Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аяулы күз, Алтын күз - 2024

14 қазан 2024, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Аяулы күз, Алтын күз - 2024»
Мақсаты:
1. «Аяулы күз, Алтын күз - 2024» сайысына қатысушылардың арасынан күз ханшайымын және күз ханшасын анықтау. Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау.
2. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.
3. Ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Мерекелік безендіру: Күзге байланысты қабырға газеттері мен шарлар ілу, жапырақтар, жеміс - жидектер, көкөністер т. б.
Жүргізуші:
Армысыздар, мейірімді ата - аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап - сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған ата - бабаларымыз «Сабан той» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір мектепте осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып,«Аяулы күз, Алтын күз - 2024» мерекесімен құттықтаймын.

Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!
Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!
Бүгінгі біздің бағдарламамызда:
Келтіретін әрдайым сезім күйін,
Көресіздер қызықтың неше түрін
Әншінің анықтаған әнін естіп,
Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп.
Осылай бәрі - бәрі болып жатса,
Мақсатқа қалар едік біз де жетіп.

Сайыс бес бөліммен тұрады:
1. Кел танысайық
2. Өз өнерін көрсету
3. Қас - қағым сәт.(Күз мезгіліне қатысты сұрақтарға жауап беру)
4. Күзгі ханзада мен ханшайымы (күзгі сән үлгілерін көрсету.)
5. Күзгі сыйы.(Күзгі табиғи материалдан жасаған жұмыстарын көрсету) Жүргізуші:
Нағыз сары алтындай сары күз - қыркүйек айы. Ол - еңбек айы. Күз маусымының екінші ай – қазан. Бұл ай – мереке басы. Өйткені дихандар сабантой жасайды. Күздің соңғы айы - қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп - тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айырылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.
Күз мейрам құтты болсын баршаға, Күздің сәні келіп қапты ортаға. Әділқазы алқалармен таныстырып, Кетейінші осы отырған баршаңа,- дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.
Жүргізуші:
Біздерде ойын - сауық басталады,
Тамаша ән айтылып, би билейді.
Қошеметтеп қол соғып отырайық,
Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе - тең ғып
Еріксіз өзімізге қаратамыз - деп «Аяулы күз, Алтын күз - 2024» атты байқауымызға қатысатын үміткерлерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз. Бүгінгі балымыздың үміткер ханзадалары мен ханшайымдары.
Қош келдіңіз көрермен,
«Аяулы күз, Алтын күз» кешіне.
Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт - береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді» тойлаймыз.
Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, алдымен топтың қайсысы бірінші болып шығатынын анықтап алайық. Ол үшін жеребе тартса дейміз ханзадалар.
Жүргізуші: Құрметті көпшілік көрерменім,
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім.
Ақжол тілеп үкілі үміттерге,
Таныстыру шартына кезек бердім.

Ендеше бірінші шартымыз «Кел танысайық» үміткерлеріміздің өздерін таныстыруы. Олай болса, ардақты да, аяулы әділқазыларға жүгінейік.
«Кел танысайық» бөліміне бағасын берсеңіздер екен.

Атым - Манас болады сұрасаңыз,
Албан екен кешегі бір атамыз.
Әкем аты Қалижан асқар тауым,
Пана болып біздерге жүз жасаңыз!
Анашым Гүлсая Елемесеқызы,
Жүзінен төгілетін күннің нұры.
Атыңа кір келтірмей өтсем сенің,
Мойнымнан түсер ме екен перзент жүгі..!
Ұстазым - Гүлнұр апай аяулы адам,
Біздерден бар білгенін аямаған!
Осындай ұстаздардың арқасында,
Көпшіліктің көңілі тояр маған!
Көп айтып өз жайымды не қылайын,
Өнеріммен одан да таң қылайын!
Кішіге үлгі, үлкенге өнеге боп,
Сахнаның төрінде сән құрайын!

