Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ киносының атасы - Шакен Айманов 105 жаста

09 қазан 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Қазақ киносының атасы – Шәкен Айманов 105 жаста»
/Аудандық І Шәкен оқуларының ашылу әзірлемесі/

І Шәкен оқуларының басты мақсаты:
1. Ш. Аймановтың өмірі мен қазақ өнерінде жасаған еңбектерін насихаттау.
2. Оқушылардың бойындағы табиғи талантын ұштау.
1. Фанфар
2. Мектебіміздің «Баян - сұлу үлгілі би ұжымы орындауында «Қуаныш» биі
3. Жүргізушілер шығады – 1-жүргізуші - Төлеу Жәнібек 11 - сынып оқушысы
2-жүргізуші - Тұрсынбай Аягөз 11 - сынып оқушысы
1-жүргізуші Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
2-жүргізуші Қайырлы күн халайық!
«Қазақ киносының атасы» Шәкен Аймановтың 100 жылдық мерейтойына арналған аудандық І Шәкен Айманов оқуларына хош келдіңіздер!
1-жүргізуші.
Бір тумасы киелі жер Баянның
Өнерге де құлаш ұрған дананың
100 жасқа келді міне, халайық!
Шәкен - дархан дарыны бір даланың
2-жүргізуші
Керілгенде кинода бір кереге
Сусындатқан қазағымды өнерге
Шәкен - мәңгі сөнбейтұғын бір жұлдыз
Өнердегі өмірі бір өнеге.
1-жүргізуші
Шәкен Кенжетайұлы Айманов 1914 жылы 15 - ші ақпанда Павлодар облысы Баянауыл ауданы. Торайғыр ауылында Айманбұлақ деген жерде туған. Шәкен Кенжетайұлы Айманов Семей қаласындағы Каз Коммунада одан кейін педагогикалық техникумде оқыған жылдары көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене қатысады. Театр сахнасында қайталанбас образдарда қатысқан.
2-жүргізуші
Шәкен Кенжетайұлы Айманов 1947 жылдан 1951 жылға дейін театрдың көркемдік жағын басқарумен қатар бас режиссер болып та істеді.
Шәкен Кенжетайұлы Айманов 1953 жылдан 1970 жылға дейін «Қазақфильм» киностудиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің қанат жайып өркендеуіне де ерекше мол үлес қосты. Қазақ киносының осындай дара саңлағына арналған аудандық І Шәкен Айманов оқуларын ашық деп жариялаймыз! /Гимн орындалады/

1-жүргізуші. Құттықтау сөз Аудан әкімінің орынбасары –------------------------------------беріледі
Келесі құттықтау сөз Аудандық білім бөлімінің басшысы –------------------------------беріледі
2-жүргізуші
Талайлардың шырқалып тұңғыш әні,
Талайлардың жүрегі нұр құшады.
Бүгінгі күн – Шәкен ата туған жерде,
Ән қалықтап күй мен жыр бірге ұшады.
/ Мектебіміздің жас ақындарының Шәкен атамызға арнау
өлеңдерін қабыл алыңыздар/ күй ойнап тұрады
/ Әйткен Жоламан, Ықылас Әли, Сьез Гүлнар, Тұрсынбай Аягөз, Маулит Мадияр, Әбдікәрім Нұрерке, Нағымтаева Меруерт /
1-жүргізуші
1969 жылдың тамызында Шәкен Кенжетайұлы Айманов табиғаты көрікті, туған елі Торайғыр көлінің жағасында, найзағайдай шаншылған Найзатас тауының етегінде «Найзатас баурайында» атты көркем фильмін түсіреді.
Осы фильмде роль сомдаған ұстаз апайымыз, қазіргі кезде зейнеткерлікке шықса да әлі де аянбай еңбек етіп жүрген, біздің жерлесіміз ------------------------------- сөз береміз.
Келесі сөз кезегін, мектебімізде бірнеше жыл қызмет жасаған, Жаңатілек ауылының әкімі -------------------------- беріледі.
2-жүргізуші
Шалқытып бүгінгі күн ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әсем дауыс, сазды әнмен таңқалдырар
Құрметпен әншімізді қарсы алайық
Төлеу Каринаның орындауында
«Туған өлке» әнін, қабыл алыңыздар!/
1-жүргізуші
Шәкен аты қала берер жаңғырып,
Келер ұрпақ айта жүрер ән қылып.
Шәкен дархан, дарынды ұлы халықтың,
Жүрегінде сақталады мәңгілік.
/Келесі сөз - мектеп директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары
2-жүргізуші.
Түрлі секция айқара ашты есігін,
Танытады тума дарын есімін.
Мерейтойға жиналған баршаңызға,
Тілейміз бүгінгі күн сәттілігін!

1-жүргізуші Көңіл қойып, тыңдағандарыңызға рахмет!

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы,
Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беретін
қазақ гимназия мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі
Саликова Елмира Мергенбайқызы
16 285
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Есімдердің түрленуінен өткенді қайталау
Есімдердің түрленуінен өткенді қайталау
Бүгінгі сабағымыз морфология тарауы, соның ішінде есім сөздердің түрленуінен өткенді қайталау мен бекітуге арналып «Білім керуені» деп аталады.
Қазақтың жас актерлері
Қазақтың жас актерлері
Кино өнеріндегі жас актерлер туралы мәлімет беру. Оқушының ойын тапсырмалар арқылы дамытып, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Облыстық қазақша күрес турнирі
Облыстық қазақша күрес турнирі
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беретін қазақ гимназия мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі Саликова Елмира Мергенбайқызы
Арқаның асыл алқасы - Баянауыл
Арқаның асыл алқасы - Баянауыл
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беретін қазақ гимназия мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі Саликова Елмира Мергенбайқызы
Бүлдіршін фестивалі
Бүлдіршін фестивалі
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беретін қазақ гимназия мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі Саликова Елмира Мергенбайқызы
Асық ату
Асық ату
Сәлеметсіздер ме? Құрметті балалар, және қонақтар. Бүгін оқушылар арасында қазақтың ұлттық ойыны «Асық ату» ойынына жарыс өткіземіз.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×