Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдептілік - асыл қасиет

25 сәуір 2014, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Әдептілік - асыл қасиет
Мақсаты:
1. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып әдеп әліппесін бойына дарыту.
2. Балаларды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету.
3. Ата - анаға мейірімді, туған жерге, айналадағы заттарға ұқыпты қарауға, мектеп мүліктерін сындырмауға баулу, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: Әдептілікке байланысты нақыл сөздер, мақал - мәтелдер, гүлдер, шарлар.
Кіріспе сөз: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Мектебімізде өткізіліп жатқан онкүндікке байланысты өзін - өзі тану пәні бойынша өткізілгелі отырған 4 «А»- сынып оқушыларының «Әдептілік - асыл қасиет» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Білер қазақ баласы
Сәлем - сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз
1 - оқушы:
Сәлеметсіз бе, ағай!- деп
- Сәлеметсіз бе, апай!- деп
- Есенсіз бе, әжей!- деп
- Амансыз ба, атай!- деп
Ұл - қыз сәлем береміз
Өнегелі өренбіз
«Жақсы сөз - жарым ырыс» дейді» халқымыз. Әр кезде оны естен шығармағанымыз дұрыс.
2 - оқушы:
Мектебімізге барғанда
Жолыққан бар жандарға
Ертемен ақ пейілмен
Қайырлы таң! Деймін мен.
Күндіз де елді елеймін
Қайырлы күн! тілеймін.
Үйге кешке келемін
Не дерімді білемін
Кеш жарық деп кіремін.
3 - оқушы
Келе жатсың оқудан
Көңілі бір кемеңгер
Көлеңкеде отырған
Көрші атаңа сәлем бер
4 - оқушы:
Бақ ішінде жатады
Тартылып жатыр асыл күй
Алма жиған атаңа
Қол қусырып басыңды и
5 - оқушы:
Көңілде тәтті үміт
Өзің барда жоғалмас
Қой қайырған ат мініп
Ағамен де амандас
Әдептілік ережелері:

1. Үйде, мектепте, көшеде «Сәлем», «Сәлеметсіз бе!», Қайырлы күн! деген
ізгі сөздерді ұмытпа
2. Жасы кішілер үлкендерге сәлем береді, ал ұл балалар қыздарға
амандасады.
3. Кітапханада, емханада немесе көшеде жөн сұрасаң, еппен басыңды иіп
сөйлес - бұл сәлемдесудің белгісі
Сүйіндік Айзада: «Бақытты балалық шақ» әні.
Не деу керек
6 - оқушы
Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді
Ең үлкенін жақсысын
Саған таңдап әперді.
Не деп барып жеу керек
«Рахмет апа» деу керек.
7 - оқушы:
Балалар жүр көшеде
Естіледі шу - айқай
Сен де шықтың көршіңді
Қағып кеттің байқамай
Мұндайда не деу керек,
«Кешіріңіз» деу керек
8 - оқушы:
Осы келген бетіңде
Допты қудық жарыстық
Көшенің сол шетінде
Кезікті бір танысың
Ұмыттың сен не деуді
«Сәлеметсіз бе»деу керек.
9 - оқушы:
Үй артында қоқысты
Жатқан көптен үйіліп
Тазалайды қарт кісі
Белі зорға иіліп
Не дегенің жөн еді
«Көмектесейін» деу керек
10 - оқушы:
Оқулықты мектебің
Берді саған теп - тегін
Білмейсің - ау сен бірақ
Қаншама еңбек кеткенін
Оқулықты құрметте
Күтіп ұста, кірлетпе
Ортаға екі оқушы шығады. Біреуі салақ, екіншісі жақсы, таза
Бұл бала қай бала Бай - бай
Батпаққа малынған
Ұят - ай балақай
Дейміз біз мазақтай
Көрінбе ешкімнің көзіне
Жүр енді сен бұлай Пай! Пай!
12 - оқушы:
Бұл бала қай бала Бай - бай
Қарашы үстіне, өзіне