Армысыздар ұлағатты ұстаздар,
Бармысыздар жігерлі дос құрбылар.
Қарсыласым сәлем бердім бәріңе,
Бас иемін сәлем беріп иіле!
Тектіліктен жаралған қазағымның,
Ерекше дара туған қыздарыңмын.
Шуақ шашқан көктемнің шуағындай,
Айгул атты кішкентай қыздарыңмын.
Әділқазы алқалары бүгінгі,
Әр аруды бағалай біл өнерлі.
Қарсыласым баршаңызға сәттілік.
Достық деген арттырайық ұғымды.
Намысты Нұрқожа Ассалаумағалуйким ел ағайын,
Сөздің басы қашанда сәлемдескен.
Ұлымын Мейрамбектің Нұрқожа атым
Әжемнің ертегісін тыңдап өскен.
Оқимын бірінші сыныпта, руым көкек,

Бар Нұрлы, Айым атты бауырларым.
Арудай Айкүміс Армысың жиналған дана халқым,
Жақайыммын сақтаған елдің салтын.
Мансұр атты інімнің қамқоршысы,
Айкүмістің қызының Жасуланның.
Өнерлі Өркен. Азан айтып Өркен депті есімің,
Қонақтардан арылмайды есігім.
Үйімде ұйытқы болар берекем,
Атам менен әжемнің иесімін.
Арғы тегім Мырзахмет әулетім,
Үшқұдық шағын шаруа дәулетім.
Ал халайық келіп қалдым алдыңа,
Өнерімді сынамақшы алдыңда.
Қырықтың бірі қыдыр депті бабамыз,
Сиынарым әулие Бекет атамыз.
Дарынды Дариға Нұрсұлтанқызы Дариға,
Руым тобын қоянмын
Туған ауылым Үшқұдық
Барлығына аянмын!
Нысанбай атам, әжем Дина Папам мамам бәрі де.
Абыроймен осы ауылда Еңбек етер әлі де.
Сәлем берем ұстаздарға,
Сәлем берем бәріңе!
Алтын ұл мектебім,
Білім ұл мектебім,
Білім алып шаттанамын.
Жақсы оқып, тәртіпті топ
Би билеймін, мақтанамын! Сымбатты Сағыныш.
Ата - әжемнің қуанышы, қызығы - Атам - Сағыныш,
Нұрболаттың қызымын.
Мінезі ұяң, инаббатты
Отбасымның еркелеткен гүлімін
Үшқұдығым - туған жерім, кең далам
Өнер қуған өнегелі мен балаң
Уа, халайық, қарсы алыңыз қол соға
Саматова Сағынышың мен болам!
Айбынды Алишер. Жиналған қошеметке, уа, халайық
Сөзімізге жырдан алқа тағайық.
Сәлемдесу - ата салты қазақтың,
Алдыменен амандасып алайық.
Аруағы аунасыншы аталардың,
Бүгінге күн қабыл болғай аталардың.
Тілеуін қос баланың тілеп келген.
Арайланған Альмира.
Армысыздар, бармысыздар ағайындар,
Жарысқа келіп тұрған талайын бар.
Иіліп сәлем берем, әділ қазы,
Білінсін гүл - қыздардың ерке назы.
Жайнаған гүл бәйшешек жаздың кезі,
Құлпырған гүлдерменен жердің жүзі.
Әкем Қобдыбай, анам Лаззат Альмира деп қойған екен есімімді.
Жүргізуші: Асыл тастан, өнер жастан, Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашанда нанымды
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден.
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден. Ортада сайыскерлеріміздің «Өз өнерлерін»тамашалайық.
Енді әділ қазы алқаларына сөз береміз. Жүргізуші: Күз келді, хан мен ханшайым,
Өткізді күзгі бал айын.
Ағызар сөйлеп сөз майын,
Ал ханымыз ақылды.
Барша жұртты шақырды,
Би де билеп ән айтты.
Қуаныштан шалқыды.
Ханзадаларымыз бен ханшайымымызды өз өнерлерін көріп болсақ, үшінші бөлімі «Қас - қағым сәт».(Күз мезгіліне байланысты сұрақтарға жауап беру) кезек берейік.
«Жапырақ теру» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Алдарыңыздағы шашылған жапырақшалардағы сұрақтарға жауап беру. 1 - сұрақ: Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды? - Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшады. Адамдар, балалар жылы киінеді. 2 - сұрақ: Жұмбақ шешу. Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. Бұл не?
Жапырақ 3 - сұрақ: Күз мезгілі нешеге бөлінеді? - Ерте күз, алтын күз, қара күз. 4 - сұрақ: Күз айларын ата. - Қыркүйек, қазан, қараша. 5 - сұрақ: Жұмбақ шешу. Аспай піскен, қайнамай түскен.
- Жеміс. 6 - сұрақ: «Мақал - мәтелді жалғастыр»
1. Еңбек түбі --------------------
2. Еңбек етсең ерінбей -------------------- 7 - сұрақ: Бес жеміс - жидектерді атап беру. - Алма, алмұрт, жүзім, өрік, шабдалы. 8 - сұрақ: Бес көкөністерді атап беру. - Пияз, қызанақ, орамжамжапырақ, картоп, сәбіз.
Әділқазылар бағаларын берсе.
Мендібайбай Ақжүніс пен Бақытқали Ақниет орындауында Алтын күз тақпағы.
Дамылдап жатқан балғандай
Тоқтатты сулар тасуын.
Ағаштар алтын Жамбыдай
Шашады жерге шашуын.
Жүрексіз қоян безеді,
Жөңкілсе қаңбақ күздегі
Қиқулап көкте жүзеді,
Құстардың керуен тізбегі
Күйекте күйлі мал қанша.
Алтын күз, әсем айналам
Қараймын көзім талғанша.

