Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Елім менің

25 ақпан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Елім менің" сайысы (9 - сынып)"

Мақсаты: Оқушыларды өз елінің тарихын, әдет – ғұрпын дәріптеу, ескіріп бара жатқан салт - дәстүрлерімізді жаңғырту

Сәйгүлікті құйрық жалы таралған
Сүйе тұғын қазақ осы қараңдар
Қазақ осы күй шығарып, ән салып
Көкпар тартып, қыз қууға жаралған
Сәлеметсіздер ме құрметті сайыскерлер! «Елім менің» думанына қош келдіңіздер!
«Елім менің» думанына қазақ елімен, жерінің тарихын танытады. Сонымен қатар өз кейіпкерлерімен таныс болыңыздар, бірінші топ басшы, оң қанатта Исмагулов Бекбол 9 «ә» сынып оқушысы. Сүйікті пәні – химия, биология. Мектептің үздік оқушысы, қалалық олимпиаданың және «Абай» оқуларының жүлдегері. Сүйікті спорт түрі – футбол. Ғылыми жобалардың қатысушысы.
Екінші топ басшы, сол қанатта Ізбасарова Гүлжан 9 «д» сынып оқушысы. Сүйікті пәні – орыс тілі, алгебра. Мектептің үздік оқушысы, қалалық «Жас қанат» тобының мүшесі. Ғылыми жобалардың жүлдегері және мәнерлеп оқу сайысының үздігі. Бос уақытында өлең шығарумен және ғылыми жобалармен айналысады.

Құрметті топ басшылар қош келдіңіздер! Келесі кезекте сіздердің топтарыңызбен таныс болайық. 1 топтың мүшелері және 2 топтың мүшелері. Бүгінгі думанды жүргізетін Чайканова Гүлбану. Бүгінгі сайыс VI айналымнан тұрады. Әр айналым сайын топтың ұпайларына және әр айналымның ережесіне тоқталып өтеміз. I айналымды ашық деп жариялаймыз. Екі топта бір – біріне қарама – қарсы екі ойыншы жекпе – жекке түседі. Сіздерге бейне сұрақ қойылады. Сіздерге бұл сұрақтар ел тарихында орын алған кинофильмдер және телебағдарламалардан болуы мүмкін, әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. 1 сұрақ сіздерге арналады, интерактивті тақтаға назар аударайық.
- XXI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысы бәрімізге таныс. Осы зияткерлік сайысы неше турдан тұрады және ата. (Бәйге, Жорға, Дода )
- «Менің атым Қожа» повесінің авторы кім? (Бердібек Соқпақбаев)
- «Намыс дода» телебағдарламасының әнұранының сөзі мен әнін жазған кім?(әні: Ғалымбек Исмбергенов, сөзі: Әбдірахман Асылбек)
- «Қыз жібек» кинофильмдегі Қыз Жібек пен Төлеген бейнесін сомдаған кімдер? (Мереуерт Өтекешова және Құман Тастанбеков)
II айналым. 1 - бөлімі. Сөз сауаттылық Елді білу, елді тану. Сондықтан бұл айналым қазақ тіліне арналады. Оқушылардың тіл сауаттылығын сынға салатын боламыз. Әуелі сөздердің дұрыс жазылуын тексеріп аламыз. Әдеттегідей, дұрыс жауапқа 1 ұпай береміз.
«Сұңқар» тобына:
1. Адамгершілік – а - д - а - м - г - е - р - ш - і - л - і - к
2. Қайырымдылық – қ - а - й - ы - р - ы - м - д - ы - л - ы - қ
«Қыран» тобына:
3. Инабатты – и - н - а - б - а - т - т - ы
4. Табандылық – т - а - б - а - н - д - ы - л - ы - қ
2 - бөлімі. Тұрақты сөз тіркесі. Сіздерге фразеологиялық сөз тіркестері беріледі, сіз сол сөздің мағынасын немесе баламасын табуыңыз керек.
- Ат құлағы көрінбейді. (Өте биік шөп немесе ақ түтек боранды суреттеген кезде) айтылатын сөз тіркесі
- Құланның қасуынан, мылтықтың басуы (істің орайы, сәті түскенде) айтылады
- Бұлағын ала қашты (бас тарту немесе көнбеді)
- Құлаққа ұрған танадай (тып - тыныш, жым - жырт ) болды деген мағынаны береді.
3 бөлім. Көнерген сөздер. Екі топ бір - біріне көнерген сөздер жасырады
«Сұңқар» тобы:
1. Қазанмайлар - Бөлек шыққан жас отбасы беретін той
2. Ерулік – Жаңадан көшіп келген көршіге көрсетілетін сый құрмет.
3. Бақан – Киіз үйдің шаңырағын көтеретін ағаш
4. Дилы – Қоңды, килі
5. Дүрік – Тез, бірден

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 648
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алғашқы қоңырау мерекесінің салтанатты жиыны
Алғашқы қоңырау мерекесінің салтанатты жиыны
Армысыздар, құрметті қонақтар! Аяулы ұстаздар! Қадірменді ата - аналар! Сыңғырлай соққан қоңырау үніне келген жас бүлдіршіндер мен оқушылар! Сіздерді 1 - қыркүйек білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Астана
Астана
Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің 1 класс оқушысы Әділханова Дильназ Алмазқызы
Оқушылардың шығармашылығы
Оқушылардың шығармашылығы
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, М.Әуезов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Акманова Алия Тақырыбы:Оқушылардың шығармашылығы Мақсаты:Балалардысөз тапқырлығына баулу
Абай
Абай
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы №100 орта мектептің 10«Б» сынып оқушысы Бітімбай Ақтілек Бердібайұлы Абай Бір ғасырдың ғұламасы Абай ата, Халқыңа өзің болдың әркез пана.
Тәуелсіздік таңы атты
Тәуелсіздік таңы атты
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің 8- сынып оқушысы Бақтыбай Бақтияр Мұғалімі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қамбарова Сағира Тәуелсіздік таңы атты.
Өлеңдер жиынтығы
Өлеңдер жиынтығы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №00 орта мектебінің 7-сынып оқушысы Дүйсенбай Айжан Сылдыр –сылдыр су ағып, Тоқтатады ағысын. Жапырақтар сарғайып, Бара жатыр азайып. Күлкі кетті күлімдеп, Жаңбыр келді сіркіреп.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×