Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мамандықтың түрі көп, тек оны таңдай біл

18 ақпан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Мамандықтың түрі көп, тек оны таңдай біл
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларға мамандық туралы түсінік беру, мамандық түрлерімен және маман иелерімен таныстыра отырып, оларға қолдау көрсету, жоспарларын анықтау, мамандық таңдаудың қыр - сырларын меңгерту, кәсіптік бағдар беру.
Дамытушылық: өз қалаулары бойынша мамандықты дұрыс таңдай білуге баулу, мақсат қоя білуге, икемділіктерін қалыптастыру.
Тәрбиелік – оқушыларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбектенуге, тұлғалық өсудің алғы шарттарын қалыптастыра отырып, елімізге өз үлесін қоса білетін адал маман иесі болуға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, әңгімелесу, пікірлесу, сұрақ - жауап, ой бөлісу.
Көрнекілік: интерактивті тақта

Барысы:
1. Кіріспе
Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді».
«Өскенде кім болғың келеді?» – бұл үлкендер өз балаларына қоятын ең танымал сұрақ. «Кім болам?»- бұл сұрақ сені мазалайды.
Міне, сенің де қай мамандықты таңдайтының және оны таңдаған кезде қателеспеу керек екенін ойлайтын кез келді. Кәсіби болашағыңды дұрыс таңдау қоғамдағы өз орныңды танудың негізі. Адамның жақсы, өмірлік табысқа жетуіне әсер ететін ең бір маңызды шешімдердің бірі болып табылады.

2. Сұрақ – жауап
Мамандық таңдауда ең бастысы қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?
Кәсіби маман болу үшін: Мамандық таңдау – белгілі бір еңгейде моральдық мәселе. Сондықтан әркім өзінің көңіл қалауына ерік беруі керек. Алайда мамандықтың түрі көбейген сайын оны таңдау да қиынға соғатыны тағы бар. Өз ісінің бүге - шігесін толық меңгерген кәсіби маман болу үшін қызығушылық, икем, қабілет және мінез қажет.
Адамның мамандыққа, мамандықтың адамға сай болуы, қоғамның сұранысы, тұлғаның қабілеті, осы үш фактор мамандық таңдауда бірін - бірі толықтырады.

3.«Жағдаяттық сұрақтар».
1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата - анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?
2. Ата - анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. Сен ата - анаңның шешіміне қарсы боласың ба?
Бізде көбінесе, ата - ана баласын ақшалы сала деп қаржы, экономист, заңгер сияқты мамандарды таңдауына жол ашады. Сондықтан да қазір жоғары оқу орындарын бітіргендердің көбі, яғни 4 - тен 3 бөлігі аталмыш мамандық иегерлері екен. Себебі жастар «қаржыгер болсам, ақшаны күреп табам», «экономист болсам, ен байлықты белшеден кешіп жүрем» деп ойлайды. Тіпті қыруар қаржы төлеп, баласын осы мамандықта оқытатындар да жетіп жатыр.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 613
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен мамандық әлеміндемін
Мен мамандық әлеміндемін
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, «Ж.Қалдығараев атындағы орта мектеп» ММ Абдуллаева Маржан Алдонгаровна
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандықтың бәрі жақсы
Атырау қаласы, Дамбы селосы, № 23 «Ынтымақ» балабақшасы әдіскері Ищанова Айтбике Махыбиденқызы
Мамандықтар шеруі
Мамандықтар шеруі
Рсаева Айман №11 орта мектеп Қызылорда қаласы
Мамандық таңдаудың 7 қадамы
Мамандық таңдаудың 7 қадамы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі Енсегенова Гулжамал
Мамандық таңдау - өмірді таңдау
Мамандық таңдау - өмірді таңдау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Джолжигитова Лаззат Амантаевна
Мен мамандық әлеміндемін
Мен мамандық әлеміндемін
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қармақшы ауылы, №113 «Қаракөл» қазақ орта мектебі директордың бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары Байсалбаев Дархан Абдуллаұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×