Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ауғанстан - жүректегі жара

23 желтоқсан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Жезқазған қаласы,
№ 10 жалпы орта білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Ершаева Калдыгул Танатаровна

Тақырыбы: «Ауғанстан - жүректегі жара»
Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, Отанын сүюге, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу. Олардың достық, адамгершілік қасиеттерін, патриоттық
сезімдерін дамыту.
Түрі: кездесу

Жүргізу барысы
1 - жүргізуші: Армысыздар, ардагерлер лектегі,
Өмірлерің – ерлік - күрес мектебі!

2 - жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Өткенін ескермеген өшеді,
Өткенін қастерлеген өседі,- демекші,
Берер тәлімі мол тарихтың куәгерлері бүгін біздің ортамызда!

1 - жүргізуші: 1979 жылы 25 желтоқсанда Кеңес әскерлері Ауғаныстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Қазақстаннан ауған соғысына 22 000 адам қатысып, олардың 761 адам қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті. 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлері ауған жерінен біржолата шықты. Биыл 15 - ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 26 жыл толды. Бұл – аз уақыт емес.

2 - жүргізуші:
Ауғанстан, сен үшін жасын ғайып
Ажал болдың арманға жасымайық
Қос бүйірін таянып көнбіс күндер -
Аңырайды Жер - Ана шашын жайып
Мамыр тумай тасымас мейманасы
Адамзаттың атар таң кейуанасы -
Ауғанстан, қаралы Ауғанстан -
жиырмасыншы ғасырдың бей дауасы – дей келе Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 26 жыл толуына байланысты «Ауғанстан -
жүректегі жара» атты кездесуімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер

1 - жүргізуші Он жылға созылған бұл соғыстан елге қайтқан жауынгерлердің көбі мүгедек болып оралды, көпшілігі қаза тауып, хабар - ошарсыз кетті. Талайы жат жер топырағын құшты.
Ауған соғысының қасіреті кімдердің жүрегін жараламады десеңізші?! Азаматтық борышын атқаруға әскерге кетіп, табытпен оралғандары қаншама? Ауған соғысының аяқталғанына 26 жыл болса да, жүректегі соғыс жарасы әлі сыздап ауырады.
Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып бір минут үнсіздікпен еске алуларыңызды сұраймын. (1 минут үнсіздік)
- Рахмет сіздерге, отырыңыздар»!

1 - жүргізуші: Бұл соғысқа біздің қаламыздан да ондаған азаматтар
қатысты. Осындай қанды соғысты бастарынан өткерген қайсар да, батыл ағаларымыз бүгінгі кешіміздің қадірлі қонақтары
Біздің сыныбымызда оқитын Сараның әкесі Қаржасов Нұржан Сманұлы және Сабинаның ағасы Аманов Ақылбек Түсіпұлы

2 - жүргізуші: Құрметті ардагер ағалар! Сіздердің өмірлеріңіз – жеке бір адамның жер бетіндегі тіршілігі емес. Сіздердің өмірлеріңіз – Отан тарихымен, халық өмірімен бірігіп кеткен өшпес, өнегелі өмір. Сіздер қандай құрмет болса да соған лайықсыздар! Осындай ағаларымызды әрқашан қадір тұтып, бас иеміз.

1 - оқушы Еркебұлан
Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Болашаққа алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әрқашан,
Қайыспайтын қара нардай көтерер

2 - оқушы Сара
Жастығыңмен жауға аталдық оқ болып,
Әндететін кезің еді төс керіп.
Жаудың оғы сан мүшеңді төрт бөліп,
Кейбіреуің кеттің мүлде жоқ болып.

3 - оқушы Елнұр
Армысыздар, ауғандық жауынгерлер
Жырым бар жараланған, жаныңды емдер
Өлгендердің жәннатта болсын жаны
Тірілерің мың жаса дәуірлеңдер

4 - оқушы Мәди
Жалт ете қап оқ жаудан ұшқан
Сен құлаған көлбетіп таулы алыстан
Елестейсің көзіме қасірет боп
Қайғым да сен мәңгілік - Ауғанстан!

5 - оқушы Сабина
Білеміз, жас өседі, туады ерлер,
Қастерлеп, әке жолын қуады ерлер.
Тумайды, сіздерден соң, тумасын - ақ,
Соғыс деген сұм тажалға куәгерлер!

