Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отаным - менің Қазақстан

06 қазан 2012, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,
Қарғалы ауылы, №241 орта мектептің
тарих пәні мұғалімі Құдиярова Зада

Тақырыбы: Отаным менің – Қазақстан
Мақсаты: Оқушылардың интеллектуалды білімдерін шыңдау. Отанымыздың басынан кешкен оқиғаларды, сан жылдар бойы еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен ұлы тұлғаларымыз туралы алған білімдерін анықтап, елін сүюге, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық сана, рухтық қасиеттерін қалыптастыру.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, тапсырмалар жазылған плакаттар
Сабақтың түрі: интеллектуалды ойын
Сабақтың әдісі: топтық сайыс

Сабақтың барысы:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен –
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отан дейміз кең – байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Қазақстан біздің сүйікті - Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар. Осының бәрі Алтай менен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп жасанып - жасарып жатыр.

«Отан отбасынан басталады» - деп халқымыз айтқандай Отан кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті – оның жарық дүниедегі жансаясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны.

Отанымызды сүйіп, аялау үшін еліміз, туған жеріміз оның тарихы, өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз қажет. Осы мақсатта 5 - сынып оқушыларының Отанымыздың тарихын қаншалықты меңгергендіктерін байқап көреміз.
Тауды биік деме сен
Талаптансаң шығарсың
Жауды мықты деме сен
Білімді болсаң жығарсың – дегендей бүгінгі «Отаным менің – Қазақстан» атты интеллектуалды ойынымызды бастайық.

Бұл білім сайысына 5 – сынып оқушылары қатысқалы отыр. Олар:
5 а – сыныбының «Алғырлар» тобы мен
5ә – сыныбының «Тапқырлар» тобы. Бұл білім сайысы 7 кезеңнен тұрады.
1 - кезең Топты таныстыру
2 - кезең Сергіту сәті
3 - кезең Жұмбақ жылдар
4 - кезең Жұмбақ оқиғалар
5 - кезең Жұмбақ кейіпкерлер
6 - кезең Тіл – өнер сайысы
7 – кезең Топ басшыларының сайысы
Әділқазы, аққазыға бір сәлем!
Әділдікке бас иеді бар әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл! – деп сайыскерлеріміздің білімін бағалау үшін әділқазы алқасын сайлап алайық.
Сәлемдесу – игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда
Жолданады сайыскерлер сәлемі.
Сонымен, сайысқа қатысушы топтар өз сәлемдерін жолдайды. Яғни
1 - кезең «Таныстыру» кезеңі. (5 ұпаймен бағаланады)

1. «Алғырлар» тобы.
2. «Тапқырлар» тобы.

Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер,
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер - дей келе сайысымыздың 2 - кезеңі «Сергіту сәтін» бастаймыз. Әр топқа 10 сұрақтан қойылады, әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

І. «Алғырлар» тобына:
1. Жас кезінде «Сабалақ» атанған хан (Абылай хан)
2. Ежелгі елдерді байланыстырған сауда байланысы (Ұлы Жібек жолы)
3. Халықтың әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін зерттейтін ғылым (Этнография)
4. Қазақстанның ең биік шыңы (Хан – Тәңірі)
5. Жаңа тас дәуірінің атауы (неолит)
6. Шоқанның шын аты (Мұхамедқанафия)
7. Ыстықкөлді ең алғаш картаға түсірген кім? (Шоқан Уәлиханов)
8. Ең алғаш қағаз қай елде пайда болды? (Қытайда)
9. Қазақтар кеңістікті не деп атаған? (Шартарап)
10. Шоқан Уәлихановтың қайтыс болған жері (Алтынемел)

