Алтын бесігім - Жарма
Тақырыбы: Алтын бесігім – Жарма
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың туған жерге, өлкеге деген сүйіспеншілігін арттырып, еліне деген мақтаныш сезімін ояту. Туған ауылдың өткен тарихын біле отырып, қазіргі ауыл өмірін зерттеу және ауылдың болашағын оқушылар көзімен болжау.
Дамытушылық: Өлең, тақпақ, мақал - мәтелдер арқылы оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: Туған өлкесінің, жерінің табиғатын қорғауға баулу. Үлкендер еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың туған жерге, туған ауылға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін тәрбиелеу, эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Көрнекіліктер: суреттер, слайд, мақал - мәтелдер жазылған плакат, буклет
Сабақтың түрі: кездесу
І. Кіріспе
- Армысыздар, қонақтар, ұстаздар, оқушылар! «Алтын бесігім - Жарма» атты Жарма ауданының 85 - жылдық мерейтойына арналған кешімізге қош келіпсіздер!
Бүгінгі біздің кешімізге Жарма ауданының құрметті азаматы, ауданымыздың көркеюіне үлес қосқан азаматтарымыздың бірі Сатпеков Әлкеш Өкрешұлы келіп отыр.
- Балалар алдарындағы О, А, Н, Т әріптерінен қандай сөз құрастыруға болады.
- Жақсы Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен -
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ, өз үйіңнен басталады..
- Біздің кішкене Отанымыз Жарма ауданына биыл 85 - жыл.
Кіндік қаның тамып, туып - өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Дулығалы ата - бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиісті.
Туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде молынан кездеседі. Бұдан біз әр халықтың туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейтінін байқағандаймыз. Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен - ақ сіңіруге ұмтылатындығын туған жер жайлы мақал - мәтелдерден, аңыз әңгімелерден, батырлар жырынан көреміз. «Ит тойған жеріне, ер – туған жеріне» немесе «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп ерекшелеп көрсетеді. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын.
Егеулі найза қолға алып, еңку - еңку жер шалып, ел қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту – бәрімізге парыз.
- Ендігі сөз кезегі өздеріңде, балалар
1. Туған жер ыстықсың ғой сен маған,
Қарап саған мен ойланып толғанам.
Сенен асқақ сұлу ғажап жер бар ма,
Бұлақ ағып, бұлбұлдары сайраған.
2. Жолаушылап келген адам еліме,
Көзі түсер шалқып жатқан көліме,
Шомылып оның мөлдір тұнық суына,
Риза болып қайтар туған еліне.
Бұл Жарма аты шыққан үлкен адам,
Жері бай, қары қалың, шөбі қаудан.
Бір жағы қарт Семейге жақын барып
Бір жағы алтын кені Алтай таудан.
Аймақта жер жанаты Жарма екен,
Жармадай жерұйық жер бар ма екен.
Толғанда Жарма бүгін 85 - ке,
Жақсы ісін алға қойып мақтан етем.
Самал тау, сырнайлы өзен, арнам менің,
Ауданым, аты әйгілі Жармам менің.
Кәсібім - қара кенім, алуан менің,
Кен қазып, мал өсіріп, егін еккен.
Қаншама қиындықты бастан кештің,
Атыңнан айналайын Жарма өлкем.
Сонда да бас имедің ешкімге сен,
Өзіңдей жер табылмас өте көркем.
Жарма, Жарма, Жарма
Сенен артық жер бар ма?!
Өзіңде туып өскем.
Сыр сандығын бөліскем.
Сылдырлап аққан өзенің,
Сыңғырлап күлген арудай.
Қойнауың толған, байлығың,
Қасиетіңді асырып тұрғандай.
Табиғатың тамаша, қандай ғажап,
Сұлулығыңа еліктетіп аласың баурап.
Алдымда әсем гүл тұрғандай жайнап,
Қызығамын мен саған күнде қарап.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Жаңалықтар
Ауылым – алтын бесігім!
Ауылым – алтын бесігім, Халқыңның сенде несібі. Ашық болсын әрдайым Кең далаңның есігі!
Ауылым алтын бесігім
Туған жер - адам өмірімен тікелей байланысты. Менің отаным Қазақстан Республикасы. Сол мемлекеттің ішінде Шымкент қаласы, Абай ауданы, Ақтас елді мекенінде мен дүниеге келдім. Балалық шағым туған ауыл көшелерінде алаңсыз ойнап өсумен өтіп жатыр.
"Туған өлкем" Өтебай Тұрманжанов
Отан, туған жер, туған тіл жайлы түсініктерін, оның табиғатының әсемдігі, байлығы жайлы түсініктерін тереңдету. Ө. Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңін оқу, мағынасын түсіндіру.
Маңғыстау экологиясы
Жаңа әдіс тәсілдер: Топтық жұмыс, «диалогтік оқыту, "миға шабуыл" сұрақтары, СТОү, итерак. тақта, слайд, постер мен жұмыс, тез шапшаң» тапсырмасы. Сергіту сәті. қайталау.
Туған жердің киесі
Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Изобильный аулының орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Даирова Ғалия Жетпісқызы
Ауылым-алтын бесігім
«Ауыл» деген сөзді естіген де менің өн бойымда қуаныш кернейді. Өйткені ауылдың ауасы таза, суы тұнық, шөбі көк майса болады. Ауылда төрт түлік мал ұстағандықтан ақ (май, ірімшік, сүт, сүзбе, айран,шұбат, құрт т.б.) мол. Ауылда менің әжем мен атам
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.