І жүргізуші: Аққулардай асыққан мөлдір көлге,
Сағыныштың азабын жеңдіңдер ме?
Тұңғиықтың түбінен шығып бүгін,
Туған жерге, ағалар, келдіңдер ме?
Құрметті ардагер ағалар бүгінгі кешіміздегі барлық ән – жырды бір өздеріңізге арнаймыз.
Мұқағали Мақатаев атындағы республикалық ән байқауының жеңімпазы
Әжібек Аяжан мен Қасымбекова Асылжанның орындауында « Есіңе мені алғайсың» әнін қабыл алыңыздар
Көркемсөз өнер шебері Шынбек Дилназ «Жездіде»

2 - жүргізуші
Айтса ертек көргендері
Табандары таймаған өрден кері
Сыңғырлап сыр шертеді жиындарда
Кеуде толы жарқырап ордендері
Бір сәт бүгінгі қонақтарымыз жайлы бейне материалға назар аударайық

1 - жүргізуші: Уақыт пен тарихтың мәңгі жадында қалған оқиғаларды өз басынан өткерген ағаларымыздың айтары да, бізге берер тәлімі де мол. Ендеше, сөз кезегі өздеріңізде, құрметті қонақтар!
(Ардагер ағалардың естелік әңгімелері тыңдалады)
* Құрметті ауған соғысының ардагерлері, осы соғыс туралы сіздерге қоятын оқушылардың бірнеше сұрақтары бар
•Ауған соғысына шақырылғанда неше жаста едіңіз, қанша жыл болдыңыз?
• Сіздермен бірге қазақ жауынгерлері болды ма?
• Сіздің Ауғанстанға аттанғаныңызды туған - туыстарыңыз білді ме?
• Ауған жерінде болғанда ауандықтардың қандай екенін байқадыңыз?
• Соғыстың алдында сіздерге жаттықтыру істерін жүргізді ме? Әлде қару беріп жібере салды ма?
• Жауынгерлік борыш барысында үй ішіңізбен жиі хабарласа алдыңыз ба?
• Төс белгіңіз жайлы айтсаңыз
• Адам жүрегіне жара, санасына ауыр салмақ салып, сұм соғысқа өз еркіңізбен бардыңыз ба?
• Соғысқа шыдамай өз - өзіне қол жұмсаған адамдар болды ма?
•Бейбіт өмірде өмір сүріп жатқан адамдарға тілегіңіз.

2 - жүргізуші
Қуанам адам болып туғаныма,
Ата жолын, дәстүрін қуғаныма,
Есімдері ескірмей жасай берер,
Ұрпақтары артында тұрғанында

Ән: Атамекен

1 - жүргізуші
Бүгінгі кешіміздің соңында сөз кезегін мектебіміздің директоры
Жолдыбаева Күлаш Рақымқызына береміз
Жаулардан қарсы келген жасқанбаған
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң - дей - отырып біздің бүгінгі қонақтарымызға арналған шағын сыйлығымызды беруге рұқсат етіңіздер

1 - жүргізуші
Құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «Ауғанстан - жүректегі жара» атты кешіміз өз мәресіне жетті.
Сіздердің алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп - көп рақмет. Сіздерге ашық аспан, өмірлеріңізге тыныштық, бақыт, денсаулық, жастарға патриоттық тәрбие беруде игілікті істеріңізге жеміс, табыс тілейміз.
6 197
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ауғанстан - жүректегі жара
Ауғанстан - жүректегі жара
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, №7 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Джетимекова Сауле Аскеровна
Қажетсіз соғыстың қасіреті
Қажетсіз соғыстың қасіреті
Физика пәні мұғалімі Тоқбергенов Қуат
Ерлікке әрқашан орын бар
Ерлікке әрқашан орын бар
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қоғалы ауылы, Панфилов атындағы орта мектеп дене шынықтыру пәні мұғалімі Джексембаев Аскар Айазбекович
Отанды қоғау – интернационалдық борышың
Отанды қоғау – интернационалдық борышың
Астана қаласы, «Медициналық колледж» МКҚК оқытушысы Абылкасымова Рысалды Абдиразаковна
Ауған ақиқаты
Ауған ақиқаты
Қызылорда қаласы, № 197 қазақ орта мектебі Жұмабекова Ұлбосын Ерғабылқызы
Ерлік ұрпаққа мұра
Ерлік ұрпаққа мұра
БҚО, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Л.Қылышев атындағы Шилі ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Бақтыгереева Алтынай Кәрімқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×