл мұра ділді қорғау. Қазақтың тілді қадірлеп, тіл арқылы жанды тәрбиелеп, ойды, білімді дамыту өнерінің бойында да тектілік аз емес. Қазақ ұғымында ойлы адам ғана тілді қорғай алады, себебі, ой білім мен қабілеттің бірлігінен туатын дүние. Тектілік - дұрыс білімнен, дұрыс ойдың, дұрыс ойдан дұрыс идеяның қалыптасуына ықпал ететін қасиет. Сонау ұлттың қалыптасу тарихынан бастап, оның дүниетанымы, мәдениетін, тарихы мен тарихи санасын, құндылықтарын сақтайтын қасиет тектілік. Адамның бойындағы қорғану күші, өшпейтін, өзгермейтін, жоғалып кетпейтін мінез, ол қанша данышпан, ғалым, ойшыл, батыр болса да ұлтты сақтап дамытып отыратын негіз. Мадан деген хан, Жер бетіндегі ең Жаман (болашақ Аяз би) адамның сыншылық қасиетіне тәнті болып, оған менің өзімді сынашы, мен неше атамнан бері хан екенмін?- дейді. Жаман: - Жақсы! – деп, тақта отырған ханның алды - артына шығып, алдына келіп, ханның бетіне тіке қарап тұрып: - Тақсыр ханым! Ақыл - ойың ешкімнен кем емес, бірақ хандық қара басыңда, қарадан туып хан болғансыз, атаңда хандық жоқ,- дейді. Жаман сөзін бітірмей, хан сөзін бөліп: - Жоқ, қате айтасың! Мен жеті атамнан бері ханмын. Өзімді қойғанда да, алты атамды қайда жібересің? – деп зекіреді. Жаман саспайды. - Жоқ, тақсыр! Сіздің қара басыңыздан басқа тегіңізде хандық жоқ. Сіз нағыз наубайдың баласысыз, - дейді. Хан не дерін білмей, халыққа қарап, анасын алдырып, шындықты айтуын сұрайды. Анасы болған жайдың ақиқатын айтып, оның шын мәнінде ханның ұлы емес екенін, өзіне дейінгі он тоғыз әйелді әкесі Зәрлі ханның кілең қыз туғаны үшін жарып өлтіргендігін, құрсағына көтергені қыз екенін тәуіптер арқылы білгесін, шыбын жанын сақтау мақсатында өзімен бір мезгілде ұл көтерген сарайдағы наубайшының әйелімен жасырын келісіп, кейін күні жеткесін нәрестелерді алмастырып, содан бері екеуінің бұл жөнінде ешкімге тіс жармағандарын тәптіштейді. Хан: - Апырмай, менің наубайдың баласы екенімді қайдан білдіңіз? – дейді. Сонда Жаман: - Мен Жаман - жақсы болсам да, үйіңізге келген қонақ едім. Хандардың ішер асы – жал мен жая аузыңызға түспей, нан, көже түсіп, мені келісімен аспазға жібердіңіз. Салтыңызға тарттыңыз. Сіздің шонжарлы, атаулы хан емес екеніңізді содан байқадым, - дейді. Адамды тану үшін оның жас ерекшелігі мен жеке бас ерекшелігін білудің маңызын осы мысалдан - ақ аңғарамыз. ХІХ ғасырдың орта кезінде Абыз бидің батасын алмақ. болып үш жігіт ел сыйлаған шешен қарияға келеді. Серікбай мен Жаманқұлдың сөзін тыңдап, оларға өзінше баға берген би бір кезде үшінші жігітке келіп қарап: «Шын асылдың көзінде жасыл от болады» деуші еді. «Қарағым - ай, ныспыңды айтшы?»