Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәби

16 мам 2014, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты: «Сәби»
Мақсаты:
Оқушыларға сәби, нәресте, бөбек, бүлдіршін, балдырған, жеткіншек, жасөспірім, ұлан, бауыр туралы түсінік беру. Сәбиге байланысты нақыл сөздер, ырымдар, салт - дәстүрлер, отбасы туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекілігі: АКТ құрылғысы, оқушылардың сәби кезіндегі фото суреттері, көрініс
1 жүргізуші: Нұржігіт: Құрметті ұстаздар, ата аналар, оқушылар! Бүгінгі «Сәби» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
2 жүргізуші: Назира: Сәби - 1 - 5 жас аралығындағы әлі ес білмейтін балалар. Сәби – өмірдің гүлі, көз сүйініші, әке - шеше дәнекері, жас баланың жұпар иесі - көңілдің хошы, жанды жадыратар нұры. Сөзі - бал. қылығы - қуаныш, сүйсең - шәрбат. Сәбиге жұмақ есігі ашық. О дүниеде ата - ана қорғанышы, арашашысы және жеңілдік әперуші періште тектес пәк жаратылыс тобына жатады. Әбден қартайған қарттар мен қариялар да сәби тобына жатады.

Әлия: Шақалақ - айы. күні толмаған түсік.
Нұралы: Нәресте - жаңа туған жөргектегі сәби, кейде шарана деп те аталады.
Дастан: Бөбек - алты айдан асқан бесіктегі бала.
Сәбиді періште қорғайды.
Бала ханнан үлкен.
Ашамай нардан үлкен.
Бала тілі - бал.

Аяжан: Бүлдіршін 5 - 6 жастағы балалар сүйкімді әрі әлжуаз, қылығы қызықты болады. Бұларды қазақ ойын баласы деп те атайды. Олар әр нәрсеге еліккіш, білуге құмар, тілалғыш, елгезек болып өседі. Олай болса, осы жастағы балаларға дұрыс тәрбие берген жөн. Бүлдіршін деген атау негізінде түйенің ботасының бір атауы. Балаларын қозым, құлыным, ботам, тайлағым деп еркелететін, ерлерін нарым деп асқақтататын қазақ өз балаларын да кейін осылай атап кеткен.
Бала - өмірдің гүлі.
Бала - бақыт.

Азамат: Балдырған 7 - 10 жасқа келген, оң - солын танитын, мектеп қабырғасында
оқитын балалар. Бұлар жеңіл - желпі жұмыстарға немесе жұмсауға жарап қалған қолғанат, ата - ананың көңіл қуанышы, әрі алдағы күндердегі үміті.
Баланы жұмсағаның білінбейді.
Тайды мінгенің білінбейді.
Нұралы: Жеткіншек, жасөспірім – кәмелетке толмаған, ақыл есі кірген ұл мен қыздар. Олар өзінің алдындағы бойжеткендер мен бозбалаларға қарап, еліктеп өседі. Бұл жерде оларға жақсы үлгі, тәлім өте қажет Жасөспірімдерге тәрбие беру - әрі ұлттың. Әрі ата - ананың зор міндеті. Жеткіншек өседі, жетім жетеді.
Нұрдәулет: Ұлан. Жас жігіттер мен бозбаланы халық өсіп келе жатқан ұландар деген. Бұл негізінде Отанды қорғайтын сарбаздарға көбірек қолданады. Қазір сарбаздарды әскери шәкірттерді ұландар деп атайтынымыз сондықтан. Ұландар - ел қорғаны, жастық символы.
Ақыл - жас ұланнан, жүйрік тай - құланнан.
Қарлығаш: Бауыр. Ағайынды жігіттер мен қыздар өздерінен жасы кіші інілерін бауырым деп те атайды. Бауырлар өзінен үлкендерге қанша арқа сүйеп еркелесе, олардың аға – апалары да ерекше көзбен қарап, жақсысына сүйсініп, жаманына күйінеді, тілегін тілейді, ақыл – кеңес береді. Осыған орай бауыр да олар үшін өз қызметін аямайды. Аға – апалары ол үшін малын да, жанын да ортаға салады, отқа да күйеді, суға да түседі.

1 - жүргізуші: Сәбиге байланысты көптеген мынадай халықтың ырымдары бар:
Нұржігіт: - Сәбидің қырқынан шыққанда қарын шашын алмаса, қар, ысы қатты болады.
Азамат:- Сәби тоңқайып, екі аяғының астынан қараса, қонақ келеді.
Назира: - Сәби қолындағы заттарын шашу деп шашса, ол үйге көп кешікпей қонақ келеді
Қуандық:- Сәбиге көз тимес үшін бетіне күйе жағып қояды.
Ән « Шілдехана, бесік той»
1 - жүргізуші: Отбасы туралы мәлімет береді
2 - жүргізуші: Туыстар туралы мәлімет береді
Нұрдәулет: Ата.
Ата бізге келіңіз,
Дайын сізге төріміз.
Бай дастарқан басында
Батаңызды беріңіз.
Жүзіңізден әр таймай,
Жүз жасаңыз қартаймай.
Нұржігіт: Әже.
Әже келді алақай!
Әжеме кел, балақай!
Қолтығынан демейік,
Көрпе төсеп берейік.
Тынығып, әже, сергіңіз,
Ертек айтып беріңіз.
Сүйіп - сүйіп аламыз,
Сәзге бала боламыз.
Азамат: Ана.
Ана - біздің күніміз,
Ананың біз - гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз!
Әлия: Ана.
Ана - дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана - дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана - деген бәйтерегі өмірдің,
Ана - деген алтын қазық алтын бақ.
Ән: «Ананың тілі»
Қуандық: Әке.
Әке - күн, біліп ал:
Әкенің тілін ал,-
Деді ағам Мақұлбек
Қуандым мақұл деп

