Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәрбие басы - тал бесік

24 қыркүйек 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәрбие басы - тал бесік»
Мақсаты:
• Ұлттық, дәстүр - салттар нәрінен сусындауына, тәлім - тәрбие, тағылымдарын адамгершілік қасиеттердің өнегелі үлгісі ретінде бойына еркін сіңіруіне мүмкіндік туғызу
• Қазақ халқының имамдылыққа бала тәрбиелеудегі тағылым сөздері мен өнегелерінің маңызын, мазмұнын, түрлерін игеру, білу, өмірде, өз ісіне қолдану

Көрнекі - құралдар: Көрнекті жерлерге халқымыздың өсиет сөздерімен, ақындардың жырларынан үзінділер жазылып, ілінеді. Мысалы: "Ұлы бар үйде, қуат бар, қызы бар үйде – шуақ бар», «Балаға көбінесе үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі ата - анасынан, екіншісі ұстазынан, үшіншісі құрбысынан», "Ұлттық тәрбиенің негізі – адамгершілік, еңбек тәрбиесі”, "Баланың білегі ауырса, ананың жүрегі ауырады", "Перзент көздің нұры, жүректің жыры", т. б.

Қатысушылар: Ата - аналар, ұстаздар, 9 сынып оқушылары
Тәрбие сағатының әдісі: Семинар - тренинг

Семинар - тренингтің жүру барысы:
Кіріспе
Елбасының Жарлығымен Қазақстанда жаңа мереке – отбасы күні атап өтіледі, «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер» туралы Жарлыққа өзгеріс енгізілуі нәтижесінде қыркүйектің екінші жексенбісі отбасы күні мерекесі болып белгіленді.
Отбасы – қасиетті құндылық. Адам баласына берілетін тәрбиенің ең негізгі тіні осы жерде қалыптасады. Талайды қанаттандырған киелі шаңырақ бұл. Сондықтан отбасы мерекесі күні белгіленуінің өзіндік маңызы бар.
Негізгі бөлім
І. «Ізгі қасиеттер» шеңбері
(Семинарға қатысушы оқушылар шеңбер бойына топ құрап, бір – бірінің ізгі қасиеттерін атаса, ата - аналар өз ұл-қыздарының ең ізгі қасиеттерін атайды)

Жылы сөзге сәби де мәз боп қалады,
Жылы сөзге қарт та мәз боп қалады.
Әр адамға бір жылы сөз – ізгі қасиет сөз айт,
Жабықпасын, жарқылдасын жанары.

Тек қана бүгін емес, жылдың әрбір минутында, әрбір сағатында, жанұяңызды ыстық ықыласыңыз бен шексіз махаббатыңызға бөлей жүріңіз, құрметті ата - аналар!

І. «Бала тәрбиесі» (Бейне ролик қарау, ой түю)
Күн келген бейбіт көгінде,
Ғажайып байтақ елімде.
"Балалы үй - базар" тегінде
Бақытың - бала - сенің де.
Бақыты - бала - оның да,
Бақытым - балам менің де.

ІІІ. Ұшқыр ой, ұтымды жауап Болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен жанұяда, ата - ананың ықпалымен қалыптасады.
Ақылға терең бойламай,
Базарлық жайлы ойламай,
Ажарың жайлы ойламай,
Балалар жайлы ойламай,
Болашақ жайлы ойламай,
Бақытты болу - қайда - ай.

Ата - аналарға сұрақ:
1. Абай атамыз былай деген екен: «Балаға көбінесе үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі ата - анасынан, екіншісі ұстазынан, үшіншісі құрбысынан». Ұлыңыздың, қызыңыздың достары және ұстазы жөнінде не білесіз? Олардың жақсы қасиеттерін және қызығушылығын атаңыз?
2. «Балаңа көңілің толмаса, кемшілікті өз басыңнан іздей бер» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіз?
3. «Үстемдік бар жерде еркіндік пен даму жоқ» - Бала тәрбиесінде қандай қағидаларды ұстанасыз?
4. «Жөн сөз – көңілді өсіреді, жөнсіз сөз – үмітіңді өшіреді» - демекші, отбасында әкенің «батырым», шешенің «құлыным» деген сөзін естіген балада жақсы сезім туып дамиды. Сіздің отбасында ұл - қыздарыңызға қолданатын жылы сөздерінің қандай? Мысалы: «Сәлеметсіз бе?», «Кешіріңіз», «Рахмет», «Сау болыңыз», «Сәлем айтыңыз», «Рұқсат па», «Ғафу өтінем»... т. с. с.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 663
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
8 - сыныбының жылдық тәрбие жоспары
8 - сыныбының жылдық тәрбие жоспары
Тәрбие тұжырымдамасының бағыттарын басшылыққа ала отырып жасалған 2019 - 2020 оқу жылының 8 - сыныбының жылдық тәрбие жоспары
Жылға арналған сынып сағатының жоспары
Жылға арналған сынып сағатының жоспары
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие Өлкенің тума таланты Қазақстанның халықаралық ұйымдармен байланысы
Тәрбие жұмысының жылдық жоспары 2019 - 2020 оқу жылы
Тәрбие жұмысының жылдық жоспары 2019 - 2020 оқу жылы
Тәрбие жұмысының жылдық жоспары 2019 - 2020 оқу жылы І жарты жылдық
Қазақстан татулық пен бірліктің Отаны
Қазақстан татулық пен бірліктің Отаны
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен мектеп - гимназиясы ағылшын тілі мұғалімі Раметулла З. М.
Бала болашағының негізі – ұлттық тәрбиеде
Бала болашағының негізі – ұлттық тәрбиеде
Алматы облысы, Алакөл ауданы, Жайпақ ауылы. Қабдығалиева Азия
Бастауыш сыныпта оқу – тәрбие үрдісі арқылы ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыру
Бастауыш сыныпта оқу – тәрбие үрдісі арқылы ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыру
Б. Нысанбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хамзина Нұргүл Жексенбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×