- депті. Сонда әлгі жігіт: Әкемнің ныспы Жаманбала өз есімім Кәріпжан,- дей бергенде, Абыз би бармағын тістеп, тіксініп қалыпты. - Тек! «Ат - аспаннан, нұр - пейіштен деуші еді. Ой, пәлі - ай, бекер болған екен, бекер болған екен»,- деп басын шайқап былай деген екен. Арысын жауға бермес, Намысын дауда жібермес, Елдің ері кісі танысам сен боларсың, Бірақ, қарағым, түбі бір нәрседен кем боларсың! Шынында, Кәріпжан - айтулы би, шешен адам болған екен. Мұнда, қойылған - ат, көз жанарын көріп қана сынай білген Абыз бидің талантына таң қалмасқа бола ма? Кәріпжан қартайған кезінде, «Жаманға бұйырған көп жақсы аттың бірін маған неғып қимады екен»,- деп налыған деседі жұрт. Өйткені қара қылды қақ жарған әділ би өз кіндігінен перзент көрмепті. Арнайы сынап танудың да амалдары бар болған... Бір де Сырым бала сол өңірге батырлық, билік атағы жайылған Малайсарыға сәлем бере барады.- Уа, қай баласың? - Даттың баласымын.- Қой жая алмайтын жаманнан қолақпандай ұл туды деп еді, сірә, сол боларсың?- Болсақ болармыз. Бірақ бір құшақ отыннан бір оқтаулық мүсін шығады деуші еді. Әкем жаман болса, сондай - ақ болар. Өзіңді қазыналы қарт екен десем, қазымыр қарт па едің?- Бала, әкең нашар болғанмен шешең пысық еді. Күндіз келген жиырма адамды, түнде келген жиырма адамды ренжітпей атқарушы еді, шешеңе тартқан боларсың.- Шешем пысық болса, оның несін айып көрдіңіз? Әкем би болмаса да, би түсетін үй болыпты. Шешем күндіз келген жиырма кісіні, түнде келген жиырма кісіні ренжітпей аттандырса - қырық адам екен, қырықтың бірі қыдыр деген, онда қыдыр дарыған болар. Шал үш түрлі деуші еді: қазымыр шал, қадырсыз шал, қыдырымпаз шал. Өзіңіз соның қайсысыз? - Балам, сынайын деп айтқан бір - екі ауыз сөзімді көңіліңе алма? Жаманнан жақсы туады - адам айтса нанғысыз, жақсыдан жаман туады - бір елтіріге алғысыз. Сен де маған шалдың үш түрін айтып қарсы сын қойдың ғой. Кісінің қадірін өзінен сұрамас болар. Қадірсіз десең - халқымнан сұра, қыдырымпаз десең - көршімнен сұра, қазымыр десең - кемпірім өліп, келінге қараған жетім шалмын, келінімнен сұра. Енді келген жұмысыңды айт? Сырымның көңілі жадырап сонда былай депті: — Ауылыңның алдында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең, аулыңда ақылды қарт болса, жазылып қалған хатпен тең деуші еді. Сәлем беріп, бата алғалы келдім.- Жарайды, балам! «Кісі болар баланың кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен несі бар». Ақыл қуып сөз бастайын деген екенсің, атқа мініп, ел бастайын деген бала екенсің. «Ақыл жастан, асыл тастан» шығады деген алдыңнан жарылқасын! Шиеленген түйінді, шиыршық - талған қиынды шешіп, елдің ісін тындыратын, жаудың белін сындыратын әділ би, айтулы кісі бол, аумин»! — депті Малайсары қария. Адам танып, түсіну, оның сырлы сезімін аңғарып білу қанша қиын болғанымен амалын тапсаң, айласы да жоқ емес, тәсілі де тым көп екен. Нағыз адамтанушылар, сөз, іс - қимылды былай қойып ымнан да талай дүниені түсіне білген. «Ым білмеген, дым білмейді»деген қағида осыдан қалса керек - ті. Мысалы: Шоң мен Ақтайлақ би ыммен сөйлесіп, бір - бірін сынай отырып, жағдай соңында, өзара толық түсініскен екен. Уақ елінің мықтылары Сүйіндіктен барымтамен жүз жылқы алдырыпты. Осы себепті екі елдің арасында дау туып, ақыры сөйлесе келгенде екі жақтың басты адамдары келеді. Бірақ бұл келісімге келгенде Шоң би жоқ екен. Екі жақтың шешіміне келіспеген