Ән: «Әкелер»

Дастан: Аға.
Қамқоршымыз ағамыз,
Сізден тәлім аламыз.
Бізбен бірге ойнаңыз,
Біз қуанып қаламыз.
Ән: «Ағаларым»
Қарлығаш: Әпке.
Күн мен айым -
Әпкетайым
Жұмсасаң,
Болам дайын.
Әлия: Іні.
Кіп-кішкентай інім бар,
Күлімдеген күнім бар.
Айналайын інімнен!
Айналайын күнімнен!
Аяжан: Сіңілі.
Әпкемнің сіңілісі
Алады үлгісін.
Әпкесі сол үшін,
Сүйеді сіңілісін.
Ән: «Асыл әкем»
Нұралы: Нағашы.
Анамның анасы,
Атасы, ағасы...
Бәрі де сүйікті,
Нағыз жұрт - нағашы.
Нұржігіт: Жиен.
Бек - атамның жиені,
Атам оны сүйеді.
Сәлем беріп атаға,
Жиені бас иеді.
Назира: Бөле.
Нұр екеуміз - бөлеміз,
Қатар өсіп келеміз.
Бірге туған анамыз,
Біз - туысқан баламыз.

1 жүргізуші: Қазақтың сәбиге байланысты мынадай салт - дәстүрлер бар.
Иткөйлек. Нұрдәулет
Қырқынан шығару. Аяжан
Бесікке салу. Назира
Тыштырма. Қарлығаш
Тілашар. Алия
Ашамай. Назира

2 - жүргізуші. Көптеген салт - дәстүр ішінен сіздерге «тұсаукесер» көрінісін тамашалаңыздар!
Тұсаукесер. Азамат
Көрініс көрсету.
Аяжан:
О, ата - ана!
Таянышы тірегі!
Бар бақытты бір басына тіледі.
Балаларым жақсы болсын деп қашанда
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегін
Азамат:
Әрбір сәби өмірге бақытты болу үшін келеді. Сәби ата - анасы қасында болып, анасының ақ сүтін тоя еміп, мейірімді алақанның жылуын, әкесінің асқар таудай қорғаны екенін сезініп өссе, ол бойына барлық асыл қасиетті жинаған парасатты азамат болып өседі.

1 - жүргізуші:
Дүниеде сәбидің шат күлкісіне жететін ештеңе жоқ. Өмірдің мәні де, сәні де баланың бақытымен өлшенеді. Сондықтан мемлекетіміз сендердің ашық аспан астында гүлдей жайнап жүрулеріне, заман талабына сапалы білім алуларына толықтай мүмкіндік жасап отыр.

2 - жүргізуші: Тыныштық баршамыздың ұранымыз,
Мәңгілік таусылмайтын жыр - әніміз
Арманның асқарына қанат қаққан
Бақытты бейбіт елдің ұланымыз
Хор: Жас дәуірдің түлегіміз
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата аналар, оқушылар! Бүгінгі «Сәби» атты топ жиынымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет!
7 451
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бір белестен өттіңдер
Бір белестен өттіңдер
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда, Мұндай күй болған сірә қаншаңызда Қол соғып, қошеметтеп шақырайық, «Балауса» шағын орталық түлектерін (Түлектер ортаға шығады музыка әуенімен)
Қош бол, әсем бақшамыз!
Қош бол, әсем бақшамыз!
Жақсылыққа құмармыз, Жақсы адам болып шығамыз Таза сәби жүректен, Қабылдаңыз мың алғыс!
Шілдехана, бесік той
Шілдехана, бесік той
Қызылорда облысы, Арал ауданы №62 орта мектебінің коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі: Ерғазиева Әсия Амангелдіқызы
Тыйым сөздер – тәрбие көзі
Тыйым сөздер – тәрбие көзі
№ 6 мектеп - интернат тәрбиешісі: Шынбергенова Мариям
Бастауышым бастамам, бізді алға бастаған
Бастауышым бастамам, бізді алға бастаған
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сазды елді мекені, №60 Ж. Түменбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Изкенова Маншук Боранбайқызы
Шілдехана, бесік той
Шілдехана, бесік той
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ж. Қалдығараев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Оразаева Айсұлу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×