Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Асулардан асады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады!

21 сәуір 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Асулардан асады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады!»
Студенттермен кездесу кешінің сценарийі
Мақсаты:
Оқушыларды жоғары оқу орындарында белгілі бір мамандықта білім алып жатқан студент жастармен кездестіре отырып, пікір алысуға, болашақ мамандығын таңдауда жүйелі көзқарас қалыптастыруға, кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген ұмтылысты оятуға бағыт беру.
Міндеті:
- мектеп бітіруші түлектерге кәсіби - шығармашылық тәрбие беру бағытында кәсіби шығармашылық танымын кеңейту;
- болашақ мамандығын дұрыс таңдай білуге бағыт - бағдар беру;
- белгілі бір еңбек, кәсіби іс - әрекет саласына еніп, нақты көзқарас қалыптастыруына көмек беру.
Күтілетін нәтиже:
Мектеп бітіруші түлектердің және негізгі орта мектепті аяқтаушы оқушылардың осы студенттермен кездесу барысында тиянақты шешім қабылдауы, белгілі мамандық саласына таңдау жасауы.

Өткізілу барысы:
1 - жүргізуші:
Армысыздар, аяулы ұстаздар, Мектеп табалдырығынан сусындап білім алған студент жастар және 2012 - 2013 жылғы Мектеп бітіруші Жас түлектер!
2 - жүргізуші:
Бірінші кілт - білімге,
Екінші кілт - дұрыс жол.
Үшінші кілт - бақытқа,
Жетелейді білсең сол.
1 - жүргізуші:
Болса кімнің талабы,
Өмірден жол табады.
Еңбегіне лайық,
Адам болып шығады,- дегендей жастар еліміздің болашағы. Егемен еліміздің болашағы білімді ұрпақ.
2 - жүргізуші:
Жаңа Қазақстан! Біз жаңашылдыққа білім нәрімен жететініміз сөзсіз. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев басшымыз ел халқына 2010 жылдың 29 - шы қаңтарында *Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері*атты жолдауында білім беру саласына назар аударып өтті.
1 - жүргізуші:
2020 жылға қарай *Жоғары білім сапасы* ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс. Елдегі Жоғарғы оқу орындар әлемнің жетекші университеттердің рейтингіге енуге ұмтылулары керек. Білім беру саласында Астана қаласында құрылып жатқан бірегей оқу орындары *Жаңа халықаралық университет*,*Арнаулы қор* және қазірдің өзінде табысты жұмыс істеп жатқан *Интеллектуалдық мектептер* секілді жобалар ерекше басымдыққа ие болмақ.
2 - жүргізуші:
Ендеше, осындай сенім артқан істі атқару үшін білімді болу, бұл біздің міндетіміз.
1 - жүргізуші:
Көңілге ұнар, шықса ән сыңғырлаған,
Көңілге шаттық сезім қондырар ән.
Шымырлап шыққан кезде шырқау көкке,
Елітіп тұла бойың балбыраған,- дегендей бүгінгі студенттердің құрметіне
10 - сынып оқушысы Жұматай Тұрсынайдың орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар.

1 - жүргізуші:
Бүгінгі кешті жалғастыра отырып, кешіміздің мағыналы да мәнді өтуіне баршамыз да бір кісідей қатысайық дегім келеді.
2 - жүргізуші:
Олай болса, бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныстырып өтейік.
1. Танысу кезеңі.
2. Ситуациялық сұрақ.
4. Сергіту сәті(ойын).
5. Мамандығым мақтанышым (пікір сайыс)
6. Ең үздік студент
7. Қорытынды
1 – жүргізуші:
Біздің кешке қонақ болып келіп отырған студент жастармен таныса отыралық.
2 – жүргізуші:
Сонымен, мектебімізден түлеп ұшқан түлектеріміз, қазіргі таңдағы оқу орнының студенттерімен таныстырып өтсем:
---------------------------------------------
1 - жүргізуші:
Ендігі кезекте студенттерімізбен сергіту сәті ретінде сұрақтарымызға жауап алсақ.
2 - жүргізуші:
Армысың студенттер қалың қалай?
Жүрегім бір өзіңді сағынады - ай,
Дүниені шарқ ұрып іздесем де,
Өзіңнен басқа жақсы табылмады - ай.
1 - жүргізуші:
Армысың, айналайын жиналғандар,
Сахнаның төрінде сыйланғандар.
Барлық студенттерім бас қосыпты
Ағайын айтыңдаршы кімде арман бар?
2 -. жүргізуші:
Соған бұрып әр кезде жүреді ішім,
Сен өзі кітап оқып жүремісің?
Бір сұрақты қояйын онда саған,
Қасиетті кітапты білемісің?
1 – жүргізуші:
Құран деп мына студент шын айтады,
Біліміңді сынайын былай тағы.
Кітаптан барлық оқу табылады,
Оқу білім бұлағы деп кім айтады?
2 - жүргізуші:
Енді студенттер арасында ойын ойнасақ. Бұл ойынның шарты араларыңыздан бес студент шығып шардың ішіндегі сұрақтарымызға жауап берсе.