Бір кіршік түсті ме көзіңе! Пай! Пай!
Тап - таза ақ қағаздай
Киімі мұнтаздай Пай! Пай!
Жарайсың балақай!
Дейміз біз мадақтай Пай! Пай!
13 - оқушы:
Қарамайтын айнаға
Мынау бала - қай бала?
Су тимеген көптен бір
Бет - ауызы неткен кір.
Жумаған соң жиі ысып
Шашы кеткен ұйысып
Алынбаған тырнағы
Сояудай боп тұрғаны
Кір - кір болған жағасы
Жейдесіне қарашы
Ақ көбікке салмай ма
Жуып - жуып алмай ма?
Қорқа ма әлде сабыннан
Қандай бала қағынған
Қарамай ма айнаға
Апыр - ау бұл қай бала?
Тазалықты білмей ме
Мұнтаздай боп жүрмей ме?
14 - оқушы:
Төсегінен тұрады
Шашын өзі тарайды
Таза ма деп бет - қолын
Айнаға да қарайды.
Сүйкімдісі - ақ баланың
Иірілген асықтай
Қағазы мен қаламын
Реттейді асықпай
Жайлап қана шетінен
Киімдерін киеді
Содан кейін тезінен
Мектебіне беттейді.
Бишілер тобы: «Ақбұлақ» биін билейді.
Мақал – мәтелдер
Балалар, енді сендер адамгершілікке, еңбекке, оқу - білімге, достыққа, ақылдылыққа, жақсы мен жаманға байланысты өзін - өзі тану пәнінен оқып - үйренген қандай мақал - мәтелдерді білесіңдер, соны тексеріп көрейік
1. Еңбек етсең ерінбей 2. Оқу - білім бұлағы
Тояды қарның тіленбей. Білім - өмір шырағы.
3. Ақыл - адам көрігі 4. Досы көпті жау алмайды
Ақылдың сабыр серігі Ақылы көпті дау алмайды.
4. Жақсы ата арман
Жақсы бала қорған.
- Балалар сендер «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген мақалға қалай
жауап берер едіңдер?
Бәрі: Аулақ жүріп жаман қылық әдеттен
Үйренеміз жақсы мінез әдеппен
«Әдеп» тақырыбында оқушылар көрініс көрсетеді.

Ізгілік, әдептілік, адамгершілік жөніндегі сұрақтар беріледі.
Мұғалім: Кітап түбі қырқылған
Күнделігі жыртылған
Сабаққа да самарқау
Қандай бала бұл тұрған (салақ бала)
Бұрылатын қызға да
Ұрынатын ұлға да
Төбелеспей жүрмейтін
Қандай бала - бұл бала? (сотқар бала)
Сабақ айта білмеген
Шақырмасаң жүрмеген
Кітап бетін ашпайтын
Баланы сен кім дер ең? (Жалқау бала)
Сыйлап үлкен ағаны
Сәлем берген баланы
Кім дейміз?
Әдепті екен бұл дейміз.
Кітап дәптер қаламы
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз?
Ұқыпты екен бұл дейміз
Таудай биік талабы
Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз
Үлгілі екен бұл дейміз.
Ойын: Күн шуағы
Тақтаға күн тәріздес дөңгелек сары қағаз ілінеді
Қағаздың ортасына мен деген сөз жазылады. Оқушылар қолдарындағы күннің шуағы тәрізді сары жолақтарға бойындағы жақсы қасиеттердің бірін жазып, тақтаға кезекпен іліп отырады. Тақтада жақсы құндылықтарға толы үлкен күн құрастырылады.
- Балалар, бәріміз бірігіп жақсы сөздерге толып, жарқыраған шуағы мейіріммен төгілген күн құрастырдық. Күн шуақтары бізге жылулық сыйлап тұр. Біз де сол күн сияқты достарымызға және өзімізге тек қана жылылық пен жақсылық сыйлайық.
Қорытынды:
7 876
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдептілік - әдемілік
Әдептілік - әдемілік
Оқушыларды кішіпейілдікке, үлкендерді сыйлауға, адам бойындағы ұнамды қасиеттерді сіңіріп, ұнамсыз қылықтардан жирену сезімін тудыру арқылы әдеп әліппесін бойларына дарыту.
Мейірімділік – асыл қасиет
Мейірімділік – асыл қасиет
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Байқоңыр ауылы, «№17 Байқоңыр орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Абдибекова Айгуль Жанкараевна
Әдептілік – адамдықтың белгісі
Әдептілік – адамдықтың белгісі
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №12 бастауыш мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Нуржанова Гулжан Аманжолқызы
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Исолдаева Мирамкүл
Әдемі сөз – әдептілік
Әдемі сөз – әдептілік
Қорғалжын ауданы, Дружба орта мектебі, мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Рахимжанова Әлия Шортанбайқызы
Әдептілік - тәрбие бастауы
Әдептілік - тәрбие бастауы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жанкелдин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Серикова Алма Төленқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×