Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тығырықтан жол тапқан

10 желтоқсан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Тығырықтан жол тапқан»
Мақсаты:
1. Отанға деген сүйіспеншілікке, ата - анаға деген жақсы көзқарасқа, бауырмалдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
2."Елбасы жолы" киноэпопеясының "Тығырықтан жол тапқан" фильмін талқылау, Елбасының өмір жолын баяндайтын жаңа киноэпопеяның тұсау кесілуі туралы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сан қырлы еңбек жолы барлық қазақстандықтарға үлгi болатындығы туралы.
Көрнекілігі: Слайд, бейнетаспа, тілек - ұсыныс парақшалар.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, талдау.
Мұғалім сөзі:
Астанада Тұңғыш Президент күнінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың шығармаларының желісімен түсірілген «Елбасы жолы» киноэпопеясының «Тығырықтан жол тапқан» фильмінің тұсаукесері өтті. Жетпісінші жылдардағы өмір жолын баяндайтын фильмді тамашалауға Елбасы да келді.
Кинода бір адамның өмір жолы арқылы бүкіл ұлттың тағдыры көрсетілген. Бір Назарбаевтың тұлғасы арқылы бүкіл қазақ тарихын, оның ішінде отарлық саясаттың желісін көрсетуі, сонымен қатар, тәрбиелік мәні, яғни, ата - анаға деген көзқарас, туған жерге деген махаббат – осының бәрін жіптің бойына тізіп, асқан шеберлікпен режиссердің көрсете алуы екінің бірінің қолынан келетін дүние емес
Дәстүрге деген Елбасының көзқарасын бүкіл ел біледі ғой. Домбыраның болуы, қолына бүркіт алып, тазы ертіп, аңшылыққа шыққан сәттер, осылайша тұлғаның бойындағы қасиеттерді әспеттеу арқылы ұлттық құндылыққа деген махаббатты оятатын детальдердің кинода болуы өте сәтті қадам деп ойлаймын.
Жақсы жағы мол, сәтті шыққан туынды екеніне күмән болмасын. Бұған қоса, нағашы атасының қанына сіңген мұсылманшылдығына дейін көрініп отыр. Дін дейсіз бе, дәстүр дейсіз бе, аңшылық дейсіз бе, дәуірдің тынысы дейсіз де – осының бәрінің көрсетілгені мені қуантты.

Негізгі бөлім:
«Тығырықтан жол тапқан» фильмі «Елбасы жолы» киноэпопеясының төртінші фильмі. Жаңа картина Мемлекет басшысы партком хатшысы болып сайланып, үлкен саясатқа енді араласа бастаған 1971 мен 1977 жылдар аралығын қамтиды. Бұл фильм Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт Көшбасшысына тән қасиеті қалыптасып, шыңдала түскен өмір жолының кезекті үзіндісі, жетпісінші жылдардағы үлкен портреті.

«Елбасы жолы» киноэпопеясының бұған дейін 3 бөлімі жарық көрді. Әрқайсысы әр кезеңді қамтиды. Елбасының 1971 - 1977 жылдар аралығындағы өмір кезеңдері көрініс тапқан бұл жолғы фильмде ауыр жағдайдағы Қазақстан металлургиясының жай - күйін көтеруге ұмтылып, үлкен саясатқа қадам басқан Назарбаевтың сол кездегі қызметі мен ішкі толғаныстары бейнеленген.
Басты рөлде ойнаған актер Нұрлан Әлімжанның айтуынша, Президентпен болған жеке кездесулер фильмдегі бейнесін ашуға сеп болған.

Нұрлан Әлімжан, актер
- Оқыған бөлек, өзіңнің зерттегенің бөлек. Режиссердің айтқаны бөлек, ал енді режиссеріммен бірге барып, сол өзімнің сомдайтын адамыммен тілдесу, өз аузынан оның өмірін есту ол мүлдем басқаша, жермен көктей. Ол кісінің пародиясын салуға немесе дауысын келтіруге тырысқан жоқпын мүлдем. Өз дауысым қалай солай сөйледім. Ал негізгі ол кісінің ішкі жан - дүниесіндегі отын беруге, ішкі оның арман - мақсатын беруге тырыстық. Өйткені барлығы адамның жанындағы ғой ішінде ғой.
2 489
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Елін сүйген Елбасы
Елін сүйген Елбасы
Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі - өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру.
Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы
Елбасының өмірімен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәлімет беру Шәкірт жүрегінде Елбасының елі үшін жасаған істерін үлгі өнеге ретінде айтып, Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу. Тәрбиелік: Елбасының өмір жолынан үлгі
Менің тұңғыш Президентім
Менің тұңғыш Президентім
Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру
Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны мен еңбек жолы
Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны мен еңбек жолы
Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны мен еңбек жолы 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке - шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.
Біздің тұңғыш Елбасы. Наш первый Президент
Біздің тұңғыш Елбасы. Наш первый Президент
Бастауыш сынып мұғалімі Окасова Гүлден Маликовна
Менің Президентім
Менің Президентім
Шалқар қаласы №6 орта мектебі Төреханова Г. – МАД «А» тобының мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×