1 - жүргізуші:
Әннің де естісі, бар есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы - күйлі,
Тыңдағанда көңілдің әсері бар,- дегендей келесі кезекті әсем әнге берсек.
----------------------------- орындауында тамаша әнді қабыл алыңыздар.

2 - жүргізуші:
Олай болса ендігі кезекті ситуациялық сұраққа берсек.
1. Сізді ақпанның 20 - жұлдызы күні сағат 15: 00 де болатын мектептегі студенттермен кездесу кешіне шақырды. Дәл осы уақытта мектепке кіре бергеніңізде алдыңыздан оқушы шығып, қолындағы шелектегі суын сіздің үстіңізге төгіп алды. Сіздің сол кездегі әрекетіңіз.
1 - жүргізуші:
2. Сіз бүгін ашық сабақ өткелі тұрсыз. Барлық сабақ тақырыбын интерактивті
тақтаға сақтап қойдыңыз. Сабақ басталар уақытта жарық өшіп қалды. Ашық
сабағыңызды қатысып отырған оқушылармен ата - аналарға қалай түсіндіресіз.
2 - жүргізуші:
3. Ертең сіз қиналатын пәннен мемлекеттік емтихан. Бірақта сіздің ең жақын
досыңыздың туылған күні. Барсаңыз емтиханға даярлығыңыз төмендейді. Бармасаңыз ең жақын досыңыз өкпелейді. Сіздің әрекетіңіз. 1 - жүргізуші:
4. Сіз жатақханада тұрасыз. Ертең демалысқа қарсы бәрі бөлмелерін кілттеп,
үйлеріне қайтып кетті. Баратын үйіңіз жоқ. Сіздің қарныңыз ашып, мазаңыз
кетті. Бөлмеде шайдан басқа тағам түрлері жоқ. Сіздің әрекетіңіз.
2 - жүргізуші:
5. Сіздің бірінші курста оқитын кезіңіз. Студенттердің сүйікті мерекесі 17 қараша күні болатын мерекеге қарсы отырыспа ұйымдастырылған. Соған үйіңіздегілерден 2 сағатқа сұранып келдіңіз. Бірақ келгеніңізге 2 жарым сағат болды. Сол кезде сыртқы есік ашылып, үйіңіздегілер айқайлап, сізді алып кетті. Достарыңыздың алдында қатты ұялдыңыз. Сіздің әрекетіңіз. 1 - жүргізуші:
6. Cіз Емтихан тапсыру үстіндесіз. Жақсы баға алу үшін мұғаліміңіз сізден ақша талап етті. Сіздің қалтаңызда еш ақша жоқ. Бірақ қасыңыздағылардың бәрі осы әрекетке көшіп, осылайша емтиханнан оңай құтылуда. Ал емтихан уақыты аяқталуға аз ғана уақыт қалды. Осы кездегі сіздің әрекетіңіз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
32 916
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Келешек мамандықтарды таңдау
Келешек мамандықтарды таңдау
Еліміздің экономикалық дамуы әлеуметтік ресурстарының көтерілуіне байланысты сондықтан экономикамыздың көтерілуі, одан ары дамуы әр маманның өндірісте өзінің жоғары кәсіби шеберлігін көтеруіне, жаңа технологияны меңгеруіне байланысты.
Мамандығым мақтанышым атты ашық тәрбие сағаты
Мамандығым мақтанышым атты ашық тәрбие сағаты
Білім алушыларды өз мамандық майталмандарымен кездестіре отырып, пікір алысуға, электромонтер мамандығына жүйелі көзқарас қалыптастыруға, электромонтер мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген
Мамандық таңдау сенің болашағың
Мамандық таңдау сенің болашағың
Мақсаты: оқушыларға болашақ мамандықты айқын да сенімді таңдауына бағыт беру. 1. Мамандық типтері, түрлері жайында мәліметтермен бөлісу, болашақ мамандықтар туралы ақпараттар алу;
Мамандық таңдаудағы алғашқы қадамдар
Мамандық таңдаудағы алғашқы қадамдар
БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы ОЖББМ Берманова Асель Салыққызы
Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!
Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қаракөл негізгі мектебінде директоры болып қызмет атқарамын және тарих пәні мұғалімі Ақсұлу Хайроллақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×