Шоң өзі барады. Ақтайлақ бидің үйіне келіп түседі. Ақтайлақ кедей екен, амандықтан кейін: «Көрші ауылға барып келемін» деп кетерде әйеліне: «Едігенің Шоңы келді. Бұрынғының соңы келді. Қазаныңа ас сал. Аз болса, көбейт, көп болса азайт,»- дейді. Көрші ауылдағы сауда - герлердің жаңа киіз үйін ас - ауқатымен ала келіп Шоңды екі күн құрметпен күтеді. Бұл уақытта екі жақтың арасында сөз болмайды. Үшінші күні Шоң қайтатын болады. Ақтайлақ құрметтеп шығарып салады. Біраз жерге дейін еріп барып Ақтайлақ тоқтап:- Шоң. Шоң!- деп дауыстайды. Шоң жалт қарайды. Ақтайлақ қолын көпке бір сілтейді, көкке бір сілтейді де, ерінің қасын ұрады. Екі би түсінісіп, дау осы ишаратпен бітеді. Жанындағылар емерурінді түсінбей сұрағанда, Шоң былай деп шешіп берген екен дейді.- Ақтайлақ бидің жұмбақтап әйеліне айтқан сөздері: «Бір біткен билікті бұзып, өзің келдің, енді өзің айт шешімін. «Қазанға ас сал, аз болса көбейт, көп болса азайт»- дегені - бұрынғы кесімді кеміт дегені. Ал ат үстінде тұрып, қолымен ымдағаны - менің тұрмысымды көкте құдай білсін, жерде екеміз - ақ білейік, кедейлігімді ешкімге айтпа дегені,- депті. Ал анау арғын, найман болып тұрғанда Нұредин деген адам немересінің әрекетін бажайлап қарап отырып, бір оңашада келініне: «Қарағым, мына бала біздің тұқымнан емес қой, құлынында үйірін тапса, құнанында көндігіп кетер. Басың аман болса, тағы ұрпақ көрерсің иесіне тапсыр!» деген екен дейтін аңыз бар. Керей руынан шыққан, адам сынайтын тамаша дарынымен барша қазаққа мәлім болған Дүйсенбі сыншы туралы бір әңгімеден үзінді келтірейік. (Ел аузынан, А. 1989, 353 - б.) Дүйсенбіге бірде Омар деген кісі он екі жасар баласы - Сағындықты сынатуға әкеліпті. Алдымен қозысын сойып, қымызын құйып, замандасын күтімге алады. Екеуі әуелі бала сынау жайында емес, өткен - кеткен оқиғалар жайында мәслихаттасып отырады.. Аракідік Дүйсенбі баланың отырыс – тұрысын, барлық қимылын, әңгімеге құлақ қойысын, қадағалаудан жазбайды. Өйткені, бұл баланы сынатуға әкелгенін біледі, Әңгіме арасында: - Омеке, мынау балаңыз қулық биенің құлыны сияқты, құс болса ұябасар дейтіндей қағылез де шымыр, тынымсыз ба қалай, - деп бір қалады. Қозының еті желініп аттанар шақ болады.-«Айран сұрай келіп, шелегіңді жасырма» деген ғой, Дүйсеке, аузың дуалы, көзің қырағы пір едің. Бұл баламды сізге сынатқалы келіп едім, - дейді Омар. - Менің көріпкелім жоқ, бақсы емес екенімді өзің білесің. Омар көргенімді айтсам, көңілің қалса қайтемін. Балаң үшін менен жақсы сөз естігелі келгеніңді жасыра аласың ба? - Жасыра алмаймын, Дүйсеке, бірақ көргеніңізді айтпасаңыз мен де сізді қайтып көрмеймін,- деп жаратылысынан жалған намысты білмейтін Омар морт кетеді.