Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жатсынбайтын жаңа ілім

21 мам 2019, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Жатсынбайтын жаңа ілім
Иманипедагогика – көшпелі мәдениет пен түркі өркениетінен рухани бастау алатын қазақ халқының ұлттық болмысына, халықтық тәжірибесіне сай балалар мен ересектерді тәрбиелеу, дамыту заңдары мен заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Ол - кемел кісі қалыптастыру, имандылыққа, ізгілікке, еңбекке және өмірге баулу қатарлы тәлім - тәрбие беру қазақтың ілім - біліміне сүйенеді, олардың ұстаным қағидаларын басшылыққа алып, заманауи тәрбиелеу, дамыту жолдарын айқындайды, келешегіне бағыт - бағдар береді. Имандылық тәрбиенің бүкіл жүйесі гуманистік мазмұнға толы, рухани негізде жеке адамның жан - жақты дамып жетілуіне бағытталған. Алайда, иманипедагогика - ислами педагогика, гумани педагогика және этнопедагогикалардың жәй көшірмесі ғана емес, сондай - ақ материалистік педагогиканың заманға лайықталған жаңа атауы да емес. Иманипедагогика - заманауи тәрбие теориясы. Ол осы дәуірдегі іргелі педагогикалық ілімдердің бір арнаға тоғысуы. Анығырақ айтқанда: Материалистік педагогика, Гумани - педагогика, Этнопедагогика, Исламипедагогика ғылымдарының заңды байланыстарына сүйеніп, олардың өзара ықпалдасуынан туған синтездік ғылым. Иманипедагогика əлеуметтiк жəне қоғамдық жағдайлардың ықпалымен орныққан ұлттың өзiне тəн тəрбие саласында қалыптасып, жүзеге асқан өзiндiк ерекшелiктерiнде: дiни iлiмдерде; халық шығармашылығында; отбасы өмiрiнде; тұрмыста; салт - дəстүрлерде орын алған халықтың жалпақ жұртты тəрбиелеу мен үйрету (оқыту) туралы бiлiмiн, халықтың бүкiл даналығын, сондай - ақ кісінің əлеуметтiк жəне тарихи - мəдени тұрғыда қалыптасуына ықпал ететiн философиялық, этикалық, педагогикалық ой - пiкiрлерi мен көзқарастарын зерттеу барысында қалыптасқан педагогикалық қағидаларын, ережелерiн, заңдылықтары мен принциптерiн, құралдарын, əдiс - тəсiлдерi мен амал - жолдарын жинақтап, жүйеге келтiредi, зерделейді.

Тәрбие процесінде мұғалім, мектеп, отбасы және қоғамдық ұйымдардың күш - қуатын үйлесімді педагогикалық бірізділікке бағыттау. Тәрбиенің әлеуметтенуі, әлеумәлеуметтік педагоги - каның қажеттілігі өте артқан мына заманға сай, қай педагогика болмасын жеке дара қызмет ету мүмкіндігі мүлдем болмай қалғанын ескеріп, иаманипедагогика барлық адамтану ғылымдарымен тығыз байланыста болады. Иманипедагогика - бауырмалдық ынтымақ береке педагогикасы болуы тиіс. Қазақтың отбасылық педагогикасы имандылық педагогикасымен өте жақсы үйлеседі. Айталық: әулет педагогикасында елжандылық - туысжандылық, ауылжандылық, ружандылық, ұлтжандылық деген сатылармен қалыптасады. Иманипедагогика осы ұстанымды тура басшы - лыққа алады. Алайда оның көшірмесі емес. Анығырақ айтқанда иманипедагогика - отбасылық қазақ педагогикасын, этнопедагогиканы, гуманипедагогиканы, материалистік педагогиканы ығыстыруды көздеген тәрбие теориясы да емес. Бір дәуірде тәрбие теориялары жеке бағыт алып, өте дәлдікпен салаланып, тармақталып дамығаны белгілі. Ендігі бір дәуір де олар қайта бірігіп ұштасу дәуірі болуға тиіс деген ұстанымды басшылық етіп, оларды бір арнаға бейімдеу үшін жасалып отырған талпы - ныс. Әлем педагогикасында ондай үрдіс осы күннің өзінде бар. Ал, шындыққа келсеңіз қазақтың отбасылық педагогикасы - иманипедагогика болатын. Иманипедагогиканың осы бағытты ұстану - ының басты себебі, тәрбиелік іс әрекеттер әлеуметтік тәрбиелік институтары мектеп, медіресе, білім ордасы, сонымен қатар мәдениет өнер шаңырақтары қатарлы сан - салалы қоғамдық мекемелерде: музей, кітапхана, театр т. б. әдебиет және мәдениет, техникалық ұйымдарда, бұқаралық ақпарат құралдар жүйесі арқылы жүзеге асырылып жатқандықтан қоғамның барлық қатпарына бірдей етене араласып кіріге алатын педагогоикалық көзқарастың жалпыға ортақ үлгісі қажет болды. Осы қажеттілікке сай иманипедагогика өмірге келді. Оны қоғамдық орта жатсынбай қабылдауда.

