Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біз – Тәуелсіз Қазақстан балаларымыз

20 мам 2012, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Біз – Тәуелсіз Қазақстан балаларымыз.
Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ елінің ұлттық нышандарын
қастерлеуге, жерін, оның табиғаты мен байлық қазынасын қорғауға тәрбиелеу;
Оқушыларды өз елін, жерін қорғап оны ойлай білетін ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын айқын, көркем жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан рәміздері. Қазақстан картасы.
Қанатты сөздер. Мақал-мәтелдер.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Мұғалім: Отан дегеніміз – әр адамның туып өскен жері, туған-туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені.
«Отансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші, әр адамның Отаны өзі үшін ыстық.Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан тәуелсіз Республикасы.1992 жылы Қазақстан Республикасының нышандары бекітілді. Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап өркениет өріне қарай қарышты қадам басып келеді. Елбасы Н. Назарбаевтың сыңдарлы саясатымен әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру жолында игілікті істер, ауқымды шаралар жүзеге асып жатыр. Біздің елдігіміздің белгісі болып саналатын – ұлттық нышандарымызды тұмардай танып, қадірлеп, қастерлеуіміз керек. Еліміздің ертеңі, болашағы – сіздердің қолдарыңызда. сондықтан білімді, тәрбиелі, іскер, талапты бола отырып, еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосайық:
1- оқушы:
Ендеше Қазақстан Республикасы:
Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен елеулі,
Әнұранымен айбатты.

2- оқушы:
Құлақ түрем елімнің тынысына,
Мақтанам, қуанамын табысына,
Елбасы мен халқымыз аман болса,
Айналар Орта Азия « Барысына»

Мұғалім: Барыс – биік тауларды мекендейтін, өзінің балалығымен, тектілігімен, мәрттігімен бағаланған аң.
Елбасымыз барыс атауын текке қолданбаса керек.
Қазақстанды орта Азия барысына айналдыру үшін жасалған Елбасымыздың « Қазақстан – 2030 » стратегиялық бағдарламасы бұл күнде құс қанаты талатын кең байтақ өлкемізді шарлап кетті.
Елбасының жолдауы – егемендіктің кілтін ұстап жастардың жарқын болашағына апарар алтын сүрлеу.

3- оқушы:
Біз намыскер – қазақ елі ұланымыз,
Қорғайтын жерді оттан қыранымыз.
«Талап, Еңбек Терең ой, Қанағат, Рақым» деп Абай атамыз айтқан ұланымыз.

4- оқушы:
Өзіңдікі елің де,
Өзіңдікі жерің де.
Өзіңді өзің еткен бақ -
Тәуелсіздік төрінде.

5- оқушы:
Өзіңдікі туың да,
От пен ауа суың да.
Жаса, Қазақстаным.
Белді бекем буын да.

6- оқушы:
Асқар тау да сенікі,
Бақша бау да сенікі.
Қалтқысыз дос пенен
Қатал жау да сенікі.

7- оқушы:
Елімнің аты, жерімнің аты –
Өзіңмен биік, Республикам !
Жақсының аты, ғалымның хаты
Өзіңмен биік Республикам!

8- оқушы:
Білімді ұрпақ, білікті маман,
Беделің сенің Республикам !
Болатын балаң, ары сау адам –
Мерейің сенің, Республикам!

9- оқушы:
Бәсеке деген оңай сын емес,
Ұшпасын бағың, Республикам!
Қазақтың атын, қазақтың затын –
Тұмар ғып тағын, Республикам!

10- оқушы:
Қазақстан! Туды алтын дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.
Ұзақ болсын гүлденген бұл ғұмырың,
Тәуелсіздік құтты болсын айбыным!

11- оқушы:
Әуелі Отан – Ана алды, оттың басы,
Ауыл алды аунаған шөптің қасы,
Сағынғанда тым ыстық көрінеді
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы

Ән: «Елім менің».

12- оқушы: Мен өзімнің Қазақстандай елде туылып, осындай елде өсіп келе жатқанымды мақтан етемін. Жарқын болашақ күтіп тұрған менің елімде терең білім алып, Отаныма адал қызмет етіп, елімнің дамуы мен өркендеуіне өз үлесімді қоссам деймін.

13- оқушы:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен,
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

14- оқушы:
Отан, Отан !
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

15- оқушы:
Тауды көрсең күн көзімен таласқан
Аспан көрсең ай мен күнге жол ашқан.
Менің байтақ Республикам таулары,
Менің көгім мөлдіреген сол аспан.

16- оқушы:
Дала көрсең көк желекпен ұштасқан.
Көлді көрсең секілді бір түнгі аспан.
Менің байтақ Республикам даласы,
Менің көлім теңізбен қол ұштасқан.

17-оқушы:
Республика ! Ерікті ел – Қазақстан !
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан
Келді алыстан аңсатып, армандатып,
Торды бұзған мен де бір арыстан. деп жырлаған - дай тәуелсіздігіміз бізге оңайлықпен келген жоқ. Сондықтан осы тәуелсіздігімізді қадірлей білейік.
Ән: Туған жер.
18 262
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің Отаным – Қазақстан
Менің Отаным – Қазақстан
Әрбір адамға өзінің отбасы ыстық болса, Отаны да адам баласына сондай ыстық.
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
Туған жердің тарихына үңіле білуге, болашақта елдің тұтқасы өзіміз боламыз деген түсінік қалыптастыру. Сөздік қорларын, ой - өрісін дамытып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру.
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беру орта мектебі»ММ Бастауыш сынып мұғалімі Абдуллаева Айгул Дуйсенбековна
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
Мақсаты: Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Астана қаласы, «Көпбейінді колледж»МКҚК Қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы: Айсариева П. А
«Туған жерім – Қазақстан»
«Туған жерім – Қазақстан»
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×