Жүргізуші: Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен.
Күз сәні өнерімен ортаға шығып,
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен
- деп қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған «Күзгі ханзада мен ханшайымды» (күзгі сән үлгілерін көрсету) сән үлгісінде ортаға шақырамыз. Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.
Салмақты ұлдар мен сымбатты қыздарымыздың өз қолдарымен жасаған киім үлгілерін тамашалап болсақ, әділқазыларға сөз берсек. Жүргізуші: Көрсетеді өнер әр салада сайысып, Қимылдары жүргендей бір жай ұшып Мерекелік күзгі сыйды жасапты, Ұлдарымыз бен қыздарымыз бірлесіп. «Күз сыйы» бөлімінде қатысушыларымыз күзгі сыйдан өз шығармашылықтары бойынша дайындап әкелген туындыларымен таныстырсын. Олай болса, топтарымыздың өздері дайындаған табиғи материалдан әкелген жұмыстарын таныстырып өтсін. Жәнеде әділ қазылар алқасы да қарап бағалап жіберсе.

Жүргізуші: Білім - теңіз, мектепті кеме дейміз, Білім мен тәрбие егіз неге дейміз, Әдемі мен тәлімі үндесетін, Жастарды болашаққа жетелейміз. Жеңістер мен жеңілістен тұратын Өмір - күрес, жеткізе ме мұратын. Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің, Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын. Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар, Ойлы орта кеңейсін күннен - күнге Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- деп отырып бүгінгі «Аяулы күз, Алтын күз - 2024» байқауының нағыз ханзадасы мен ханшасын жариялау үшін ортаға құрметті әділқазылар алқасын шақырамыз. Құрметті көрермендер! Жемпаздарымызға биік шындарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз! Жеңісті күндерде кездескенше!!!!!!

Ақтөбе облысы, Алға ауданы,
Үшқұдық мектеп - бақшасының бастауыш класс мұғалімі
Мырзағұлова Гүлнұр Серікқызы
191 029
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алтын күз. Бүлдіршіндер арасында сайыс
Алтын күз. Бүлдіршіндер арасында сайыс
Қазақ халқы әрқашан қызды қадір тұтқан. «Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі» - демекші, «Алтын күз» сайысына қатысып отырған қыздарымыз бүгінгі жарыстың ажарын келтіріп, беделін биіктетсін деп, аруларымызды ортаға шақырайық.
Аяулы күз, алтын күз!
Аяулы күз, алтын күз!
Мұнда назар салайық Мерекесі халықтың Алтын күзге арналған Ертеңгілікті бастайық.
Алтын күз
Алтын күз
Алтын Күз сайысына қатысушылардың арасынан Күз ханшайымын және Күз ханшасын анықтау. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.
Берекелі Алтын күз!
Берекелі Алтын күз!
Армысыздар құрметті ата - аналар, барша қонақтар! Ортаңғы топ бүлдіршіндерінің «Берекелі Алтын күз!» атты мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Алтын күз
Алтын күз
Күз туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорларын дамыту. Балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау.
Алтын күз
Алтын күз
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл орта мектебіінің бастауыш әдіс бірлестігінің жетекшісі Молдағалиева Бақтыгүл Тыныштыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×