Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Білгір – ана» интелектуалдық сайыс

02 сәуір 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Білгір – ана» интелектуалдық сайыс
Мақсаты: еліне, жеріне, қазақ тіліне деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, ақыл - ойын, сөздік қорын байыту, дүниетанымын кеңейту.
Көрнекілігі: сұрақтар жазылған кестелер, слайд, ақын - жазушылардың тіл туралы айтқан қанатты сөздері.
1 - жүргізуші:
Сүйемін туған тілім - анам тілім,
Бесікте жатқанымда - ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін.

2 - жүргізуші:
Туған тілім тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

1 - жүргізуші:
Қазақстан тәуелсіздігінің жиырма жылдығына арналған «Білгір - ана» атты интелектуалдық байқауымызды бастаймыз.
/Сайысқа 6 ата - ана қатысады. Сайыс 5 кезеңнен тұрады./

2 - жүргізуші:
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
(қазылар алқасымен таныстыру)

1 - жүргізуші:
Әрқашанда білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген.
Сәлем бердік ұландарға талапкер,
Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен.
(сайысқа қатысушылар ортаға шақырылады)

І - кезең «Бәйге»
Жауап нақты әрі тез болуы керек. Қай ата - ана қызыл шеңберді көтереді, сол ойыншы бірінші жауап береді. Бағалануы 10 ұпай.
Сұрақтар
1. Тіл туралы заң қашан қабылданды?
2. «Қазақ хрестоматиясын кім жазды?»
3. Зат есімнің сұрақтары?
4. Абайдың неше қара сөзі бар?
5. Дуылға, сауыт сөздері қандай сөздер?
6. Батыр сөзінің антонимі?
7. Қазақтың ағартушысы, этнограф ғалымы?
8. «Менің атым - Қожа» хикаясын кім жазды?
9. Абайдың немере ақын інісі?
10. Екі кісінің сөйлесуі?
11. Әлемдегі ең ірі шөл?
12. Тұңғыш әйел - ғарышкер?
13. Аспан денелерін бақылайтын аспап?
14. Әлемдегі ең ірі арал?
15. Кептірілген жүзім?
16. Ең суық материк?
(І - кезең қорытындысы бойынша ұпай саны аз ойыншы ойыннан шығады.)

ІІ - кезең «Жалғастыру»
Өлеңнің бірінші жолдары оқылады. Сол өлеңді жалғастыра отырып айту керек. Жауапқа 10 ұпай беріледі.
1. Ау, қызғыш құс, қызғыш құс... (Махамбет)
2. Таулардан өзен ағар сарқыраған... (Ыбырай)
3. Жасымда ғылым бар деп ескермедім... (Абай)
4. Өнер білім бар жұрттар... (Ыбырай)
5. Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан... (Абай)
6. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды... (Абай)
7. Түркістан - екі дүние бесігі ғой... (Мағжан)
8. Ең бірінші бақытым - халқым менің... (Мұқағали)
9. Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы... (Абай)
10. Таза мінсіз асыл тас... (Асан қайғы)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 035
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл
Қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы
Туған тілім – тірлігімнің айғағы
Туған тілім – тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім, мен де бірге өсемін, Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
Менің ана тілім
Менің ана тілім
«Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне» арналған
Білімді бала қыр асар, Құтты болсын, тілашар!
Білімді бала қыр асар, Құтты болсын, тілашар!
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Басенова Ақмарал Камаловна
Тілім менің тірлігімнің айғағы
Тілім менің тірлігімнің айғағы
«Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты тіл апталығының ашылу салтанатты шарасының СЦЕНАРИЙІ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×