- Айтайын, батыр, айт - айын, - деп Дүйсенбі кеңк – кеңк күліп алды да, балаға сұстана қар - ап көп отырды. - Тұмсығы тоқпақтай, құлағы жарғақтай, ерні қаймақтай екен өзінің. Бұл сылдыр көмей, жез таңдай, сиыр жорға, қу таяқ деген жігіт. Лақты ешкілік дауды атқа сатып алып, өмірі өзіне де, өзгеге де тыныштық бермей өтетін, елді ұйытушы емес, ірітуші адам болады,- деп баға береді Омар ренжімейді. Рахмет айтады. Аттанып кетеді. Сағындықты кейін көзбен көріп, үзенгілес болған адамдар оның тап осындай адам болып өткенін айтады. Бір жолы қырғыз Қызылым қарт, Жиреншеге кездесіп қалып: - Шешен Сізден сұрайын деген бір жоғым бар еді. Он бес лақ, жиырма бес серке, отыз бес орақ, қырық бес қылыш, елу бес егеу, алпыс бес арқан, жетпіс бес шідер жоғалт - тым. Осыған құлағдар болыңызшы,- дейді.- Жарайды -, дейді Жирен - ше шешен.- Жоғыңыздың жөнін айтып берейін, өзіңіз тауып алыңыз. - Онбес жас - құйын қуған желменен тең Жиырма бес дауыл ұрған перімен тең, Отыз бес ағып жатқан селменен тең. Қырық бес аю аспас белменен тең, Жетпіс бесте көңілін жерменен тең Сексенде селкілдеген шал боларсың, Тоқсанда толық миың орта түсер Жүзде дүниеден күдеріңді үз, Өлмесең де өліден кем боларсың,- дейді.- Әттеген - ай. Өзім жиырма бестегі жігіттей едім, көңілімнің жердей болғанын қарашы, бекер - ақ сұраған екенмін,- деп Қызылым қарт жантая кеткен екен. Қазақ адамтанушылары өз елінің аумағынан асып, олардың білгіштігіне толық сенген көршілес жұрттың хан - қағаны, елбасы - билеушілері жанына қазақ адамтану - шыларын ұстаған деген аңыздар да бар. Мысалы, Қытайдың Еженханы, Жонғардың қонтайшылары, Шыңғысханның өзі адамтанушы бақсы, көріпкерлерді кеңесші еткен көрінеді. Қазақ адамтанушыларының талантын жоғары бағалаған, көршілес халықтардың елбасылары ерте заманнан, оларды жанына алып, ақылшы, кеңесші, хатшы болдырған. Бәрімізге белгілі, жоңғар қоңтайшысының адамтанушысы, бала Қазыбекті жатқан жатысынан, сыртқы тұлғасынан жазбай таниды.«... Ертеңіне хан ерте тұрып, өзінің бір данышпан сыншы қариясы бар екен, сол сыншысын шақыртып алып: - Мынау қазақ елшілері келіп жатыр, осының сөзіне есе берсек, сүбемізді суырып кететіні бар ма екен сен барып осыларды, сынап келші,- дейді. Қария: «Жарайды,»- деп қолына таяғын алып, көпшілікке келіп әрқайсысымен екі - үш ауыз сөзге келіп, бұлардың ішінен ештеңе таба алмағандай болады. «Алыстан келген ел ғой, аттоны қандай, сайлы ма екен»,- деп аттың ішін аралайды. Аттың ішіне барса, Қазыбек аттың ішінде шалқасынан түсіп ұйықтап жатыр екен. Екі қолы екі жақта, екі аяғы екі жақта, ауызынан жалын шығып жатыр. Қария баланы ары - бері айналып тұрып қалады. Осыны ханға айтып барады:- Мен мынау көпшіліктің ішінен сен шошитындай адам таба алмадым, бірақ мен басқа бір нәрседен шошып келдім,- депті Хан:«Неден шошыдың?» – дейді - Жылқының ішінде бір бала жатыр, екі аяғы екі жақта, екі қолы екі жақта, құлаш ұрып жатыр екен. Ауызынан жалыны атқылап тұр екен. «Ауызым жеткенше сөйлеймін, қолым жеткенше сермеймін, аяғым жеткенше жүремін, төңіректің төрт бұрышына болса да сөйлесуге жараймын, халықты қара шыбындай ауызыма үймелетемін», деп тұр екен,- дейді (Б. Адамбаев) Қазақты осығұрдай дөп басып, дәл танитын, ол кім еді? Қазыбектің терең мағыналы, жоғары рухты, өткір сөзін (қазақ тілінде сөйлегені, тілмаш болмағаны) қонтайшы қалай түсініп, бойы