Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Ер Төстік" ертегісінің сахналық қойылымы

03 желтоқсан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Ер Төстік» ертегісінің сахналық қойылымы
Би орындалады
Жүргізушілер сахнаға шығады
1 - жүргізуші; - Қайырлы күн, құрметті Ана тіліміздің мерекесіне жиналған қауым. Тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған 6 сынып оқушыларының мерекелік ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл мерекеміз елбасымыз «Н. Ә. Назарбаевтың 22 қыркүйек Тіл мерекесі күні болып атап өтілсін деген бастауын қолдап, мерекеге жиналып отырсыздар. Яғни 1997жылы 22 қыркүйек күні қабылданған Қазақстанның тіл туралы Заңында Республика халықтарының тілдерін қолдау мен дамыту құқығының негізі бекітілген.

2 - жүргізуші: Балалар құтты болсын тілің бүгін
Ашатын жан сарайын білімдерінің
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан
Тіліңе зер салыңдар бұрынғының.

1 - жүргізуші: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда.
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

2 - жүргізуші: Қазақ тілім өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім.

1 - жүргізуші;
Тілім, дінім, самғаған, шарықтасын
Самғаудан еш уақыт жалықпасын
Өз алдында өмірден теңдік алған
Ана тілім көгімде қалықтасын.

2 - жүргізуші; - Иә, осы дана тіліміздің сөздік қорын көбейтіп, мол ілім мен білімді ұрпақтан - ұрпаққа таратып жүрген ақын - жазушылармыз жетерлік.

1 - жүргізуші; Соның бірі ұлы Абай атамыз.
Құлақтан кіріп, бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге сырлы ой салар
Әнді сүйсең менше сүй - деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әсем әнге берейік

Ән: «Аяулы анашым»
Орындайтын:

Би: Өзбек биі

1 - жүргізуші: - Міне, оқушылар мен ұстаздар бүгінгі кезде Қазақстан Республикасының Тіл мерекесіне 16 жыл толыпты.

2 - жүргізуші; Бұл гүлденіп жайнаған
Гүлстандар Отаны!
Бірін - бірі сыйлаған
Туысқандар Отаны!
Бұл ғажайып мұратты
Халықтардың Отаны!
Алтын заман құратын
Алыптардың Отаны!
Сол алыптың бірімін -
Қазақстан, Отанымның ұлымын!
1 - жүргізуші: - Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, елі төрт түлікке бай, суы мөлдір, ауасы таза, табиғаты жанға дауа Қазақстан деген ұлан – байтақ шаһар болған екен.

2 - жүргізуші: - Біз осы елді мекендегі белгілі «Білімнен асқан жақұт жоқ, ұстаздан асқан бақыт жоқ»дегендей, бар ғұмырын бала тәрбиесіне сарп еткен, білім нәрін сепкен ұлағатты әз жүрек асыл жандары бар №163 орта мектебінің білім ордасына «Ертегі әлеміне» келіп қалған екенбіз.
- Сәлеметсіз бе, құрметті оқушылар мен қонақтар бүгінгі Қазақстан Республикасына Тіл мерекесіне арналған «Ертегілер елінде» сахналық қойылымды бастаймыз.

1 - жүргізуші: - Өткен күн таң - тамаша ертегі ғой,
Айтады ертегі сыр, ертегі ой.
Ертегі айтса аналар еліктіріп
Қияға қызықтырып ертеді ғой.
Ертегіде халықтың мұн - зары бар,
Орман, тау, өрмелейтін құздары бар.
Жамандықпен алысып, жауын жеңген
Халқымның ұлдары мен қыздары бар.

2 - жүргізуші: - Жаулармен алысып, жекелеген,
Батыр ма ел намысын өтемеген?!
Ертегімен халқымыз ертеңіне
Ұрпағын қызықтырып жетелеген.

Бірге: Кел, онда, ертегіні шертейік біз,
Қауымды мына келген елтейік біз.
Ертегі кейіпкерлерін шақырайық,
Келгендерді соңымыздан ертейік біз!

ЕРТӨСТІК
Әжесі мен немересі. Сахна пердесі ашылады.
Немересі: - Әже, әже, ертегі айтып берші
Әжесі: Е, балам, ертегі дейсің бе. Сен Ер Төстік ертегісін естігенсің бе?
Немересі:- Жоқ, әже
Әжесі: Естімесең мен саған соны айтып берейін. Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты. Төрт түлік малы сай болыпты. Қора толған қойлары болыпты. Келе - келе түйелері болыпты. Өріс толған жылқылары болыпты. Ерназардың сегіз ұлы болыпты. Бір жылы үлкен жұт болып, ел малын алысқа, отарға айдап кетіпті. Ерназардың сегіз ұлы да соның ішінде кетіпті. Бір қыстық азығын алып, кемпірі мен Ерназар үйінде қалыпты. Ерназардың сегіз ұлы сол кеткеннен хабарсыз кетеді, айлар өтеді, келмейді. Ерназардың азығы таусылады, ашығады, жейтін тамақ таппайды. Кемпірі екеуінің тұруға әлдері әрең - әрең келеді. Бір күні кешке жақын кемпірі төсегінен тұрып, үйінің түндігін ашады. Тұруға мұршасы келмей жатқан шал шаңыраққа қараса, шаңырақтың күлдіреуішінде керулі тұрған кер биенің төстігі көзіне түседі. Ерназар қуанып, есі шығады. – Кемпір, сүйінші! Кер биенің керулі тұрған төстігі майлы көрінеді, бол, жылдам асып жіберші, – дейді. Сөйтіп, бұлар төстікті қазанға салады. Төстікті асып жеп, шал мен кемпір әлденеді. Ұзамай кемпір жүкті болады. Мезгілі толып босанады. Бір ұл туады, оның атын төстік жеген соң біткен бала деп Төстік қояды. Төстік өзгеше бала боп өседі: бір айда бір жастағы баладай, екі айда екі жастағы баладай, үш айда үш жастағы баладай, бір жылда он бестегі жасөспірімдей болып, екі жасында алысқан кісілерін алып ұратын бала болады. Бір күні тарғақты Төстік ұстайын деп қуып жүреді. Сөйтіп жүргенде, тарғақ бір кемпірдің өрмегінің үстінен қарғып өтеді. Қуып келе жатқан Төстік те өрмектен секіреді. Сөйткенде Төстіктің бір бақайы өрмекті іліп кетеді. Өрмектің бірсыпыра жібі үзіліп қалады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 357
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ана тілім - байлығым
Ана тілім - байлығым
Балаларға ана тілі туралы түсінік беру, білімдерін жетілдіру. Мемлекеттік тілдің мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт – дәстүрі, діні мен тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.
Тіл мерекесі
Тіл мерекесі
Қазақ тілім өз тілім, ана тілім Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені Болашағым, бақытым дара тілім.
Тіл - біздің тірегіміз!
Тіл - біздің тірегіміз!
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Тілім менің тірлігімнің айғағы
Тілім менің тірлігімнің айғағы
«Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты тіл апталығының ашылу салтанатты шарасының СЦЕНАРИЙІ
Бала тілі бал
Бала тілі бал
Астана қаласы, №56 «Береке»балабақшасының қазақ тілі мұғалімі Б. Н. Алибекова
Ана тілі аруы (22 қыркүйек – тілдер күніне орай)
Ана тілі аруы (22 қыркүйек – тілдер күніне орай)
Қызылорда қаласы, Қармақшы ауданы, № 250 мектеп – лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Баймаханова Гүлнұр Мейрамбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×