2. «Тапқырлар» тобына:
1. «Дарабоз» атанған батыр (Қабанбай)
2. «Алтын адам» табылған жер (Есік қорғаны)
3. Абылайдың шын аты (Әбілмансұр)
4. Қырғыздардың атақты «Манас» жырын ең алғаш қағазға түсірген кім? ( Шоқан Уәлиханов)
5. Ежелгі тас дәуірінің атауы (палеолит)
6. Шоқан Уәлихановтың дүниеге келген жері (Құсмұрын)
7. Жер – су атауларын зерттейтін ғылым саласы (Топонимика)
8. Ең алғаш карталар қай елде жасалды? (Қытайда)
9. Ислам дінінің жыл санау үлгісі (Хижра)
10. Жер бетінде қанша этнос бар? (3000 - дай)

Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, білім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға, сол алда – деп келесі 3 - кезең «Жұмбақ жылдар» кезеңін бастаймыз. Мына екі плакатта тарихи оқиғалардың жылдары берілген. Сол жылдары қандай оқиғалар болды соны жанына жазасыңдар. Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл беріледі.

І. «Алғырлар» тобына:
1. Б. з. б. 530 ж ( Кир патшаның сақтарға қарсы жорығы)
2. 552 ж (Бумын қаған атағын алды)
3. 870 – 950 жж (Әл – Фарабидің өмір сүрген жылдары)
4. 1837 – 1847 жж (Кенесары бастаған көтеріліс)
5. 1858 – 1859 жж ( Шоқан Уәлихановтың Қашғарияға сапары)

2. «Тапқырлар» тобына:
1. Б. з. б. 55 ж (Ғұн мемлекетінің екіге бөлінуі)
2. 603 ж ( Түрік қағанаты екіге бөлінді)
3. 1771 – 1781 жж (Абылай ханның билік құрған жылдары)
4. 1836 – 1838 жж (Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс)
5. 1396 – 1404 жж (Қожа Ахмет Йасаудің басына кесене тұрғызылды)

Екі топ тапсырманы орындағанша мен сіздерге ертеде өз жерін қорғап қалған хан туралы аңыз айтып берейін. Ерте, ерте, ертеде біздің елді бір ақ көңіл, ақылды хан басқарыпты. Көрші қытай елімен тату тұрыпты. Сол себепті ол кедергі көрмей еліне сыйлы болыпты. Күндердің күнінде көрші елден атой салып елші келіпті.
«Уа, алдияр, мынау елдің хабары. Мұны естіп денем мұздап барады. Көршіңіз «Егер тату болам десе менімен, ең жүйрігін берсін!»- деп талап қойып отыр дейді. Өз елінің тыныштығын, тірлігін, екі елдің бірлігін қалаған хан, көп жүйріктің ішінен ойланбастан дүлдүлін таңдап береді. Бірақ, ханның бұл шешіміне билер ренжиді. «Жоқ, жоқ ештеңеге ренжімеңдер. Ел бірлігі жолында бір жүйрікті қидым. Байлықтан опа таппаймыз. Еліміз тыныш болса, бір жүйріктің орнына жүз жүйрік келеді»- деген екен ақылды хан. Арада біраз уақыт өткен соң көрші елден елші тағы келеді. «Уа, алдияр, көршіңіз менімен тату болам десе, сүйген жарын берсін»- дейді. Бұл хабарға хан өте қиналады. Өзінің туған әйелін қимай хан көп ойланады. Өз елінің тыныштығын ойлаған хан ақыры адал жарын көрші ханға сыйлапты... Ханның бұл шешіміне ел ішіндегі билер тағы наразы болады. Бірақ хан «айтқан сөздеріңе әрине, таласым жоқ. Егер тыныш болса елмен елдің арасы, адал, сұлу жар табылар шамасы» деген екен. Уақыт зымырап өтіп жатады. Бір күні көрші елден суық хабар тағы келіп жетеді.
«Уа, алдияр, көрші хан егер тыныштығын қаласа, қасиетті туып – өскен жерінің бір бөлігін кесіп берсін» дейді. Мұндай сұмдықты естімеген хан ашуға мінеді. Бұл қорлыққа шыдамаған хан ойланбастан шешім айтады. «Халқым менің! Қасиетті туған жердің топырағын, алтын кенін қорғау үшін көрші елге соғыс ашамын. Жиналыңдар бәрің де!» деп жарлық береді. Бұл жарлықты естіген билер «Ұлы әміршім, көрші хан жүйрігің мен жарыңды сұрағанда, ойланбастан беріп едің, асылыңды үн – түнсіз бергенде, шағын жеріңді қорғағаның қалай» дейді. «Менің жүйрігім мен жарымды көршіге үн – түнсіз бергенім, олар менің өз меншіктерім. Ал қасиетті жер – сонау ерте заманнан ата – бабаларымыздың кіндік қаны тамған, олардың найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған халықтың жері. Туған жеріміз менің меншігім емес, ол келешек ұрпақтікі, елімдікі. Қасиетті даламның бір бөлігін басқа елге бергенше, жерімді қорғап өлгенім артық» деген екен. Қасиетті ханның осы салмақты сөзі сол сәтте ел ішін аралап кетіпті. Міне содан бері біздің жеріміз атадан балаға мұра болып бізге жеткен екен. Міне, аңыз осылай аяқталады. Балалар, елін, жерін сүйген ата – бабаларымыз жерімізді ұрпағы үшін елін – жерін осылай қорғаған. Сендерге, көк теңбілді байрағымызды жоғары ұстаңдар! Еліңді, жеріңді әрқашан қорғаңдар демекпін.
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау – дегендей ендігі кезең «Жұмбақ оқиғалар». Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