балқып, жүрегі жыли қалды екен?! Қазақтың мысы басты дейтін шығарсыз. Шындығында, сыншы - ақсақал қазақ екен. Қобдабай Қабдыразақұлы Қазақтың сұңғыла сыншы өнері Әке балаға сыншы. Ұрпақтың өсіп жетіліуін, дамып толысуын үнемі бақылап, ұл - қыздарының көгеріп көктеуіне көз тастап көңіл бөлу ата салтымыз. Ата - анасынан бастап, ағайын туысы, ауыл аймағы. ру тайпасына дейін ұрпақтың жетілу, өсу әр кезеңінде олардың игерген өнер білімінің өресі мен шанағын, рухани дамуының дәрежесін безбендеп бажайлап бақылап отыратын өзіндік жүйесі де болды. Қоғамдық осы қажет - тілік негізінде өмірде сындарлы сыншылар (адамтанушы) мен сұңғыла жан танушылар (психологтар) атанған дарынды, ерекше қабілетті адамдар аз да болса айқындалып отырды. Бетке тура қарап, көзбен телмірсе тұрып дәл кәзір не ойлағаныңды айтып беретін сұңғылалар кәзір де бар. Жан - жануар, құс пен түз тағыларын тілін түсінетін тілмаштар, керек десеңіз періштемен тіл табысатын, әуелі жын - шайтанмен пікір алмасатын, білгір, болжамгер тәуіп, тақулар да жеткілікті болған. Қарасуды теріс ағызатын, сиқырлық өнерінің майталмандары, алпыс жылдан артқы ғұмырды болжайтын, көзіңді бақырайтып қойып, бар ғажапты жасайтын көзбайлаушылар мен көріпкелдер қазақта болған. Осылардың топ ортасында, тіптен басы болып бақсылар жүрді, олардың таңғажайып істері ел аузында, аңыз әпсана болып, кейбірі хатқа басылып тарихта мәңгі қалды. Бұл еңбек солардың бір қырынан сыр шертеді. 
Автордың осы еңбектері арқылы толықтырып, баспаға ұсынған Күннұр Қайрат
3 120
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тереңнен терген жәуһар ілім
Тереңнен терген жәуһар ілім
Педагогика - философиямен тамырлас ғылым. Оны қысқаша пайымдасақ: ол - адамды дамыту жолын айқындаушы философия. Ал, дін дегеніміз адамзатты Жаратушының салған жол - ынан адастырсай алып жүрер, бағыт - бағдарын нұсқаушы шамшырақ.
Жатсынбайтын жаңа ілім
Жатсынбайтын жаңа ілім
Иманипедагогика – көшпелі мәдениет пен түркі өркениетінен рухани бастау алатын қазақ халқының ұлттық болмысына, халықтық тәжірибесіне сай балалар мен ересектерді тәрбиелеу, дамыту заңдары мен заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Дос іздеген бота
Дос іздеген бота
Ерте, ерте, ертеде боталы түйе болыпты. Ол өзінің жібек жүнді сүйкімді баласына мейірімділікті, адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді бота өте ақылды болып өседі.
Мақал – мәтелдер
Мақал – мәтелдер
Мақал – мәтелдер. Батыр мақтанса, Жауға шапқанын айтар. Қу мақтанса, Алдап қаққанын айтар.
Дарынды балалармен және үлгермеуші оқушылармен жұмыс
Дарынды балалармен және үлгермеуші оқушылармен жұмыс
Ақтөбе қаласы, Назарбаев зияткерлік мектебінің биология пәні мұғалімі Карамурзина Шолпан Ондасыновна
Әбдіжәміл Нұрпейісов
Әбдіжәміл Нұрпейісов
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ 11 сынып оқушысы Ибраева Мейрамгуль Махатовна Жазушы, драматург, публицист, әдебиет-сыншысы, аудармашы, қоғам қайраткері, СССР және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×