Қазақ тарихында топқа кіріп сөз бастаған билер мен шешендердің, атқа мініп қол бастаған батырлардың, ұлтын ұйытып ел бастаған көсемдердің, ақыл - парасатымен даналығы арқылы әлемге танылған ғұламалардың барлығы дерлік - қазақ дәстүріндегі ұлттық тәрбиенің жемісі. Қаныш атаның сөзімен айтқанда «оқымаған академик әжелер мен аталардың» алдын көріп, үлгі өнегесін алып, біліміне қанығып, Ана және Дана мектептерін бітірген, Дала консерваториясын тамамдаған өнер иелері, Жыраулық және Ақындық академиясының түлектері; философ - жырау, әнші - ақын, сері - сал, т. б. қазақтың ақылман ойшылдары, әулие абыздары, көріпкел білгіштері, бақсы - бәлгері, адамтанушы сыншылары, шипагер - тәуіптері, тарихшы - шежірешілері, дін күтіп, жалпақ жұртқа иман таратқан пірлері бәрі - бәрі - Қазақ Педагогикасынан нәр алған, оның ұлт өкілін қалыптастыру қазанында қайнап пісіп, өңделген, шыңдалған - КІСІЛЕР. Олардың тәрбиелік үлгі өнегелері, білімдері тым терең, шексіз аумақты, өте асыл қазына. Осы қазынаны зерттейтін педагогика ғылымының бір саласын - ИМАНИПЕДАГОГИКА деп отырмыз. Қазақ халқының жалпы ұлттық қасиетті ұғымына айналған имандылық сөзінің түп төркіні мен ілкі бастауының да мұсылман дінімен тоқайласып жататындығы белгілі. Иман ұғымы әуел баста Құран арқылы адамдардың санасына сіңсе де, уақыт өте келе халықтың ежелден қалыптасқан салт - дәстүрімен, таным - түсінігімен, наным - сенімімен біте қайнасып, жаңа бір сапалық деңгейге көтерілген ұғым. «Имандылық» деген ұғымның аясына бір Аллаға деген сеніммен бірге адам бойындағы барлық ізгі қасиеттер жатады. Қазақ барын қанағатпен пайдаланып, сабыры мен шүкірін тең ұстаған адамды «иман таразысы түзу» деп айтады Имандылық - біздің ұлтымыздың адамгершілікке қатысты негізгі өлшемі. Халық түсінігіндегі иман сөзі діни шеңберден шығып, жалпы ұлттық, бүкіл адамзаттық құндылықтарды қамтитын ауқымды дүниетанымдық категорияны білдіреді.
Жатсынбайтын жаңа ілім. жүктеу
1 440
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тереңнен терген жәуһар ілім
Тереңнен терген жәуһар ілім
Педагогика - философиямен тамырлас ғылым. Оны қысқаша пайымдасақ: ол - адамды дамыту жолын айқындаушы философия. Ал, дін дегеніміз адамзатты Жаратушының салған жол - ынан адастырсай алып жүрер, бағыт - бағдарын нұсқаушы шамшырақ.
Иманипедагогиканың теориялық тұғыры, әдістемелік амал - айласы
Иманипедагогиканың теориялық тұғыры, әдістемелік амал - айласы
Заманауи тәрбие теориясы туралы түсініктемелік реферат
Педагогикадан тест жұмысы
Педагогикадан тест жұмысы
Педагогика пәнінен тест жұмысы 1. Педагогика ғылымы: А) оқушының даралығын; В) мектептегі оқу - тәрбие процесін; *С) оқыту, білім беру және тәрбиелеу процесінің заңдылығын; Д) оқыту мен тәрбиенің заңдылығын; Е) баланы оқытуды зерттейді.
"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы туралы
"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы туралы
Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы болса, «Туған жер» бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі - сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ.
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласы туралы
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласы туралы
Елбасының бұл мақаласында қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан. Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады.
Педагогика тест
Педагогика тест
Педагогикадан тест сұрақтары жауаптарымен
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×