І. «Алғырлар» тобына:
Бұл оқиғаның қазақ халқына тигізген зардабы, қайғы – қасіреті, аштығы мен қайыршылық халге душар етуі өте ауыр болды. Мың – мыңдаған адам қырылды немесе тұтқынға айдалып кетті. Жүздеген, мыңдаған ауыл қатты күйзеліске ұшырап, мал – мүлкі талан – таражға түсті, бір кезде гүлденген қалалар жау қолында қалып, аяусыз қиратылды. Қазақтар басынан кешірген сол ауыр қайғы қасіреттің символы «Елім - ай» атты зарлы жыры болды. («Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама»)

2. «Тапқырлар» тобына:
Бұл оқиға 1730 ж Балқаш көлінің оңтүстік – батыс жағындағы Итішпес Алакөл деген жерде болды. Оған қазақтың үш жүзінің жасақтары қатысты. Осы жерде қазақ жағынан Сабалақ (болашақ Абылай хан) Жоңғар жағынан Шырыш шығып, қазақ батыры жеңген. Мұның өзі қазақ жауынгерлерін арқаландырып, жігеріне жігер қосқан. Бұл шайқаста қазақтар жоңғарларға естерінен тандыра күшті соққы беріп, жеңіске жеткен. (Аңырақай шайқасы)

Ойын толқын жатқандай асып – тасып
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойынан өтеді ғұлама ойлар
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып - дей отырып келесі кезеңіміз «Жұмбақ кейіпкерлер» кезеңін бастаймыз. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

Толық нұсқасын жүктеу
24 692
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мәңгілік ел Мен өз Отанымның патриотымын тәрбие сағаты
Мәңгілік ел Мен өз Отанымның патриотымын тәрбие сағаты
Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана.
Мен өз Отанымның патриотымын!
Мен өз Отанымның патриотымын!
Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Мен өз Отанымның патриотымын
Мен өз Отанымның патриотымын
Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің.
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Оқушыларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.
Жаса, Қазақстан
Жаса, Қазақстан
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің тарих пәні мұғалімі. Ешбаева Кенжегүл Өтелбайқызы
Отаным деп жыр арнаймын
Отаным деп жыр арнаймын
Тақырыбы: Отаным деп жыр арнаймын.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×